391
қимылдың субстантивтенуі,
әрекеттің заттық атауы, бұл неологизм
парламент сияқты ресми орындарда
белгілі бір заңның жобасын
қабылдау үшін оның мәтіні оқылады, осы іс-әрекеттің
заттық аталуы
оқылым
болмақ. Бұрын мұндай морфологиялық трансформацияны
тұйық етістік тұлғасы –
-у
жұрнақты пайдаланылушы еді. Бұл тұлғада
да қимыл мағынасы (семасы) сақталатындықтан,
енді номинация
заңы бойынша әрбір зат, қимыл, сын өз атымен бөлек аталу талабы
туып отыр, сондықтан «пәлен деген заң жобасы бірінші оқылуында
қабылданды» демей, «бірінші оқылымда қабылданды» деп мәлімдеу
ресми-кеңсе тілі стилін (нормасын) сақтау болмақ.
Осы үлгіде соңғы жылдарда баспасөз беттерінде орын алған
жөнелтім
–«тауарды бір жерден, айталық, зауыттан немесе басқа бір
елден екінші жерге жөнелту» деген жұмыстың (актінің) атауы (орыс-
ша –
отправка
);
ұшырылым
(орысша –
запуск ракеты
),
өтінім
– за-
явка,
түсім
–
поступление,
тіркелім
– прописка,
ауысым
– смена,
шығарылым
– выпуск,
сайланым
– созыв (парламент сайланымы),
өткізілім
–
реализация,
тізілім
– реестр,
қойылым
– постановка.
Жаңа сөз жасауда көбірек қолданылып жүрген жұрнақтардың
тағы біреуі –
Достарыңызбен бөлісу: