Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет196/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

қу толағай бастанбай
деген тіркесін іздестіре бастағанда, бұл сөз 
осы тіркесте және тек Махамбетте ғана бар сөз екен деп ойлаған 
едім. Өйткені сол кезде өзім оқыған «Алпамыс батыр», «Қобыланды 
батыр», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», 
«Айман-Шолпан» жырларында 
толағай
сөзін кездестірмедім. Кейін 
келе, ауыз әдебиетінің өзге де жырларын оқып отырып, «Ер Қосай» 
деген жырдан таптым. Қосай батыр: «Ер-тоқымын жастанып, 
Қу 
толағай бастанып
, Сол бұлақтың басында Үш күн, үш түн жатады». 
Демек, бұл сөз тіркес құрамында (
қу толағай бастану
) поэтикалық 
бейне (образ) ретінде өзге жырларда да қолданылған екен деп түйіп 
жүрсем, 
толағай
сөзі тағы кездесті. Оны XIX ғасырдағы орыс 
ғалымы Н.Ф.Катанов жинап жариялаған қазақ мақал-мәтелдері ба-
9
«Сөздер сөйлейді» деген еңбегіміздің жазыла бастағанына 40-50 жылдай 
болыпты, ол әрі қарай толықтырылып, жарық көріп отыр және келесі басылымына да 
біраз материалдар жиналып келеді.


310
сылымынан көрдім: «Құдайдан іздегенім қолаң қара шашты еді, 
Құдайдың өзі қосты 
қу толағай бастыны
» деген мәтел бар екен. 
Бұдан келе, XVІІІ-ХІХ ғасыр ақындарының туындыларын мұқият 
қарап отырып, XVIII ғасырда Көкшетау маңында жасап өткен Шал 
Құлекеұлының бір толғауынан: «
Тау толағай
көрінер тасы кетсе» 
деген өлең жолын, XIX ғасырда Аягөз маңында өмір сүрген Дулат 
Бабатайұлынан: «Төрт түлікке толтырды 
Толағай
тұлдыр қыратты» 
деген жолдарды кездестірдім. Соңғы екі мысалда 
толағай
сөзі 
қу
компонентінсіз жеке қолданылған. Бәрінде де мағынасын адамның, 
таудың, қыраттың «тақыр басы, жалаңаш басы» деп топшылауға бо-
лады. Демек, 
толағай
сөзі бұрыннан тек батыс аймағында емес, қазақ 
даласының барлық өлкесінде қолданылған сөз екенін жиналған біраз 
материалдар көрсетіп тұр.
Дәл осындай құбылысты 
сой
сөзінің түптөркіні мен мән-мағына-
сын іздестіру барысында да көрдім. 
Сой
сөзін диалектолог маман-
дар Қазақстанның батыс өлкесіне, Түрікмен қазақтарына тән жергі-
лікті сөз деп анықтайды. Бұл сөз әсіресе ноғайлық циклдегі эпостық 
жырларда да, батыс өлкесінде жасап өткен ақын-жыраулардың 
өлең-толғауларында да кездеседі. Бұл күнде 
сой
сөзі – «тұқым, тек, 
нәсіл» мағынасында тек батыс облыстары тұрғындарының тілінде 
сақталған диалектизм. Ал 
сой
сөзін тек қана жергілікті сөз емес, 
ертеректен сақталған ескі сөз деп табамыз, өйткені бұл сөзді қазақ 
даласының қиыр оңтүстік-шығысынан да таптық. Аягөз маңында 
өмір кешкен Дулат Бабатайұлы (XIX ғасырдың орта тұсы): «Алал 
сойымен
емес, Пірдің сөзін тұтынған», – дейді. Сондай-ақ Абайдың 
баласы – Ақылбайдың «Зұлыс» деген поэмасында кемедегі кісілердің 
біреуін суреттегенде «Үлбіреген ақ тәнді, көзі көкшіл, Неғылса 
ол да жақсы адам 
сойлы
», – дейді. Демек 
сойлы адам
тіркесін 
Ақылбай батыс ақындарынан алған жоқ (Ақылбай түгіл, Абайдың 
өзі қазақ даласының батысында жырлап өткен ақын-жыраулардың 
жақсы білмегені айтылып жүр ғой). 
Сой
-дың – оғыз тілдеріне тән 
мағынасы – «ата тек, нәсіл». Ал қазақтың батырлар жырларындағы 
сой
сөзін ноғайлы-қазақ одағы кезінен сақталған ескіліктердің бірі 
деп табамыз. Бұл сияқты жеке сөздер оғыз-қыпшақ тайпалары ара-
ласа өмір сүрген орта ғасырлардан (XI-XIII ғасырлар) келе жатқан 
ауыс-түйістердің сарқыншағы болу керек (мысалы, 
ету, қылу
деген 
көмекші етістіктердің бір синонимі оғыз тайпалары тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет