ауыл
және
қала лексикасы
дегенге арнайы көңіл аудару керек. Бұл
– бізде қолға алынбақ түгіл, ойға да келмеген шаруа. Ал бүгінгі күні
ауыл халқының жұмыс іздеп қалаларға келіп қоныстанулары өте үлкен
қарқын алып отырғаны белгілі. Бүгінгі урбанизация құбылысының
ауыл адамдарының жаңа заттар мен ұғымдарды әсіресе сөйлеу
тілдерінде атау үлгілері (амалдары) мен олардың қалаға келгендегі
өзгерістерін мұқият тіркеп алу, сөз жоқ, өте қиын, машақаты көп іс.
Дегенмен бұл лексикалық қазынаны, әсіресе оның жаңа қабаттарын
тірнектеп жинап, зерттеу – кезек күттірмейтін міндет.
Жаңа лексикалық бірліктерді кеңінен сөз етуде оларды
заттық
аталым, ұғымдық аталым
деп айырып қарастыру керек. Бұл –
әсіресе ғылыми-техникалық терминдерді жасауда басты назар ауда-
ратын шарттылық. Орыс тіл білімінде «предметная и понятийная но-
минации» деген таным – неологияның ең басты теориясы.
Тілдің және оның лексика-грамматикалық құрамының даму жо-
лында белгілі бір кезеңдер болады, ол кезеңдер
тарихи, өтпелі, бір
қалыпты, прогрессивті, регрессивті
деп аталуы мүмкін. Ал тіл
дамуының мұндай кезеңдері, әрине, сол тілді иемденуші халықтың
әлеуметтік, саяси, мәдени өмірінде өтіп жататын өзгерістерге,
қозғалыстарға, дүмпулерге, төңкерістерге тікелей қатысты болады.
Бұл күндерде, яғни өткен XX ғасырдың соңғы онжылдығынан
бермен қарай қазақ тілі айрықша мәнді
тарихи кезеңді
басынан
кешіріп отыр. Ең алдымен, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құры-
лысының өзгеріп, өз алдына тәуелсіз мемлекет болғанына және
соның нәтижесінде мәдени-рухани дүниесінде үлкен өзгеріс-жаңа-
лықтардың пайда болғанына байланысты қоғам өміріндегі өзгеріс-
тер тілдің сөздік қазынасына жаңалықтар әкелді. Тілге қатысты ең
үлкен әлеуметтік, мәдени үні бар құбылыс – қазақ тілінің мемлекеттік
тіл статусын алуы болды. Мемлекеттік тіл статусы тек оның
қоғамдағы қызметі жағынан ғана емес, тіл құрылымының дамуы мен
жетілуі жағынан да атына сай болуын талап етеді.
Тілдің
Достарыңызбен бөлісу: |