Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет213/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

құрама
неме-
се 
қосынды
, я болмаса 
аналитикалық
деп аталатын екі-үш жеке 
сөздерден жасалған лексикалық бірліктер. Олардың табиғаты, жаса-
лу жолдары, бір сөз болып келетін атаулардан тек тұлғалық емес, ішкі 
(семантикалық) айырмашылықтары, бір тұстас тұлғаға ұласу әлеуеті 
де арнайы зерттеу нысаны болмақ. Сондай-ақ құрама аталымдар 
заттық не ұғымдық бір сөз жасаудың «әзірге, запастағы» амалы ма 
әлде номинативтік «тең праволы» тәсілдердің бірі болып қала бере 
ме деген проблеманы ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу міндеті 
тұрады, ол үшін жаңа құрама аталымдардың қолданыс жиілігі, үлгілік 
сипаты, терминдік «қасиеті», мағыналық дәлдігі есепке алынуға тиіс. 
Бұл да – қазақ тіл білімінде жеке өз алдына монографиялық ғылыми 
зерттеу түрінде әлі кең етек алмаған тақырып.
Екінші – арнайы тағы бір зерттеу нысаны етіп бірнеше үлкен 
еңбектер жазылуға тиіс проблема – 
кірме бірліктер
, яғни кірме сөз, 
кірме лексикалық тіркес, кірме сөз алды форманттар.
Кірме
(заимствование) сөз деп танудың белгілері, кірме сөз бен 
өзге тілдік немесе бөгде сөз, интернационалдық терминдер, термин 
емес қарапайым интербірліктер, олардың арасалмағы («тілдің жат 
сөздермен былғану» проблемасы) сияқты тақырып та – бүгінгі қазақ 
тіл білімінің ең өзекті түбегейлі шешімін таппаған проблема.
Неология саласы 
терминология
мәселелерімен тығыз байланы-
ста екендігі белгілі. Демек, лексикалық жаңа бірліктер тақырыбын 
зерттеу барысы термин жасам теориясымен және ұстанымдарымен 
ұштасып жатады. Сондықтан болар, қазақ тіл біліміңдегі неологиялық 
жұмыстар (ізденістер, зерттеулер, сөздіктер, анықтамалық басы-
лымдар) терминдерден алынған материалдың негізінде жүргізіліп 
келеді. Қарапайым жұртшылық та жаңа сөздер проблемасы тек 
терминологияға қатысты деп санайды. Ал терминжасам проблемасы 
– неологиялық ізденістерге қатысты болғанымен, бұл номинацияның 
бірден-бір, жалғыз-дара объектісі емес. Лексикалық неологизмдер 
тек зат есім (затты не ұғымды атау) ғана емес, сындық (сын есім, 
үстеу), қимылдық (етістік), тіпті сөздің морфемдік сегменттері са-
ласында да (
автоқалам, авиабайланыс, телебейне, ультракүлгін
сияқты бірліктерде) көрініс табады. Демек, қазіргі қазақ тіліндегі
оның соңғы 10-15 жыл кезеңіндегі лексикалық жаңалықтары туралы 
зерттеу жұмысының ізденіс шеңбері әлдеқайда кең және кей тұстары 
(мысалы, қазіргі ауыл мен қала тұрғындарының сөйлеу тіліндегі 


339
жаңа қолданыстарды жинап, саралап, анықтау сияқты жұмыстар) – 
әлі қолға алынбаған зерттеу нысандары.
Қазақ тіліне келгенде, номинация мәселесін зерделеу барысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет