353
кеңес, кеңес үкіметі, бай-құлақ, газеттің басқармасы (редакция-
сы), қаулы шығару
деген сияқты тіркестер еді. Б.Майлин, М.Әуезов,
С.Мұқанов, С.Сейфуллиндердің шығармаларына қарағанда, XX
ғасырдың 20-30-жылдарында қазақ ауызекі сөйлеу тілінде де жаңа
сөздердің едәуір болғаны байқалады және олардың көбі орыс сөздері
болып келеді. Мысалы, Б.Майлиннің 1920 жылдардың ішінде
жазылған, сол кезеңдегі қазақ ауылдарын, қазақ қоғамын суреттеген
әңгімелердегі диалогтерден
расқот, нәлөк, сбор (жинау), списке, ат-
каз беру, контыр, кәмөнес, пыртақол
деген сөздер жиі кездеседі.
1930 жылдардың барысында алдыңғы кезеңдегі неологизмдердің
көбі әдеби тілге сіңіп, яғни баспасөзде, жиын-жиналыстарда,
көпшілікқолды кітаптарда жиі қолданылып та үлгерсе, бұлардың
үстіне келесі онжылдықта дүниеге келіп жатқан саяси оқиғалар мен
іс-әрекеттерге қатысты жаңа сөздер қосылды. Олардың ішінде
тап
жауы, халық жауы, кәмпеске, артель, коммуна, колхоз, совхоз, коо-
ператив, еңбек ақы, жал ақы, қисын (Маркс, Ленин қисыны), клуб,
устав
сияқты жеке атаулар мен лексикалық тіркестер бар және
олардың көбі – бөгде тілдік бірліктер болып келеді. Жаңа орнаған
советтік құрылыста айтылатын
дауысқа салу, қол көтеру, қаулы
шығару, ұйымдасу
(артель болып ұйымдасу),
бірлесу, бірлестіру, ар-
тельге кіру, екпінділер, жоспар, оңшылдар, солшылдар, коллектив,
лекбез
(ликвидация безграмотности) сияқты қазақша, орысша сөздер
де – 20-30 жылдардың неологизмдері. Бұлардың көпшілігі баспасөз
беттерінде де, күнделікті қарым-қатынаста да жиі қолданылды.
1920-30-жылдардағы оқу-ағарту ісіне, театр және басқа да ойын-
сауықтарға қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестері өз алдына бір
төбе лексикалық байлық болып қосылды. Бұл көрсетілген фактілер,
олардың түрлері, тақырыптары, жасалу амалдары жайында өз ал-
дына кең зерттеліп, баяндалатын әңгіме екендігі осы жұмыстың бас
жағында да айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: