336
Тақырыптың теориялық негіздері мен принциптері
«Тіл – қоғамдық құбылыс» деген қағиданы ескерсек, тілдің негізгі
қызметі қарым-қатынас құралы болу, яғни коммуникативтік қызметі
саналады. Демек, тіл қоғам өмірімен байланысты,
сол қоғамның
тіршілік-болмысының кезеңдеріне, ахуалына қарай әр сипаттағы
өзгеріс, жаңалықтармен өмір сүреді. Әсіресе оның лексикалық қабаты
– ең бір «жанды» жері; дыбыстар әлемі мен грамматикалық бітіміне
қарағанда, тілдің сөздік қазынасы сол халықтың әлеуметтік, рухани,
мәдени, саяси өмірінде болып жататын өзгеріс, жаңалықтарды бойы-
на тез сіңіреді, соған орай кейбір сөздер қолданыстан ығыса түседі,
көнере
бастайды, енді біреулері жаңадан пайда болады, сөздердің
тағы бір тобы байырғы мағынасын өзгертеді не үстемелейді. Сөздік
қабаты «кірме» деп аталатын шеттілдік сөздермен толығады. Ұмыт
бола бастаған бір алуан сөздер дүниеге
қайта оралады, сондай-
ақ азын-аулақ сөздер тобы «төменгі дәрежеден» (ауызекі сөйлеу
элементі немесе қарапайым сөз деген «атақтан») «жоғары дәрежеге»
(«әдеби нормадағы қолданыс» деген «лауазымға») көтеріліп жатады.
Қысқасы, тілдің лексика қаттауы үздіксіз
қозғалыста болады және
ол қозғалыс, дүниедегі өзге де құбылыстар сияқты, бір қалыпты, бір
ыңғайда, бір бағытта болмайтыны тағы аян.
Әрине, тілдің грамматикалық, фонетикалық бітімі де өзгеріссіз
қалмайды. Оның өзге тілдермен қарым-қатысына, ықпалына байла-
нысты бөгде тілдік сөздермен сол тілге бұрын жат кейбір дыбыстар
күнделікті сөйлеу дағдысында да, әсіресе жазба үлгілерінде орын
алып кетеді. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: