334
Жаңа қолданыстарды денотативтік (жаңа заттарды,
жаңа ұғым-
дарды тікелей атайтын) белгісіне қарай және сөздің не тіркестің
стильдік мақсатта жұмсалатын жаңа мағынасына карай пайда бола-
тын неологиялық бірліктер деп ажыратып қарауға болады.
Неологиялық зерттеулер тіл білімінде белгілі жүйесі, принциптері
бар номинация, терминология, сөзжасам, аударма және сөз мәде-
ниеті деген сияқты блоктармен тікелей байланысты болып келеді.
Бұл орайда да әр тілдің «өзіндік келбетіне»
орай ерекшеліктер,
иерархиялық орындар болады. Тілдік жаңалықтарды талдап-таныту-
да бұл іліктестіктің қазіргі кезеңдегі мәні айрықша.
Жаңа сөздерді қолданысына қарай бөліп-бөліп тану керек:
а) қалың көпшілік қолданатын, яғни бұқаралық ақпарат құралдары
– күнделікті баспасөз, радио-телехабарлар, көпшілікқолды білім-
ғылым әдебиеттері, оның ішінде мектеп оқулықтары мен оқу
құралдары жиі пайдаланатын сөздер және ә) қоғам өмірінің әртүрлі
тұстарында: ғылымда, шаруашылық
пен өнеркәсіп салаларында,
өнерде және тағы басқаларында арнаулы мамандар мен кәсіпкерлер
пайдаланатын және қолданыс шеңбері тар (шағын) сөздер. Олар әр
алуан құрал-жабдықтар аттары, конструкторлық- инженерлік атаулар
мен осы салалардағы іс-әрекеттерді атайтын сөздер болып келеді.
Алдыңғы топтағы жаңа сөздерді орыс және Еуропа халықтары
тілдерін зерттеушілер бірнеше салаға бөліп қарастырады. Оларды:
1) күнделікті тұрмыста қолданылатын жаңа құрал-жабдықтарға,
бейне-дыбыс техникасына қатысты атаулар;
2) автокөліктерге қатысты сөздер;
3) экономика, қаржы-финанс саласына қатысты терминдер;
4) айналадағы табиғатты қорғау –
экологияға қатысты сөздер;
5) информатикаға қатысты;
6) спорт, ойын-сауыққа, туризмге қатысты;
7) медицина мен фармакологияға қатысты;
8) ядролық энергияға қатысты;
9) саясат, ел
басқару істеріне қатысты;
10) әлеумет өміріне қатысты;
11) әдебиет, өнерге қатысты жаңа атаулар, іс-қимыл атаулары деп
топтайды.
Қазақ тіліне келгенде де осындай тақырыптық принципті ұстануға
әбден болады.
Осы айтылғандар өз кезегінде жеке-жеке сөз болады. Ал алды-
мен тілдегі (оның белгілі бір кезеңіндегі) жаңалықтар деген
ұғым нені білдіреді және бұл тақырыптың (зерттеу жұмысының)
335
теориялық негіздері мен ізденіс принциптері қандай деген мәселелер
сөз болмақ. Сонымен қатар әр кезеңге қарай пайда болып жататын
жаңа қолданыстарды 1) әдеби тілге енген немесе ену әлеуеті (потен-
циалы) бар сөздер (олар нормативті сөздіктерге енеді немесе норма
ретінде ұсынылады), 2) ауызекі сөйлеу тілінде орын алып жатқан,
әдеби нормаға сай келмейтін жаңа қолданыстар деп ажыратып қарау
керектігі де айтылып келеді. Мысалы, француз тілінің неология-
сы әдеби норманы реттеуге, әдеби тілдің лексикалық қазынасының
толығу, жүйелену, даму процесін танытуға күш салса,
Америка
зерттеуші-неологтары жаңа қолданыстар сөздігінің күнделікті, сөйлеу
тіліндегі бірліктерді тіркейтін түрін (сөздік типін) қош көреді екен
(бұлар – XX ғасырдың 70-80-жылдарының мәліметі, ал қазіргі, яғни
соңғы 10-15 жылдардағы шет тілдердегі неологиялық ізденістер мен
сөздік типтері туралы арнайы танысып, жеке сөз ету керек болады).
Осыған орай жаңа сөз қолданыстарын тіркейтін сөздіктер көбінесе
екі түрлі: а) тіркеп отыратын (фиксирующий); ә) нормативтік, яғни
әдеби нормаға енген бірліктерді көрсететін болып келеді. Сондықтан
тіркеуші сөздіктердегі бірліктер көбінесе шартты және тарихи
сипатта болады, дәлірек айтсақ, ол жаңалықтар
Достарыңызбен бөлісу: