397
түсінігінде малдың төлін байлау үшін керілген ұзын арқан бол-
са,
интернет желісі
дегенде соңғы сөз біздің өмірімізге ең соңғы
онжылдықтарда дүниеге келген интернет дегенге қатысты неоло-
гизм болып тұр. Қалған мысалдарда да осылайша, негізгі, байырғы
мағынасы және оның мағыналық реңктерінің бірін пайдаланып
жасалған өзгеше жаңа ауыспалы мағынасы бар екенін түсіндіріп
танытуға болады.
Мұндай семантикалық-синтаксистік құбылулардың бірқатары-
ның метафоралық сипаты болады. Мысалы,
қол жинау, сыбайлас
жемқорлық
.
Сөз етіп отырған кезеңдегі тілдік жаңалықтардың келесі бір
тобы – белгілі бір ұғымды, затты, құбылысты атау үшін сөздерді тір-
кестіру арқылы жасалған құрылымдар. Әдетте бұлар
лексикалық
тіркестер
және
суреттеме
тіркестер
болып келеді. Бір ұғымды бір
сөзбен атау мүмкіндігі жоқ жерде ол тіркеспен аталады. Мысалы,
қазіргі күнде жиі қолданылатын
жылжымайтын қор, тұтыну қор-
жыны, келісім шарт
(договор) сияқты анықтауышты тіркестер бір
ұғымды атайды (олардың көбі орыс тілінде бір сөзбен де келеді:
Достарыңызбен бөлісу: