Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


XIX ғасыр , әсіресе оның  екінші



Pdf көрінісі
бет218/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

XIX ғасыр
, әсіресе оның 
екінші 
жартысы
деп шамалаймыз. Бұл кезеңде мұсылманша оқу-ағарту, 
баспа ісі, алғашқы баспасөз үлгілері, ислам дінінің едәуір жанда-
нуы сияқты әлеуметтік факторлар қазақ тіліне ондаған-жүздеген 
жаңа атауларды әкелді, өзге тілдерден, әсіресе орыс тілінен сөз ау-
ысу процесі басталды. Бұл кезеңде сөздік қазынаға қосылған сөздер 
түгелімен жаңадан жасалған жоқ: бірсыпырасы (және көзге бірден 
түсетіні) өзге тілдерден, әсіресе орыс тілінен енсе, енді бірқатары 
байырғы сөздердің мағына ауыстыруы арқылы жасалды, үшінші 
тобы жұрнақтар жалғау арқылы қолдан жасалды. Бұл жайында 
Махамбет, Дулат, Шортанбай сияқты ақындардың, Ыбырай мен 
Абайдың, алғашқы қазақ баспасөзінің, XIX ғасырда жарық көрген 
жазба үлгілердің (қиссалардың, өлең-жырлардың) тілін талдап сөз 
еткен диссертациялардан, монографиялардан, оқулықтардан біраз 
мағлұмат алуға болады.


346
XIX ғасырдың орта тұсында актив қолданылған 
пысық, төре, 
елубасы, онбасы, атқамінер, аға сұлтан, сайлау
сияқты әлеуметтік 
лексика тобына жататын сөздер осы кезең үшін неологизмдер бо-
лып танылады. Бұларды өмірге әкелген қазақ қоғамының әлеуметтік 
құрылымы болды. Қазақ қауымының сол кезеңдегі саяси-мәдени 
жағдаятын зар заман деп танып, осылайша атау да – неолексизм.
Қазақ қоғамына енген жаңа экономикалық жағдайлар қазақ 
тіліндегі 
шығын, қара шығын, алым, шаңырақ салығы, несие, өсім, 
жол сауда, қағаздату
сияқты сөздерге жаңа мағына үстеп, олар-
ды неологизмдер қатарына шығарды. Осы кезеңдегі қазақ тіліндегі 
мәдени-рухани өміріне қатысты жаңа сөздерді де табуға болады: 
мәселе кітап
(ақыл-үгіттің қағазға түскен нұсқасы), 
насихат айту
(өмірден біліп-түйгенін баяндау).
XIX ғасырдың орта тұсынан бастап, қазақтың ақын-жыраулары 
өздерінің өлең-толғауларында абстракт ұғымдағы араб, парсы 
сөздерін еркіндеу қолдана бастайды және олардың көбі түпнұсқа 
тілдегі тұлғасын сақтап қолданылған болып келеді. Мысалы, араб-
ша жазу үлгісіндегі арабтың «ғайын» деп аталатын дыбысының 
белгісі, қазақтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет