347
Өткен XX ғасырдың 10-жылдарының орта тұсынан бастап
20-жылдардың басына дейін қазақ тіліне, оның жазба әдеби түріне
жаңа сөздер, жаңа қолданыстар келді.
Бұл құбылыста оқу-ағарту
ісінің жандануы, баспасөздің қарқынды түрде дамуы, баспа ісінің
ұлғаюы басты себепші-фактор болды.
Оқулықтар,
оқу құралдары, әдістемелік әдебиет нұсқалары, екі
тілдік сөздіктер орасан мол жаңа номинацияны, кірме сөздерді қажет
етті. Айталық, Ахмет Байтұрсынұлының бір өзі тіл біліміне қатысты
ондаған (тіпті жүзден де асатын) жаңа ғылыми термин ұсынды. Ол
атаулар негізінен лингвистикалық және әдебиеттану терминдері бол-
ды. Мектеп оқулықтарында қолданылатын
бастауыш, баяндауыш,
зат есім, етістік, үстеу; есімдік, шылау, одағай, нүкте (ноқат),
үтір, сызынша, жұрнақ, жалғау, ұяң дыбыс, қатаң дыбыс, жақша
дегендерден бастап, осы күнге дейін термин ретінде орныққан ата-
уларды дүниеге келтірді. Сол сияқты бүгінге дейін қолданыстағы
шумақ, тармақ, бунақ, бейнелеу, кейіптеу
сияқты әдебиет терминдері
де – сол кезең үшін жаңа сөздер болатын. Тек терминдер емес, мек-
тептер мен жоғары оқу орындарында тіл, әдебиет, мәдениет, жара-
тылыстану пәндері сияқты салалардың жазба үлгілерінің баяндау
барысында қолданылған көптеген қарапайым сөздер де лексикалық
жаңалық ретінде танылды. Мысалы, түбірге
жұрнақ
жалғанғанда,
екі етістік
қосарынан
сөйлегенде, еткен іске бір нәрсе
сабақтаулы
болса,
өзгелік
етіс дейміз деген қазақ тілінің алғашқы оқулықтарын-
дағы сөйлем үзіктеріндегі курсивпен
терілген сөздер бұрын осы
жердегі мағыналарында (қызметтерінде) мүлдем кездеспеген
тұлғалар болатын.
Байтұрсыновтың тілге қосқан жаңалықтарының бір тобын – бай-
ырғы сөздердің тіркес түріндегі термин жасайтын компоненттер
ретінде келгендері құрайды. Мысалы,
ішкергі, тысқарғы
жалғаулар
,
ашық
дыбыс
, тұйық
дыбыс
, жалқы
есім
, жалпы
есім
, оңаша
тәу-
елдеу
Достарыңызбен бөлісу: