Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет255/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді
1 бақылау жұмысы, тарбие сағаты 7 Б
(-ның, 
-ы) 
түсіріліп айтылуы немесе өзге де қосымшалар түсіріліп бірігуі 
тілдің ішкі даму заңдылықтарының бірі – ықшамдау тәсіліне барып 
тіреледі. Бұл тіл білімінде атаудың нақтылана түсуі (актуализация но-
минация) деп аталады.
Біздің байқауымызша, бұл амал да келешекте жандана түсетін 
сияқты. Сондай-ақ фразеологиялық тіркес іспетті келетін бірліктердің 
де жаңа мағына беретін тұтас бір сөз ретінде қалыптасуы да бел алып 
келеді. Мысалы, соңғы жылдарда жаңа шыққан туындыны ресми, 
салтанатты түрде атап, жұртшылыққа таныстыру үрдісі етек ала 
бастады, ол орыс тілінде 
презентация
деп интертерминмен атал-
са, қазақша бейнелі фразеологизмнен жасалған 
тұсаукесер
сөзі 
эквиваленті болып отыр. Жазалы адамды тексеріс біткенше түрмеге 
отырғызбай, үйінде отыруын талап ету орысша 
домашний арест
деп құранды тіркеспен келген термин болса, қазақша 
үйқамақ
деген 
біріккен бір сөзбен атау ұсынылып жүр, ал Қытай қазақтары мұны 
тіпті бейнелі тіркеспен 
мырзақамақ
деп атапты. Мемлекеттік табы-
сты өндірістің бір ғана түріне сүйене берудің жемісті емес екендігін 
айту үшін баспасөзде 
сыңаржақ экономика
деген сөздер пайдаланса, 
оны баспасөздің біреуінің бетінде 
мұнайжақ экономика
деп атапты. 
Соңғы атау – әрине, ресми, кәнігі термин емес, бірақ публицисти-
ка стилінде орын алатын жаңа қолданыстардың бірі болып таныла-
ды. Ұлтаралық мәселе сөз болатын жерлерде баспасөзде 
қазақтар
дегенді 
қаракөздер
деп бейнелеп атау да – неологиялық қолданыс.
Жеке сөздердің бірігуі арқылы жасалған неологизмдердің біраз 
тобы суреттеме немесе экспрессивтік тіркестерден жасалған болып 
келеді. Мысалы, белгілі бір ресми әкімшілік орындарын 
орынтақ
деп атау соңғы жылдары пайда болды, мұнда 
орын
– жай нейтрал 
мәнді сөз де, 
тақ
– хан, «патша, император отыратын орын» деген 


396
жоғарылықты, әкімшілікті, әміршілдікті меңзейтін семантикалық 
реңкі (семасы) бар сөз, демек, атау көбінесе әңгіме сынау, наразы болу 
эмоциясымен айтылған кезде орын алады. Қазақ елінің тәуелсіздік 
алып, бірінші Президенті сайланып, еліне тән рәміздері пайда болған 
күннен бастап қолданыла бастаған 
Елбасы
сияқты жаңасөз ресми 
терминнің экспрессивті сипаты күшті екінші метафоралық атауы 
болғаны даусыз. 
Елбасы
неологизмі осы мәнде, яғни 
Президент
терминінің бейресми суреттеме баламасы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет