337
«ономасиология» дегеннің де орнына жүре алады да, ол «семасио-
логияның» қарсысында тұрады, яғни
номинация
– сөздің көрінісін,
ал
семасиология
ұғымының мәнін қарастырады.
Номинация тіл біліміндегі
сөзжасам, көпмағыналық
(полисе-
мия),
сөзтіркесім
проблемаларын
карастыратындықтан, осы сала-
лардағы теориялық-танымдық ұстанымдарды тірек етеді.
Зерттеу-
шілердің айтуынша, номинация мәселелерін «
өмір
(болмыс) –
та-
ным
(ұғым) –
аталым
(сөз)» деген үштікті ұстану арқылы зерттейді.
Номинация – қандай бір тілдегі жаңа сөздердің пайда болған негіз-
дері, жолдары (әдістері), атаудың тілдік (материалдық)
психоло-
гиялық табиғаты туралы ілім болғандықтан, оның ең негізгі таным-
дары барлық тілдерге ортақ, универсал заңдылықтар екендігі әбден
дәлелденген. Жаңа сөздердің пайда болуын
аталым
шарттарымен
байланыстыра зерделегенде әр халықтың
әлеуметтік-мәдени және
саяси болмысына қарай оның бүгінгі сөздік қазынасын жеке-жеке
зерттеуге жол ашылады.
Бір сөз бір емес, бірнеше мағынаны білдіретіндіктен, ол бірнеше
Достарыңызбен бөлісу: