Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


ҚАДЫРҒАЛИ БИДІҢ «ЖАМИ’АТ-ТАУАРИХ»



Pdf көрінісі
бет201/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ҚАДЫРҒАЛИ БИДІҢ «ЖАМИ’АТ-ТАУАРИХ» 
АТТЫ ЖЫЛНАМАСЫНДАҒЫ ЕСКІЛІКТЕР
Қазақтың тарақ таңбалы жалайыр руының беделді биі – Қадырғали 
Қосымұлы XVI ғасырдың соңғы жылдары мен XVII ғасырдың нақ 
басында (1602 ж.) жылнама етіп жазып қалдырған қолжазбасының 
бір көшірмесі Татарстан жерінен табылып, ғылым-таным дүниесіне 
танылды. Орыстың, қазақтың, татардың акад. Ф.Х.Френ, проф. 
И.Н.Березин, проф. В.В.Вельяминов-Зернов, Шоқан Уәлиханов, 
А.Рахим (А.Ш.Абдрахимов), И.Халфин сияқты ғалымдары мен 
шығыстанушылары қолжазба мәтінімен танысып, оның мазмұнын, 
жазылу себебін, деректік мәнін, ішінара тілін сөз ете бастайды. Түркі 
халықтарының қайсысының мәдени мұрасы екендігі, авторының 
білім алған ортасы, кім екендігі де арнайы әңгіме өзегіне айнала-
ды. Қолжазба мәтіні алғаш рет 1854 жылы баспа жүзін көреді. Оны 
орыстың белгілі түркітанушы ғалымы И.Н.Березин «Библиотека вос-
точных историков» деген циклмен шығатын жылнамалар жинағында 
(т. II, ч. I) Қазанда басып шығарады. Қолжазба еш өзгеріссіз, араб 
жазуымен хатқа түскен түрінде жарияланады. Ол мәтінді біз 135 
жылдан соң қазіргі кириллица жазуына транцкрипциялап (көшіріп), 
екі рет жарияладық (қара: Сыздыкова Р.Г. Язык «Жами’ ат-тауарих» 
Жалаири. - Алма-Ата: Наука, 1989).
Жылнама қазақтың Тәуекел ханының немере інісі – Оразмұхам-
медтің Шыңғыс ханнан келе жатқан ата тегінің тарихын баяндай-
ды. Ол үшін XIV ғасырда парсы тілінде жазылған Рашид ад-диннің 
«Жами’ ат-тауарих» атты еңбегінің Шыңғыс хан тарихына қатысты 
тарауларын түркі тіліне өзінше аударып пайдаланады. Өз еңбегін 


319
орыс патшалығының әміршісі – Борис Годуновқа арналған «Мадақ 
сөзі» мен Қазан, Қырым хандықтары тарихына және Оразмұхаммедке 
арналған тарауларын өз білгенінше өз авторлығымен ұсынады. 
Бізден бұрынғы зерттеушілердің, әсіресе Шоқан Уәлихановтың 
дұрыс танығанындай, Қадырғали өз жылнамасын сол кезеңнің 
түркі мәдениеті үшін міндетті түрде қолданылатын жазба дәстүрі 
ортаазиялық түркі жазба тілінде, яғни «шағатай тілінде» жазады, 
бірақ көп тұстарында автордың қазақ екендігі, кей-кейде қазақтың ше-
шен билерінше бейнелеп көсіліп жазғандығы көрініп тұрады. Демек, 
біз зерттей келе, Қадырғали бидің «Жами’ ат тауарихын» (жылнамаға 
бұл атты орыс ғалымдары шартты түрде ұсынған болатын, өйткені 
оның көп бөлігі Рашид ад-диннің «Жами’ ат-тауарихынан» алынған 
еді), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет