27
жасқанбау» мағынасын беретін тіркес ретінде қалыптасқан бо-
лар. Бұл сияқты құрамында түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер
сақталып қалған, «еншісі бөлінбеген» сірі тіркестер қазақ тілінде аз
кездеспейді.
АЙЫП-ШАМЫ ЖОҚ
. Мұндағы
айып
сөзі түсінікті, ол араб сөзі
болғанымен, қазақ тіліне өте ертеде еніп, мағынасы тұрақталған, ту-
ынды тұлғалар жасайтын түбір сөзге айналған.
Шам
түркі тілдеріне
қытай тілінен енген сөз болу керек деген болжам бар. Көне түркі
тілдерінде
шам
сөзі жеке келіп, «дау, талас» дегенді білдірген (ДС,
137). Бұдан туған
чамла
- «таласу, дауласу»,
чамлық
«дау-дамай, та-
лас»,
чамсыз
«дау-дамайсыз, талассыз» деген сөздер де бар. Сірә,
тіліміздегі «ар, ұят, намыс» мағынасындағы
шам
сөзі және одан
туындаған
шамына тию
,
шамдану, шамкес, шамырқану
сөздерінің
түп негізі көне түркілерден келе жатқан
шам
болуы мүмкін. Бұл
күнде
шамына тию, шамдану
сөздерінің мағынасы «ар, намыс»
дегендерге қатысты деп ойлағанымызбен, ар-намысқа тиюдің де
негізінде «дау-талас туғызу» ұғымы жататынын сеземіз. Әрине,
шам
сөзін қазақ тіліне қытай тілінен тікелей енген деп танымай, көне түркі
тілдеріндегі қолданыстан келе жатқан тұлға деп қарау жөн.
Достарыңызбен бөлісу: