Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет244/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

диалектизмдер
. Сан жағынан, бұлар да 
көп емес, дегенмен қазіргі 
егемен, ұжым, кешен, зілзала
сияқты 
бес-он сөз бұрын Қазақстанның белгілі аймақтарында жұмсалатын, 
жалпыхалықтық әдеби нормадан шеттеу тұратын сөздер болса, бұл 
күнде олар өте өнімді жұмсалатын бірліктер болып, әдеби тіл норма-
сынан орын алып отыр.
Жаңа лексикалық бірліктерге жататын сөздердің бір тобын гене-
тикалық «жартыкеш» тұлғалар, яғни алдыңғы сыңары 
авиа, авто, 
аэро, кино, изо, супер, аудио, инфра, эко, пост
т.б. сияқты сөзалды 
тұлғалардың қазақ сөздерімен бірігіп жасалған жаңа бірліктер 
құрайды. Бұл топ қазақ тілінің лексикалық қазынасында XX ғасыр-
дың 30-40-жылдарынан бастап орын алған болатын, сондықтан бұлар-
дың сөздіктерде көрсетілгендері жалпы қазақ тілі үшін жаңа тұлғалар 
болғанмен, соңғы 10-15 жылдың барысында пайда болғандары аса 
көп емес, барлары негізінен 
кибернетика, компьютерлену, ин-
форматика
, ішінара 
космология
салаларына қатыстылары болып 


384
келеді: 
аудиожазбалар, посткеңестік
(посткеңестік кеңістікте болып 
жатқан оқиғалар), 
экожүйе
т.б.
Көркем әдебиетте бұл күнде де әдеттегідей (қай кезеңде болса 
да) жаңа қолданыстар орын алып жатады. Олардың дүниеге келу 
уәжі, әрине, жоғарыда аталған әр алуан атауыштық (номинативтік) 
терминдік мәндегі неологизмдерден өзгеше де болып келеді. 
Көркем әдебиет, оның ішінде поэзия жанры да өзінің сұранысына 
(қажеттілігіне) қарай жаңа тұлғаларды баспасөз беттерінен де, 
ғылыми, әлеуметтік әдебиеттерден де, ауызекі сөйлеу тілінен де алып 
қолдана береді. Егер белгілі бір ақын не жазушы суреттеп отырған 
құбылыс, зат, іс-әрекетке қатысты бірді-екілі жаңалықты қажет деп 
тапса, оны өзі жасауы да мүмкін (мысалы, Ғабит Мүсіреповтың 
«Оянған өлкесінде» 
шлак
дегенге 
боқат
деген қазақша балама бергені 
сияқты) немесе стильдік мақсат көздеп, әсерлі, экспрессиялық бояуы 
қанық сөз деп кейбір архаистік тұлғаларды, не жергілікті сөздерді, не 
өзге тілдік сөздерді де лексикалық жаңалық ретінде ұсынуы ықтимал.
Қысқасы, бүгінгі таңда сөздік қазынаның жаңалықтарын негізінен 
публицистикалық стильден, яғни бұқаралық ақпарат құралдары: 
баспасөз, радио, теледидар тілінен іздеу керектігі анық.
Соңғы кезеңдердегі лексикалық жаңалықтарды пайда болатын 
және еркін (жиі) жұмсалатын орындарына қарай шамамен бес-алты 
топқа бөліп талдауға болады: 1) бұқаралық ақпарат құралдарында; 2) 
ғылыми әдебиеттерде; 3) көркем әдебиетте; 4) ауызекі сөйлеу тілінде; 
5) мемлекеттік ресми және бейресми іс-қағаздарда; 6) ойын-сауық, 
спорт әлеміне қатысты хабарлар мен жазбаларда орын алатын сөздер 
мен лексикалық тіркестерде.
Әрине, бұлар – бір-бірімен ұштасып жатқан дүниелер, сондықтан 
бірінде кездесетін жаңа сөздер екінші, үшінші топтарға көшіп
қолданысқа түсіп жүре берулері мүмкін. Әсіресе көркем әдебиет 
ауызекі сөйлеу тіліндегі, баспасөз беттерінде кездесетін кейбір 
жаңа тұлғаларды, теледидар мен радиодан құлағы шалған тосын 
(жаңа) сөздерді әр алуан стильдік мақсатпен жұмсауға бейім тұрады. 
Өзге топтағылар да – осындай. Бірақ осы топтардың ішінде ең 
«жаңашылы» – газет-журналдар беттері мен радио, телехабарлар.
Оның үстіне негізінен баспасөз беттерінде ғана жұмсалатын
күнделікті сөйлеу тілінде де, әдеби тілдің өзге стильдерінің 
үлгілерінде де қолданылмайтын стереотип неологизмдер бар 
екенін баса айтуға болады. Мысалы, 
ақпараттық кеңістік, рухани 
кеңістік, саяси ойын, орынтақ, дискредитация
(
беделін түсіру
деп 
қазақшаланып та жүр), 
ынталы топ, әкімқаралар, іскер топтар, 
кәсіби деңгей, басымдықтар 
сияқты жеке сөздер мен лексикалық 
тіркестер негізінен баспасөз беттерінде қолданылады. Әрине, оларды 
мұқият іріктеп жинап алып, сөз ету – алдағы ізденістеріміздің бірі 
болмақ.


385


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет