Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет257/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

но-
востройка, хлебозаготовка
. Бұндай құрылымдар 
лексикалық тіркес
деп те, 
құрамды
(қосынды, күрделі) 
тіркес
деп те әртүрлі аталып 
жүр.
Құранды тіркестердің қатарына 
жеңілу
дегенді 
жеңіліс табу, 
көріну
дегенді 
көрініс табу
деп есім мен көмекші етістік құрамымен 
айту үрдісі де жатады. Мұндай тіркестер – соңғы кезеңдердің 
жемісі және орыс тілінің әсері мен аударма әдебиетте қалыптасқан 
неологиялық бірліктер. Бұл сияқты құрама (қосынды) тіркестер 
көбінесе баспасөз беттерінде, публицистикалық және ғылыми стиль 
үлгілерінде қолданылады.
Лексикалық неологизмдердің жасалуындағы тағы бір түрі – би-
номдар деп аталатын қосарланған сөздер. Екі сөз қосарлана қолда-
нылып, жаңа мағынаға ие болады. Бұл тәсіл – біздің күндерімізде 
аса өнімді емес, бірақ қазақ тіліне жат амал болмайтын. Айталық, 
бұрынғы 
той-томалақ, көші-қон, құрт-құмырсқа
деген қос сөздер 
компоненттерінің жеке-жеке мағыналарынан өзгеше жаңа мағынаны 
білдіреді. Мұндай қосарлар көбінесе жинақтау семантикасын ием-
деніп, жалпы атауға айналады. Мұндай биномдер – өте ертеде қалып-
тасқан бірліктер. Бүгінгі күнде ең өнімсіз амалдың бірі осындай 
қосарлар құрылымы деуге болады. Бірен-сараны (
вагон-ресторан, 
парк-көрме, пресс-орталық
т.б.) орыс тілінде қалыптасқандарды не 
тікелей өздерін, не калька жолымен пайда болған үлгілерін атауға бо-
лады.
Алдыңғы онжылдықтарда (1970-1990) едәуір орын алған 
ақыл- 
шы-ұстаз, таңдау-балама, күйме-бесік
сияқты сөз қосарлау тәсілі-


398
мен жаңа бірліктер жасау соңғы 10-15 (1990-2006) жылдар кезеңінде 
айтарлықтай көзге түспейді деуге болады, дегенмен бірен-сарандап 
кездесіп қалады: 
бизнес-орталық, айтыс-шоу
.
Соңғы кезеңдердегі тілдік жаңалықтардың өнімді амалдарының 
бірі – сөз тіркестіру: 
атаулы көмек
(адресная помощь), 
еншілес 
кәсіпорын, сынақ алаңы, жылжымайтын мүлік.
Мұндай тіркестер 
кейде бір терминді білдіреді (оны орысша баламасына қарап тануға 
болады). Мысалы, 
сыбайлас жемқорлық
– коррупция, 
теріс хабар
– дезинформация, 
астарлы сөз
– подтекст, (біреудің) 
беделін түсіру
– дискредитизация, 
жартылай финал
– полуфинал, 
іскер топтар
– 
предприниматели, 
тең төраға
– сопредседатель, 
бағамалы түрде
– 
альтернативно т.б. терминдік бір мағынаны білдіретін тіркестердің 
кейбіреулері орыс тілінде де тіркес түрінде келеді: 
тұтыну қоржыны
– прожиточный минимум, 
жабық есік жағдайында
– при закрытых 
дверях, 
еншілес кәсіпорын
– дочернее предприятие, 
үш еселенген 
әлем чемпионы 
– трижды чемпион мира т.б.
Тіркес түрінде келген жаңа бірліктер, біздіңше, әрі қарай да 
орын ала береді. Бұған қазақ тілінде орыс тіліндегідей префикс 
сияқты сөзалды қосымшасының немесе екі түбірді жалғастыратын 
о (е)
сияқты дәнекер форманттардың жоқтығы да себепкер бола-
тын сияқты. Бұл жағдай орыс тілі арқылы келген сөздерді, көбінесе 
терминдердің қазақша баламасын ұсыну барысында орын алып 
келеді (мысалы, кезінде бірнеше жыл жиі қолданылып келген 
пере-
стройка
термині 
қайта құру
деп аударылды. Бұл термин қосып 
жазған күннің өзінде де тұрпат жағынан сөз тіркесі екені көрініп тұр. 
Бұл жерде ұғым да, оны білдіретін сөздер де – жаңа). Терминдеудің 
бір талабы бір ұғымды бір сөзбен атау болатындықтан, қазақ тілінде 
тіркеспен келген баламаны қосып жазу әрекеті де байқалады. Мыса-
лы, 
сыңаржақ
(экономика), 
көзбояушылық
т.б.
Бүгінгі қазақ тіліндегі тұлғалық жаңалықтардың бірі – бірінші 
компоненті 
гидро, авиа, авто, аэро, агро, инфра, микро, фото, ра-
дио, электр(о), кино, теле, мото, био, квази, транс, пост 
сияқты 
сөздермен келген қазақ сөздері. Бұндай тұлғаларды «жартыкеш 
сөздер» деп атаушылық та бар, өйткені бұлар не таза біріккен емес, 
не біртекті дара сөздер емес деп танылатын болар. Бұл неологиялық 
құбылыс қазақ тілі тәжірибесінде бұдан көп бұрын, XX ғасырдың 
орта тұстарынан басталғаны белгілі. Ал соңғы 10-15 жылдың ішінде 
пост
(посткеңестік кеңістік), аудио (аудиожазбалар), эко (экожүйе) 
сияқты мүлде жаңа неологизмдер көріне бастады.
Неологизмдер тудыру үшін ескі, бұл күнде көркем әдебиет 
пен тарихқа қатысты әдебиеттерде ғана кездесетін, яғни көнерген 
сөздер мен тарихтық сөздерді (историзм дегендерді) жаңа заманның 
реалийлерін атауға жұмсау әрекеті де бар. Мысалы, 1998 жылы 


399
бекітілген әскери терминдердің ішінде 
қаптал
(фланг), 
маңдайшеп
(передовой отряд), 
лек, жасақ
(отряд), 
берен
(бронежилетка), 
тору-
ыл
(засада), 
айдауыл
(конвой) сияқты байырғы әскери лексиканың 
бірліктері бар.
Тіпті 
солдат
пен 
войн
деген сөздерді ажырату үшін 
сарбаз
және 
жауынгер
сөздері синонимдер ретінде емес, жеке нақты атау ретінде 
ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет