30
Қазіргі түрік тіліндегі «жаналғыш (орысша палач)» мағынасын-
дағы
алашы
сөзі де, XVIII-XIX ғасырлардағы
қарақалпақ шайыр-
ларының тілінде кездесетін «жаугершілік, қиыншылық» мәніндегі
аласат
сөзі де, қазақ тілінің жергілікті сөзі ретінде келетін «аласапы-
ран, бүлік, бүлдіру» мағынасындағы
аласат, аласат салу
сөздері де,
Түрікменстан қазақтары мен Сыр бойы қазақтары «алай-түлей, ала-
сапыран, дүрлігу» мағынасында қолданатын
алағай-бұлағай
сөздері
де бір төркіндес. Ала
қырғын, ала сапыран, ала топалаң
тіркестерін-
дегі «бүліншілік»
ұғымын бұлардағы
ала
компоненті айқындай
түседі.
Демек, ертеректегі қазақ тілінде кездесетін
ала балта
– жай балта
емес, соғыс құралы, ұрыс балтасы, «кісі өлтіретін балта».
Ала
сөзінің
«соғыс» ұрыс» мағынасына қатысты
қолданылған және бір тұсы,
біздіңше,
ала берен, ала ту
тіркестерінде келгені.
Берен – сауыт, ала
берен
– ұрыс киімі. Сәкен Сейфуллин Құлет ақынның Қарқаралымен
қоштасқан бір толғауынан келтірген тексте:
Әкем күйеу болған жер,
Шешем
бір келін болған жер,
Ақ бүркеншік салынып,
Ала берен
киген жер, –
деген жолдар бар (С. Сейфуллин, VI, 132). Мұндағы ақ бүркеншік
салынған – шешесі,
ала берен
киген – әкесі. Бұл жердегі
ала
– сөз жоқ,
түс атауы емес. Сол сияқты
ала ту
деген тіркес о баста тудың түсіне
қатысты емес, «ұрыста ұстайтын ту» деген ұғымда туған тәрізді. Ол
ала тудың түсі жасыл, ақ, көк т.б. болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: