400
балық, құс, тауық
сияқты мағыналы сөздердің зоологиялық тер-
миндер түзуі (
жыланқұрт, тарақбалық
,
түйетауық, итбалық
т.б)
парадигмалық жүйелі сипатта келеді. Аң-құс, құрт-құмырсқа, өсімдік
атауларын бір таңбамен (сөзбен) білдіруде жүйелі түрде бір тип-
тес (бірнеше сөз жасайтын болып) жұмсалуына келгенде сөзалды
аффиксі (префектсоид) сияқты қызмет атқаратын сөздер де едәуір
мол, олар түр-түсті атайтын
ақ, қара, сары, ала
сияқты жалпы атау-
ды білдіретін,
ит, қой, қозы, аю
сияқты (
қойбүлдірген, қозықұйрық,
алабүға, аққайран, ақсерке, қаракөз
(балық),
қарақұйрық
) жеке
мағыналы сөздерді де қосып жазып, сөздіктерде, оқулықтарда бір
сөз етіп тұлғалап беруіміз және бұлайша таңбалауды (біріккен сөз
орфограммасын) ережеге айналдыруымыз – бүгінгі сөз-жұрнақтар
қатарының көбеюіне жол ашып беріп отыр. Бұл – сөздік қазынаның
сан жағынан толығуының көрінісі, лексиканы толықтырудағы амал-
тәсілдерінің түрлене түскендігін, барларының орнығып нормаға ай-
налып, қалыптануын танытатын тілдік құбылыс.
Жаңа сөздердің әдеби тіл нормасына еніп, тұрақталуы жөніндегі
зерттеу күнделікті баспасөз тілін, радио мен теледидардың тілдік
тәжірибесін, тіпті ауызекі сөйлеу тілін үзбестен қадағалап отырып,
нақты материал жинастырып барып, кеңінен сөз ететін тақырып.
Дегенмен жоғарыда көрсетілгендей, жүздеген жаңа бірлік бұл күнде
жиі қолданылып, әдеби тіл тәжірибесінде орын тепкенін айтуға бола-
ды. Демек, бүгінгі қазақ лексикасындағы неологиялық құбылыс аса
қарқынды, өнімді кезеңді бастан кешіруде. Мұның себептері (уәждері)
мен теориялық негіздері жоғарыда барынша айтылып, дәлелденді.
Бұл процесс әлі де қарқын алып, үдей түседі деуге болады. Бұған
тек ғылым мен техниканың, шаруашылық түрлері мен экономикалық
жаңа қатынастардың, информатика мен компьютерлендірудің жаңа
кезеңі туғандығына байланысты сыртқы экстралингвистикалық фак-
торлар ғана қозғаушы күш болмай, бүгінгі қазақ тілінің табиғи да-
муы мен жетілуіне тікелей қатысты екендігін, атап айтқанда, номи-
нация теориясы бойынша бір ұғымды бір таңбамен (сөзбен) білдіру,
үнемдеу заңы, аналитикалық амалдың күшейе түсу фактісі сияқты
ішкі заңдылықтары да жұмыс істеуде. Қазақ тілі бұл күнде жай даму
емес, жетіле даму үстінде.
Қолданыстағы лексикалық жаңалықтардың баршасы бірден
әдеби тілдік қормаға еніп, кодификацияланбайтыны түсінікті. Бір
ұғымды білдіруге ұсынылған жаңа сөздердің екі-үш, кейде одан да
көп варианты болуы мүмкін. Мысалы, бұрын
Достарыңызбен бөлісу: