Облыс ОҚО Аудан/Қала Шымкент Ауыл Мектеп Б.Өтеп атындағы «Өнер» мамандандырылған мектеп-
интернаты кмм
Пән Тарих ФИО Мухидинова Гүлзада Сабырқызы
Пән: Зайырлылық және дінтану негіздері
Сабақтың тақырыбы:§2. «Зайырлы мемлекет және дін» Сабақтың мақсаты. Білімділік:Мемлекеттің зайырлы немесе зайырлы емес екендігін анықтайтын бірінші белгі оның құқықтық жүйесіне қатысты.Зайырлы мемлекеттің заңында азаматтық, зайырлы , демократиялық және құқықтық ұстанымдар нақты көрсетіледі.Онда азаматтың ар-ұждан бостандығын мойындайтындығы, діни нормалар емес, азаматтық құқықтық нормалардың үстемдігі,діннің мемлекеттік институттардың ісіне араласпайтындығы, мемлекеттің де қандай да бір діннің теологиялық тұғырларын басшылыққа алмайтындығы және дін істеріне араласпайтындығы,діндердің болмыстық тұрғыдан теңдігі, дін және діни бірлестіктердің қызмет аясының нақтылығы,жалпы дін мен мемлекеттің өзара дербестігі жалпыға бірдей түсінікті мемлекеттік тілмен анық сипатталғанын айтып түсіндіру. Дамытушылық: Бүгінгі уақытта қоғамда өмір сүруге бейім , өз көзқа-растарын, пікірін қорғай алуға қабілетті дара тұлғаны дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тәрбиелік: Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанды сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, патриоттық саяси тәрбие беруге, өз құқықтарын білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: бүктеме , ғаламтор, слайд, шығармашылық топтардың материалдары. Термин:Конфессия (лат.-«мойындау, жолын ұстану» ) Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үйтапсырмасы:§1. Деңгейлік тапсырмалар 1-деңгей 1. «Зайырлылық» сөзінің шығу төркінін талдаңдар. 2 Зайырлылыққа мысал келтіріңдер 3. Зайырлылық ұстанымының қызметтерін атаңдар.
2-деңгей 1.Неліктен мемлекеттердің көбі зайырлылық ұстанымын таңдайды? 2. Неліктен зайырлылық барлық дінге бейтарап қарайды? 3. Зайырлылық ұғымы қандай ұғыммен үйлесімдік таппайды?
3-деңгей
1. Қазіргі кезеңде әлемдік зайырлылық ұстанымына қайшы келетін жайттарды БАҚ,ғаламтор көздерінен іздестіріп,оның кері әсерін талдаңдар.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
1-топ.Дарындылар 2-топ.Тапқырлар 3-топ.Алғырлар 4-топ Білімділер
Бүгінгі сабақта интербелсенді технлогиясының үш құзіреттілігін пайдаланамыз.
1.Ақпараттық құзіреттілік
- алынған ақпаратты қандай деректерден іздеу керек екендігін көрсете алады;
-ақпараттарды өз бетінше жоспарлап жинайды;
-алынған ақпаратты жүйелейді және талдау жасайды;
-алынған ақпаратты проблеманы шешу үшін қолданады;
2. Қарым – қатынастық құзірет
-талқыланған мәселеге өз көзқарасын білдіреді;
-қоғамға жауапкершілікпен қарай алады, өз бетінше шешім шығара алады;
-өзінің жұмысына мақсат қоя біледі;
-дәлелмен сөйлей білу құзіретін меңгереді;
-өз бетінше қорытынды жасайды;
3.Мәселенің шешімін табу құзіреттілігі
-сөз сөйлеуді жоспарлау;
-адам және қоғам туралы, қоғамдық қатынастар жайында қажетті ұғым мен терминдерді қолданады
-негізгі ойды шындық тұрғысынан анықтайды;
-топтық зерттеу жұмысына қатысу, талқыланған мәселелерге өз көзқарасын білдіру, сөз сөйлеудің түрлерін игеру , пікірталастың этикалық нормаларын меңгеру .
Сабақтың жоспары: 1. Зайырлы мемлекет және дін 2.Зайырлылық және зайырлы мемлекет:түсінігі және мағынасы. 3.Зайырлы мемлекет және оның белгілері. 4.Зайырлы этика
Зайырлы мемлекет туралы түсінік:
Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттің зайырлы немесе теократиялық үлгілерінің қайсысы дұрыс екендігі жайлы пікірталас туындағанда кейбір азаматтар зайырлы мемлекетте адам құқықтары басты орынға қойылатындығына көңіл аудармай жатады. Құқықтық мемлекет құрудың маңыздылығы еліміздің барлық азаматтарының діни сеніміне қарамастан заң алдындағы теңдігінен көрінеді. Оған азаматтарымыздың өз діни нанымдары себебінен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығының жоқтығы дәлел. Зайырлы мемлекетте азаматтық құқық пен заң алдындағы теңдік маңызға ие. Өйткені, бүгінгі таңда елімізде теріс пиғылды діни топтардың (әсіресе ислами теріс пиғылды топтар) теократиялық немесе клерикалды мемлекет құруға деген талпынысы зайырлылықпен тығыз байланыстағы құқықтық мәселелеріне, адамсүйгіштікке нұқсан келтіруі мүмкін.
Ғаламторды пайдаланып, жаңа тақырыпты түсіндіру. Әр топ өзінің шығармашылық жұмысын пайдалана отырып , ойын толықтырады.
Қазіргі әлемде зайырлы және теократиялық деп аталатын мемлекеттің екі түрі бар.
Зайырлылық болмысын үш сөзбен білдіруге болады. 1.бейтараптық 2.тәуелсіздік 3.еркіндік
Теократиялық мемлекеттік жүйе-мемлекетті дін басқарған жүйе.
Қорытындылау: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі халыққа жолдауында «Зайырлылық- біздің ең басты құндылығымыз» деген болатын. Адамгершілікке негізделген қоғамда ар , намыс, абырой заң жүзінде қорғалады.Заң бойынша , біреуді қорлау – қылмыс деп табылады.Заң жеке адамның арын, ұжданын және қадірін қорғаумен бірге , оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына да жол бермейді.
Адамдық борышың- Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай. Ар сақта ,оны біл.
Шәкәрім
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: §2. оқу. «Қазақстан –зайырлы мемлекет»тақырыбына шағын шығарма жазу,деңгейлік сұрақтармен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |