атаулық (атауыш) бірлік бола алады. Демек, сөздерде номинативтік
мүмкіндіктер аз болмайды. Сөздердің семантикалық кеңістігі неоло-
гияда (жаңа сөздердің пайда болуында) белгілі рөл атқарады.
Демек, неология тақырыптары номинацияның:
1) жаңа атаулардың пайда болу уәждері;
2) жасалу амалдары;
3) заттық және ұғымдық атаулары;
4) номинативтік классификацияның параметрлері;
5) номинация кластары сияқты мәселелерді орайластыра қарас-
тырады. Номинацияның тек теориялық жақтары ғана емес, жаңа
атауларды кезең-кезеңге қарай сөз ету, лексикалық жаңалықтарды
жинастыру, сұрыптау, сөздіктерін жасау сияқты практикалық қаре-
кеттер де ұмыт қалмауға тиіс. Бұл көрсетілген зерттеу қырларының
әрқайсысы қазақ тіліндегі неология құбылысын әр кезеңге қарай зер-
делеген алдағы тақырыптарда кеңінен сөз болады.
Жаңа сөздер туралы зерттеулердің тағы бір таңымдық негізі –
сөзжасам теориясына барып тіреледі. Бұл күндердегі сөзжасамдық
процесті когнитивтік аспектіде қарастырудан гөрі, орыс тіліндегі
атаулардың дұрыс (дәл) қазақша аудармасын ұсыну, тілде бар ата-
уларды үйлестіріп, сұрыптау, яғни ең дұрыс деген вариантын тау-
ып, қалыптандыру, жаңа пайда болып жатқан зат, ұғым атауларын
ұсыну (ол да көбінесе өзге тілдердегі сөздердің сол күйінде не ауда-
рылып берілуі болып келеді) сипатында (аспектісінде) орын алады.
Мұнда көпмағыналық, синонимдік, антонимдік қатарлардың рөлі
айтарлықтай емес екендігін көруге болады.
338
Бүгінгі сөзжасамда
ұғым, мағына, атау категориялары назарға
ілінеді, бұл да – тілдегі жаңалықтарды танудағы теориялық негіз-
дердің бірі екендігі осы жұмыстың өн бойында көрсетіледі.
Қазақ тілінің неологиялық ізденістері үшін номинация саласының
тағы бірнеше тұсының мәні зор. Солардың бірі –