Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


Қазақ тіліндегі жаңалықтардың әр кезеңдегі



Pdf көрінісі
бет216/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Қазақ тіліндегі жаңалықтардың әр кезеңдегі 
көрінісіне қысқаша шолу
Тілдегі жаңалықтарды, әсіресе неологизмдерді тек қана кезеңдер-
ге қарай әңгіме ету керек, өйткені бір кезеңдегі, тіпті алдыңғы 10-15
жыл ішіндегі жаңалықтар келесі кезеңде «жаңалық» сипатынан ай-
рылып, не әдеби нормаға (тілге) еніп, етене, кәнігі элементке ай-
налады, яғни жаңалығы сезілмей кетеді, не «жарамсыз» болып, 
қолданыстан шығып қалады. Есесіне келесі 5-10, 10-15 жылдықта 
тағы да жаңа қолданыстар дүниеге келеді. Бүгінгідей дүниежүзінде 
ғылым мен техниканың қауырт дамыған кезеңдерде, дүниежүзілік
информация мен компьютерлену дәуірі туған заманда, космосты 
игеру, термоядролық күштерді бейбіт өмірге, әрине, кейбір елдерде 
орайы келгенде соғысқа да пайдаланудың қам-қарекеті жүріп жатқан 
бүгінгі күндерде тілдердің лексикалық қазынасы жыл сайын, тіпті 
ай сайын түгіл, күн сайын толыға беретіні даусыз. Жаңа зат атау-
лары ғана емес, іс-әрекет, қимыл-қарекет аттары да, сындық жаңа 
ұғым-танымдар да туа бермек. Мысалы, дәл бүгінгі күндерде 
жыл-
жымайтын мүлік, еншілес кәсіпорын, қол жинау (сайлауда), сы-
байлас жемқорлық, бағаны ырықтандыру, атаулы көмек, тұтыну 
қоржыны
сияқты жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерде етістік 
тұлғалары да, сындық есімдердің де беретін мағыналары жаңа.
Демек, соңғы 10-15 жыл барысындағы қазақ лексикасының жаңа 
сөздермен толығуын сөз етпес бұрын, оның алдыңғы кезеңдердегі 
көрінісі қандай болғандығына қысқаша шолу жасау артық болмай-
тын сияқты.
Экстралингвистикалық күштердің ықпалымен лексикалық 
өзгерістердің, оның ішінде прогрестік (ілгері, оң) дамудың да, 
регрестік көріністердің де болып жататын тұстары сол тілді пайда-
ланған қоғамның өміріндегі әлеуметтік, саяси, мәдени өзгерістерге, 
тіпті саяси-әлеуметтік дүмпулерге қатысты болып келетіндігі ай-
тылады. Осы тұрғыдан қазақ лексикасының диахрондық сипатын 
жүйелі түрде, нақты фактілерді көрсете отырып зерттеу жұмысы 
айтарлықтай дәрежеде (мөлшерде, сапада) әлі жүргізілген жоқ. 
Әзірге үзік-үзік шолулар мен жалпы топшылаулар ғана бар.
Біздің байқауымызша, сыртқы факторлардың ықпалымен қазақ 
тілінің сөздік қазынасы молығуының қауырт жүрген үш-төрт үлкен 
кезеңі болғанға ұқсайды: бір кезеңі (әзірге бірінші кезеңі десек те 
болар ма еді) қазақ халқы тарихында қан жосыған жорықтар за-
маны, яғни елдігін қорғап қалу үшін шығысы мен батысындағы, 
түстігі мен терістігіндегі сыртқы жаулармен ұрыс-шайқастардың 


344
күшейген тұсы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет