Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет253/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді
1 бақылау жұмысы, тарбие сағаты 7 Б
сөз

тосынсөз
(окказионализм), 
дәйексөз
(цитата), 
көсемсөз, кеспесөз

-
ақы
(
жәрдемақы, жамбасақы
) сияқты бірліктер де жандана түсті. 
Осы қызметте бұрынырақ -
тану
(
жаратылыстану, тілтану
), 
-
аралық
(
ауданаралық, халықаралық
) сияқты бірді-екілі сөз көріне 
түскен болатын. Бұл сөздерді біз 
сөз-жұрнақтар
немесе 
аффиксо-
идтар
деп атадық. Әрине, олар – толыққанды жұрнақтар емес, бірақ 
бойларындағы семалардың (мағыналық реңктерінің) біреуін сақтап, 
жаңа зат, ұғым атауларын жасауға қатысып, аффикстің қызметін 
атқарып тұр. Бұл тәсіл, сірә, алдағы уақытта көлемін (бірліктер санын) 
өсіре түсуі мүмкін. Өйткені бұған өсімдіктер мен жан-жануарлардың 
атауын жасауда қолданылып келген модель үлгі болып тұр. Айталық, 
қарақұс, аққұс, қараторғай, суықторғай, аққоян, орқоян
дегендер-
де 
құс, торғай, қоян; тарақбалық, қылышбалық, ақбалық 
деген-
дерде 
балық
сөздері негізгі семантикалық тірек сөз болғанымен, 
олар алдындағы сөздерді жетекке алып, жеке-жеке атаулар жасап 
тұр. Бұл жерде біріккен екі сөздің соңғысы аффикс іспеттес неме-
се алдыңғы префикс тәрізді қызметте тұр деуге болады. Бұл сияқты 
ұялас сөздерді біріккен сөздер ретінде қосып жазу нормасы бел алып 
келеді. Айталық, қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің 2005 жылы 
жарық көрген соңғы басылымында екінші компоненті (құрамдас 
бөлігі) 
тас
болып келетін бірнеше сөз қосылып жазылып, біртұтас 


394
тұлға (бір сөз) ретінде ұсынылды: 
қойтас, малтатас, жақпартас, 
үйтас
деген сөздердің біріккен тұлға ретінде ұсынылуы 
тас
сөзінің 
аффиксоид қызметін атқарып тұрғанын көрсету деуге болады. 
Бұлардың ішінде соңғы кезеңнің неологизмдері де бар: 
құйматас
(бетон), 
гіртас
(гири).
Бірді-екілі сөздің аффиксоитар ғана емес, сөз алдынан келетін 
префиксоидтің қызметіне ұқсас келетін тұстар да бар. Мысалы, 
ойтүрткі, ойтамызық, ойтолғам 
сөздерінде 
ой
сөзі, 
түпсана
(под-
сознание), 
түпдерек
(источник), 
түпнұсқа
(оригинал), 
түптұлға
(прототип) деген терминдердегі 
түп
тұлғасы жаңа сөз жасайтын 
префикс қызметін атқарып тұрған сияқты. Әрине, бұл сөздердің таза 
жұрнақтардан айырмасы үлкен, әсіресе семантикалық сипаттары екі 
бөлек. Соңғы 10-15 жылдың барысында 
тас
сөзімен жасалған жаңа 
сөз жоқ. Тек бұрын бөлек жазылып келгендерінің біріктіріп берілуін 
лексика-орфограммалық жаңалық деуге болар. 
Жұрнақ 
жалғау арқылы жаңа сөз жасау бүгінде де күшін жой-
майды, керісінше, толық мағыналы сөздерге сөз тудырушы қызмет 
жүктеліп, олар семантикалық-морфологиялық жаңа статусқа ие 
болып отыр, яғни оларды тілдің өзі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет