Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет234/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

жаңа сөздер
болса, 
олардың «сүйегі» – қазақтық, ал бұларды жасауға тірек болғандар 

орыс сөздері.
Күні кешеге дейін қолданып келген бірқатар таза орыс сөздерін 
қазақшалау ұстанымы қазірде де бел алып отыр. Мысалы, 
бағаны 
ырықтандыру, түпдерек
(источник), 
түпсана
(подсознание), 
тізім- 
деме
(опись) сөздері соңғы жылдарда пайда болды. Қазақ тілінде 
біраз уақыт қолданылмай келген орыс сөздерінің біразы тұрмыстық 
сөздер болатын: 
капуста, помидор, питомник, сотовый телефон, 
открытка, точка
(
торговля
), 
диета
сияқты сөздердің қазақша бала-
масын табу қарекеті басым.


369
Біздің заманымыз 

информация мен компьютерлену заманы
сондықтан бұларға қатысты жаңа атауларды «біздің заманымыздың 
сөздері», «бүгінгі сөздер» деп те атаушылық бар. Кейбір тілдерде 
кибернетика, антипротон, протон
сияқты сөздер қолданысқа 
әбден енген, жаңалығы жоғалған бірліктер болса, қазақ тілінің 
тәжірибесінде бұлардың қолданыс белсенділігі енді-енді көріне 
бастады деуге болады (мысалы, баспасөз беттерінде соңғы екі-үш 
жылда Байқоңырдан ұшырылған «Протон» ракеталарының жары-
лып жерге құлауына, оның жергілікті тұрғындардың денсаулығына 
зиян келтіретіндігіне қатысты хабарлардың жиі беріліп келгенін 
еске алыңыз). Экстралингвистикалық факторлардың күшімен (ық-
палымен) пайда болатын неологизмдер – тек жаңа зат, ұғым, құбы-
лыстардың (бүгін пайда болып жатқан реалийлердің) атаулары, яғни 
мүлде жаңа мағынаға ие сөздер ғана емес, мағынасы жаңа, ішкі (қазақ 
тілінің өзінен) және сыртқы (кірме, бөгде тілдік) сөздердің жанда-
нуын, яғни қолданысқа түсуін (узуализацияны), диалектілерден, 
ауызекі сөйлеу тілінен, туыстас тілдерден ауысып, узустық статусқа 
ие болғандарын да айту керек.
Қазақ тіліне соңғы он шақты жылдың ішінде өте жиі қолданылып, 
тіпті әдеби нормаға еніп кеткен 
егемен
сөзі, біріншіден, саяси-
әлеуметтік жаңа құбылыс 

бұрынғы советтік республикалардың 
одақтан ыдырап, өз алдына дербес (суверенный) тәуелсіз мемлекет 
болуына (бұл 

нағыз сыртқы фактор) байланысты осы саяси-әлеу-
меттік жаңа құбылысты атау үшін жергілікті (диалектілік) сөз 
егемен
(түбірі 
– еге
, әдеби тіл нормасында 

ие
) таңдалып алынды. 
Ұжым
сөзі де 
ұйым
деген әдеби нормадағы сөздің 
ж-й
дыбыстарының 
алмасуын көрсететін диалектілік тұлға 

ұйым
вариантын «органи-
зация» дегеннің, 
ұжым
-ды «коллектив» дегеннің баламасы ретінде 
қалыптастырып отырмыз. Бұл 

бұрынғы 
ұйым
сөзіне мағынасы 
жақын «адамдар тобы» (коллектив) дегенді білдіруге фонетикалық 
варианттың іске қосылуы. Бұл жердегі жаңа атаулардың пайда болуы-
на сыртқы фактордың әсер етуінен гөрі, тілдің өз заңдылықтарының, 
яғни мағынасы жуық сөздердің әрбіреуін бөлек-бөлек ұғымдарды 
білдіруге жұмсау орын алып отыр деуге болады. Дегенмен «органи-
зация» мен «коллектив» деген ұғымдарды, яғни бүгінгі әлеуметтік 
іс-әрекеттерді, заттарды, дерексіз ұғымдарды айырып тану керектігі 

сыртқы фактордың ықпалы.
Адамзат қоғамының бүгінгі өркениетінің бір талабы 

әр құбы-
лысты, әр нәрсені, әр заттың құрамдық бөлшектерін, әр дерексіз 
ұғымды бөлек-бөлек айырып атау болып отыр. Бұдан қазақ тілінің де 
шетқақпай қалмағаны 
оқушы ~ оқырман, көруші ~ көрермен, оқулық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет