362
Кириллицаны
қабылдап, оның емлесінің ең алғашқы ереже-
лерімен жазу тәжірибеміз 10 шақты жылдың ішінде біраз орын
тепті. Сондықтан 1957 жылы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі
ережелерінің едәуір реттелген ішінара түзетілген, теориялық негіз-
дері көрсетілген Жаңа редакциясы» ұсынылған болатын. Бірақ
мұнда да бөгде тілдік сөздердің жазылуы түбегейлі өзгеріссіз қалды,
олардың тұлғасы қазақ тілінің
фонетикалық заңдылықтарына
сәйкестендірілмеді. 1957 жылдардағы қазақ жазба дүниесін реттеуді
қолға алған қазақ тіл мамандары тағы да батылдыққа бара алмады.
Оның да себебін көруге болады. 1951-1952 жылдардағы «халық жа-
уларын» іздеп, Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, Е.Бекмаханов, А.Жұбанов,
Б.Сүлейменов, І.Кеңесбаев және т.б. сияқты қазақ ғалымдары мен
қайраткерлерінің біразын 25 жылға жер аударып, бірқатарын Қазақ-
станнан кетуге мәжбүр еткен кезеңі 1957 жылғы тіл, емле мәселеле-
рін дұрыс шешуге жібермегенін білу қиын емес.
Қысқасы, бөгде тілдік сөздерді негізінен «орысша» жазу тәрі-
бімізді 1940 жылдан бермен қарай 60-70 жыл бойы қолданып келе
жатырмыз. Дегенмен бүгінгі кірме сөздердің барлығы сыртқы тұлға-
сын өзгертпей қолданылып жүрген жоқ.
Тілдік кірмелердің қоғамның күнделікті өмірінде жиі колданы-
латындары және сирек жұмсалатындары болады. Сондай-ақ жиі
қолданылатындар күнделікті қарым-қатынаста, оның ішінде сөйлеу
тілінде жиі және еркін жұмсалады. Мысалы,
тұрмыстық лексика
сөздері, көпшілікқолды баспа беттерінде кездесетін, радио мен теле-
хабарларда жиі айтылатын жеке атаулар мен кейбір терминдер мек-
теп оқулықтарында жұмсалатын сөздермен бір топ құраса, белгілі
бір орындарда да, мысалы, мамандарға арналған ғылыми әдебиетте,
медицина, химия өндірісі мен күрделі техникалық жұмыс орындары
сияқты жерлерде жұмсалатын жеке зат, процесс атаулары, оның ішінде
техникалық терминдер де кірме тұлғалардың екінші тобын құрайды.
Сондықтан бұлардың жалпыхалықтық тілге ену әлеуеті күшті екені
көрінеді, яғни барлық жерде, барлық әдебиетте, ауызша да, жазба
тілде де қолданыла беретін, көпшілікке түсінікті болып келетін бөгде
тілдік сөздер, біздіңше, нағыз кірме сөздер болып табылады. Олардың
үлкен бір тобы – XIX ғасырдан бастап қолданылып кеткен тұрмыстық
зат, бұйым атаулары (
самауыр, шәйнек, шыт, бәтес, кіреует, пәтер,
пәуеске, мұржа, пәкөс
); сауда-саттыққа қатысты сөздер (
шот, кір,
бақалшік, мәліш
(мелочь),
сауда
); әкімшілік, сот істерінің сөздері (
бо-
лыс, старшын, сияз, партия, ояз, шен, закон, сот, кандидат, май-
ыр
); ас, тағам, мүлік атаулары (
шәй, шекер/секер, кәмпит, бөлке, кар-
топ, әгүршік
) болып келеді. Бұлардың барлығы дерлік ауызша тілде
қалыптасқан, сондықтан қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтары
бойынша «сындырылып», «қазақыланған».
363
Қолданысқа түскен сөздің дыбысталуы (айтылуы) жағынан өзге-
ріп, қабылдаушы тілдің дыбыстық-әуендік заңдылықтарына бағын-
ған тұлғалары тек ауызекі сөйлеу тілінде емес, жазба тілде де орын
алуы, яғии трансформациялануы өзге тілдік сөздің кірме стату-
сына ие болуының бір белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бөгде
тілдік қолданыстарды мүмкіндігінше
қабылдаушы тілдің дыбыста-
лу заңдылықтарына икемдеу әрекеті жүре түсетіні және байқалады.
Бірақ бұл әрекет қазақ тілінің соңғы 60-70 жылдық даму барысында
өте баяу жүріп келеді. Мысалы, соңғы онжылдықтарда
роль, маши-
на, почта, товар, завод, чиновник, артист, станция
сөздерін
рөл,
мәшине, пошта, тауар, зауыт, шенеунік, әртіс, стансы
деп жазу
орын ала бастады. Жоғарыда айтылды, «қазақыландыруға» бейімдеу
тұратындар
–
тұрмыстық лексика тобы мен ғылыми-техникалық тер-
миндерге жатпайтын атаулар. Көрсетілген сөздер – осы қатардан.
Бөгде сөздердің фонетикалық пішіні жағынан қазақ тіліне икем-
делуі бірізді емес. Мысалы,
артист
сөзі
әртіс
болып қалыптасатын
болса,
актер, режиссер, директор, ректор, журналист
деген сөздер
неге
әктөр, ірежисөр, деректір, ректір, журналіс
болып жазылмай-
ды?! Бұлар да – ғылыми терминдер емес, жай атаулар,
қолданылу
белсенділігі (жиілігі) «бағынған» сөздермен (
әртіс
-пен) бірдей.
Бүгінгі қазақ жазба дүниесінде жиі де, сирек те қолданысқа түсіп
жүрген бөгде тілдік сөздердің бір тобын қалай жазылатындығына
қарамастан,
Достарыңызбен бөлісу: