Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет221/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

алғашқы уақытта тым мұқтаж
(бөліп көрсеткен біз – Р.С.), 
бүгін ілгері болашаққа жол салатын нәрсе», – деп жазды.
Жалғыз А.Байтұрсынұлы ғана емес, XX ғасырдың 20-жылда-
рынан бастап қазақ тілінде мектеп оқулықтары мен жоғары оқу 
орындарына оқу құралдарын жазған, сөздіктерін құрастырған Ха-
лел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатов, Қошке Кемеңгерұлы, 
Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанбек Хожанов, 
А.Тынысбаев, К.Жәленов сияқты зиялылар да қазақ жазба әдеби 
тілінің сөздік қазынасын жаңа тұлғалармен (сөздермен), кірме сөз-
дермен толықтырды. Бұл істе тек тіл, әдебиет сияқты ұлттық 


350
сипаттағы пәндер ғана емес, жаратылыстану саласының, оның ішінде 
зоология, ботаника, геология, анатомия, физиология, математика, фи-
зика салаларына қатысты жазылған еңбектерде (Х.Досмұхамедұлы 
«Жануарлар», «Адамның тән тірлігі», «Табиғаттану» т.б.; Мағжан 
Жұмабаев «Педагогика» т.б.) жүздеген неологизм мен аэлогизмдер 
– қолданыста «қайта тірілген» байырғы сөздер, кірме сөздер (араб-
парсы сөздерінен басқа, орыс сөздері мен интертерминдер) қазақ лек-
сикасы қазынасын молайтты. Мысалы, бір ғана Х.Досмұхамедұлы 
қышқылтуым
(кислород), 
сутуым
(водород), 
қышқыл көмір
(угле-
род), 
жап-жайша
(простейшие), 
ұлпа, құжайра
сияқты жаңа атаулар-
ды, 
төбе ағасы
(председатель), 
тәптіш
(зерттеу), 
үндеуіш
(үгітші), 
негіздік
(негіз) сияқты жаңа ұғым атауларын өзі жасап ұсынды. Со-
нымен қатар Х.Досмұхамедұлы «Жануарлар» деген кітабында 
сег-
мент, хитин, нерв, трахея, метаморфоза, протоплазма
сияқты 
интертерминдерді қазақ тіліне алып келді, ал «Табиғаттану» сияқты 
кітабы мен мақалаларында г
аз, градус, атмосфер(а), барометр, сан-
тиметр, фосфор, метал, телеграф, магнит, малахит, кристал, ана-
томия, физиология, гигиена, плазма
дегендерден бастап 40-қа жуық 
шеттілдік интертерминді қолданды, олар күні бүгінге дейін еркін 
жұмсалып, қазақ тілінің лексикалық қазынасында берік орын тепті 
деуге болады.
Осы күнге дейін қолданылып жүрген 
сингармонизм, акцент, 
термин
сияқты лингвистикаға қатысты сөздермен қатар 
школ, дик-
товка
сияқты орыс сөздері де XX ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ 
тіліндегі жаңа сөздер (немесе колданыстар) болып танылады.
Осы кезеңдерде педагогика, математика, физика салаларына 
қатысты ондаған (мүмкін, тіпті жүздеген) жаңа сөз, шеттілдік сөздер, 
мағынасы ауысқан байырғы сөздер (олар да «жаңа» деген статусқа 
ие) болғанын көреміз.
Бұл кезеңдегі лексикалық жаңа бірліктердің сипаттары, яғни 
тілдік тегінің (төл сөз бе, бөгде сөз бе), сол жаңа сөздерді келтірген 
жазба үлгінің кімге арналғандығының мәні зор болған. Мысалы, 
А.Байтұрсынұлы мен Т.Шонанұлының 1922 жылы жазылып, 1927 
жылы жарық көрген «Оқу құралы» атты көлемді еңбегі мектептің 
1-сатысында (ІІІ-ІV жылдарында) оқитын балаларға және білім-
ғылымнан хабардар болғысы келген ересектерге арналған бола-
тын. Авторлардың түсіндіруі бойынша «Оқу құралында» 1) әдебиет 
және тұрмыс пен еңбекке қатысты; 2) ғылымға, ғылыми танымдарға 
қатысты материалдар берілген (осы екі бөлімнен тұрады). Де-
мек, бұл материалдар XX ғасырдың алғашқы 10-15 жылдарындағы 
ауыл балаларының, тіпті олардың ата-аналарының білім-ғылымнан 
алшақтау жатқаны ескеріліп жазылған. Мұнда астрономиядан, физи-


351
кадан, жағырапиядан, химиядан, биологиядан, зоологиядан алғашқы 
ғылыми танымдар ұсынылған. Осыларды баяндап, түсіндіру бары-
сында көптеген жаңа сөзді: бұрын қазақ қауымына бейтаныс заттар 
мен құбылыстардың ғылыми атауларын береді. Олардың бір тобын 
қазақтың өз сөздерін іске жаратып жасады: 
арқаның жарқылы
(се-
верное сияния), 
жер сілкінісі, жердің өз шүлділігінен айналуы, жер 
қосшылары
(планеталар), 
құйрықты жұлдыз, үйек, құбыланама

Бұлар сан жағынан аса көп емес. Ал ғылыми танымдарды беру үшін 
авторлар сол кезеңнің өзінде-ақ ондаған интертерминді, яғни көптеген 
Еуропа, орыс халықтары (ғалымдары) қолданып келе жатқан, 
түптөркіні латын және ағылшын, неміс, француз тілдеріне жататын 
кәнігі терминдерді қазақ тіліне (қазақ тілінде баяндау мәтіндеріне) 
қосқан. Мысалы, «Оқу құралда» 
класс, парта, стол, шкаф
сияқты 
қарапайым (ғылыми термин емес) зат атауларынан бастап, 
газ, тер-
мометр, фонограф, градус, машина, профессор, инженер, капитал, 
капиталшы, буржуазия, социалистер, полиция, жандарм, надзира-
тель
сияқты «орыс» сөздерін келтіреді. Ал таза ғылыми терминдер 
аса көп емес, барларының ішінде орыс тілінен аударылған 
оттегі, 
сутегі, көміртегі
(Халел Досмұхамедовте: 
қышқылтуым, суту-
ым, қышқыл көмір
) сияқты жаңа жасанды сөздер бар. Қалғандары 
(олар да аса көп емес) – халықаралық терминдер болып келеді. Со-
нымен қатар бұл кезеңдегі баспасөзде де жаңа қолданыстар көзге 
түсерліктей дәрежеде болды.
XX ғасырдың 10-жылдарынан бастап бірнеше жыл бойы шығып 
тұрған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің және бірнеше саны 
ғана жарық көріп үлгерген басқа да газеттердің беттерінде көбінесе 
жаңа мағынаға ие болған байырғы сөздер мен араб, парсы, орыс 
сөздері қазақтың сөз қазынасы әлемінде жаңалық сипат алды. Бұлар 
жөнінде С.Исаев, Н.Қарашева, Б.Момынова сияқты зерттеушілердің 
еңбектерінен оқып білуге болады. Айталық, зерттеуші Б.Момынова: 
«Қазақ» газеті (1913-1918) пән сөздерімен қоса әскери-соғыс 
терминдері, ғылым мен техника салаларына байланысты сөздер 
қатары көбейе түскенін (
сүңгуір қайық, аэроплан, телеграф, бомбы, 
мәшине
т.б.) айтады
10
.
Сөйтіп, қазақ тілінде пайда болып жататын жаңалықтарды, 
неологиялық құбылысты кезең-кезеңіне қарай талдап, танытқанда, 
XX ғасырдың алғашқы екі онжылдықтарын айрықша атап өту керек. 
Бұл – қазақтың білім-ғылым тілінің нағыз бастамасы және қауырт 
жүргізілген тұсы деп батыл айтуға болады. Бұл кезеңдегі тілдік жаңа 
бірліктерді дүниеге келтірген қажеттіліктер де ерекше болды; олар 
– оқу-ағарту ісінің қолға алынуы, жандануы; қазақ жұртшылығын 
10
Момынова Б.
Газет лексикасы, жүйесі мен құрылым. - Алматы, 1999. - 70-бет.


352
білім-ғылымға ұмтылдыру, «елді ағартып, надандықты жоюдың 
заманы келді» (Х.Досмұхамедов) деген идеяның алға тартылуы 
еді. Мұны тіпті біз XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының ұлт-
тық идеологиясы, ұлттың мұраты, тарихи құбылыс деп атар едік. 
Ұлттық мақсат-мұраттың жаңа көрінісі – тілде де жаңа сөздер мен 
тіркестердің, жаңа құбылыстардың, жаңа көзқарастардың, тың ұсы-
ныстардың кезеңі болды.
Бұл жерде тағы бір баса айтатын тұжырымымыз бар, ол – қазақтың 
ғылыми терминологиясы өзінің тарихи бастауын XX ғасырдың бас 
кезіндегі мектеп оқулықтарынан алды, яғни қазақ мектептеріне және 
ішінара алғашқы жоғары оқу орындарының шәкірттеріне арналып 
жазылған пәндік оқулықтарда қазақ тілінің ғылыми терминдері жа-
сала бастады. Біз бұл пікірімізді 1963 жылы Дүйшембе (Тәжік ССР) 
қаласында өткен Бүкілодақтық конференцияда тұңғыш рет айтқан 
едік. Әлі де сол пікірімізді қайталаймыз.
Қорыта айтқанда, «жаңа сөздер» деген категорияға жататын тілдік 
құбылыстың қазақ тіліне қауырт және көптеп пайда болған тұсы XX 
ғасырдың алғашқы екі онжылдығы деп батыл айтуға болады.
Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет