АЛ ИІНДІК
. ХVІ ғасыр жырауы Доспамбеттің:
Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз
Арғымақтың талдай мойнын талдырып,
Үйде қалған арудың
Ал иіндігін
аудырып, –
деген өлең жолдары бар. Мұндағы бұл күнде қолданылмайтын
ал
иіндік
тіркесі нені білдіреді? Қазіргі де, бұрынғы да қазақ тіліне
қатысты сөздіктерде тіркелмеген.
Ел/ал/ елк/еліг
деген сөздің ерте-
де және өзге түркі тілдерінде «қол» деген мағынаны білдіретін сөз
екендігі мәлім.
Ел/ал
негізінен «қол» мағынасында оғыз тобындағы
тілдерге тән.
Иін/иіндік
сөздері «иық» деп түсіндіріледі. Сірә,
ал
иіндік / ел иіндік
тіркесі «иықтан саусаққа дейінгі тұтас қол» деген
жиынтық атау болса керек. Сонда жырау батыр Доспамбет жары-
ның (аруының) құшақтаған қолын аударып тастап жорықта, дала-
да (жазыда) көп жортқан екенбіз деп тұр, бұл тіркес негізінен ХV-
ХVІ ғасырда жасап өткен ноғайлы-қазақ ақын-жыраулары тілінде
кездеседі.
АЛА, АЛАША АТ
. Түркі тілдерінің осы күнгі сөздіктерінде
ала
сөзінің «ат, жылқы» мағынасы көп көрсетілмейді, өзге де сындық
28
мағыналарымен қатар, жылқының түсін білдіретіндігі айтылады.
Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігінде де, қазақша-орысша
сөздіктерінде де
ала
дегеннің «ат» мағынасы көрсетілмейді. Тек 10
томдық түсіндірме сөздіктің I томында
ала
сөзінің 2-мағынасы көне,
ол «жылқы ішінде көрнекті, жүйрік ат» деген мағынасын танытады.
Шынында да, қазақтың эпостық жырлары мен өткен ғасырлардағы
ақын-жырауларының мұраларында
ала
сөзі «ат», оның ішінде «аз-
бан» ұғымында жиі кездеседі. Мысалы, «Алпамыс», «Қобыланды»
жырларында:
Ерлер мінер
алаға
,
Көңілім толды санаға,..
Мінген аты
ала
еді,
Қылшық жүнді қара еді...
Махамбетте:
Міне алмаған
алаға-ай
...
Ала
сөзі, біздіңше, бұл мысалдарда жалпы «ат» (мейлі «көрнекті,
жүйрік» болсын) дегенді емес, «азбан» дегенді білдіреді. Кейбір
түркі тілдері сөздіктері
алаша
(
ала
) деген сөзді орысша
мерин
деп
көрсетеді. Ал орыс тіліндегі
мерин
сөзі, Ушаков сөздігінің беруіне
қарағанда, қалмақтың
мөрін
сөзінен алынған:
мерин
– ақтатылған
айғыр (Ушаков, II, 186).
Ала
сөзі түркі тілдерінің қыпшақ тобында
алаша
вариантында
жиірек қолданылған. Татар тілінде
алаша
-деген жолдарды оқимыз.
Тіпті бұл жердегі
алғаным
сөзінде тәуелдік мағына жойылып кет-
кенге ұқсайды, сөз осы тұлғада «қосақ, жар, әйелі, күйеуі» дегенге
меңзейді.
Алаша аттың басы деп,
Қалмақты ердің қасы деп, –
деген жолдарда Тарғын батыр жекпе-жекке шығатын қалмақтың
«алты құлаш ала аты» алаша ат деп те аталады. Алаша вариан-
ты Түрікменстан қазақтары тілінде түйенің будан тұқымын атауға
жұмсалады (Диал. сөздік, 24).
Сірә, «азбан» мағынасындағы ала сөзі – халық поэзиясында күшті,
мықты жылқының символы, өйткені азбан – үйірге түсіп жүрген,
яғни әбден есейіп, күш жиған еркек малдың ақтатылған кездегісі.
Оның мықтылығы сондай – ол «ертеңнен шапса, кешке озған, ылди-
дан шапса, төске озған томаға көзді қасқа азбан» болып суреттеледі.
Сондықтан да батырлардың мінген мықты аты ала (азбан) болады.
Батыр өзінің күш-қайратын танытқысы келгенде, «жылқы ішінде
аламын» дейтіні де осыны дәлелдейді.
Азбан
мен
ала
сөздері – си-
29
нонимдер, бірақ поэзия тілінде жылқыға қатысты тұстарда жиірек
қолданылатыны ала варианты болғанға ұқсайды. Өйткені
азбан
сөзі
тек жылқыға емес, ақтатылған қошқарға, бұқаға да қатысты айтыла-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: |