Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет231/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

а
әрпіндегі сөзтізбеде 
қазақ сөздерімен тіркескен 
авиа, авто, агро, аэро
тұлғалы сөздерді 
қосқанда, бір ғана
 а
әрпіндегі «орыс» сөздері жүздеген санға жетіп 
тұрғанын көруге болады.
Бүгінгі қазақ тілі қажетін өтеп, оның сандық, сапалық байлығын 
көрсететін бөгде тілдік бірліктер сыртқы тұрпатына (жазбадағы 
пішініне) қарамай, қазақ лексикасындағы жаңа бірліктер болып са-
налады. Тілдің дамуы, жетілуі не әлсіреуі, сөздік қазынасының баюы 
не кемуі алдымен оның әлеуметтік қызметімен белгіленеді. Төл сөз 
болсын, бөгде тұлғалар болсын белгілі бір сөздер қоғам өмірінде 
қолданылып, орнығып, коммуникативтік қажеттікті өтеп отырған 
болса, оларды тек жазба тілдегі орфограммасына қарай бағалау 
(тану) – біржақты, жеткіліксіз критерий болары айқын.
Сөз жоқ, жазба тілдің табиғаты мен қолданысында жазу факторы-
ның орны бар, дегенмен сол жазу үрдісінің тіл дамуының әр кезеңін-
де әр алуан ішкі (лингвистикалық) және сыртқы (экстралингвис-
тикалық) факторлардың күшімен жүретіндігін ескеру де аса қажет 
екендігін мойындауға тура келеді.
Міне, лексиканың төл және кірме қабатын анықтауда көңіл ауда-
ратын мәселенің бірі осындай.
Белгілі бір тілдің (тілдердің) онтогенездік дамуы, яғни өзіне «Құдай 
бұйыртқан» тәртіптерді басынан кешіріп, жеке дамуы барысындағы 
жоғарыда айтылған «советтік дәуір» «жазмышын» ескере келіп, өзге 
де түркі тілдері сияқты қазақ тілінің кірме қабатын «орысша» жазы-
латын мыңдаған тұлғалар (сөздер) құрайды деп табамыз. Бұл таным 
кириллицаға негізделген орыс әліпбиінің қазақ жазуы қолданылып 
отырған бүгінгі кезеңге тән. Ал жазу үрдісі өзгерген, айталық, ла-
тын графикасын қабылдаған күнде бұл қағиданың (танымның) сәл 
өзгерері даусыз.
Сөйтіп, бүгінгі таңдағы қазақ тілінің қолданысындағы мыңдаған 
бөгде тілдік атаулар мен терминдерді кірме элементтер (сөздер) деп 
есептеуіміз керек.
Фонетика саласындағы шартты түрдегі кірмелер, жоғарыда да ай-
тылды, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет