таза ғылым мен техникаға қатысты әде-
биет
саласын атау керек. Бұл саладағы жаңа сөздер ғылыми еңбек-
терде, жоғары оқу орындарына арналған әдебиеттерде, ғылымның
әр саласының терминологиялық сөздіктерінде беріледі. Алдыңғы
аталған салалардағы неологиялық бірліктер
көпшілікқолды
болса,
соңғы топтағылар қолданылу аясы шектеулі
арнаулы
болып келеді.
388
Алдыңғы топта қазақша жаңа сөздер көбірек орын алса, соңғы
топтағы жаңалықтар белгілі бір ғылым саласында пайда болған
интернационалдық сөздер болып келеді.
Бұл – көпшілікке түсінікті түрде көп сөз болып келе жатқан
әңгіме. Тек бүгінгі қазақ тілінде ғана емес, көптеген тілдерге ортақ
құбылыс. Мысалы, орыс тілінде таза ғылыми терминдердің 70-80
пайызы интерсөздер екен.
Тілдегі жаңалықтардың жасалу жолдары
Неологиялық бірліктердің тұлғалық көріністерін сөз еткен еңбек-
тер баршылық. Бұл тақырып тек неологизмдерге ғана қатысты
емес, жалпы тіл білімінің, «сөзжасам» тармағы бойынша тіл-тілдің
қай-қайсысында кеңінен зерттеліп келе жатқаны мәлім. Жаңа
қолданыстар, жаңа сөздер туралы таным-білімнің, жоғарыда ай-
тылды, бір ұшы «сөзжасамға», екінші қыры «номинация» тараула-
рына қатысты болғандықтан, неологизмдердің морфологиялық түр-
тұрпаты, яғни жасалу жолдары – қазақ тіл білімінде де әбден тал-
данып зерттелген сала. Сондықтан бұл жұмыста соңғы 10-15 жыл
барысындағы лексикалық жаңалықтардың жасалуында активтенген
ең өнімді тәсілдер мен енді тұрақтана бастаған жаңа амал-тәсілдер
сөз болады.
Әрине, сөзжасам саласында едәуір тұрақты (барлық кезеңде орын
алған), көптеген тілдерге тән (ортақ) универсал болатындығына
қарамастан, бұл салада да әр тілдің даму барысында және оның әр
кезеңінде жаңалықтар, өзгерістер болып жататынын жоққа шығар-
майды. Бұл орайда экстралингвистикалық фактор да (әлеуметтік
сұраныс, өзге тілдердің әсері, аударма ісі) орын алады.
Жаңа бірліктердің жасалу тәсілдерін, тұлғалық бітімі морфоло-
гиялық тұрпатын сөз етуге көшпес бұрын бұл фактілерді талдаудың
мынадай тұстарына көңіл аудару керек болады: 1) қолданыста
жүрген байырғы сөздердің мағынасын ауыстырып (кеңейтіп неме-
се қосымша жаңа мағына үстеп), неологиялық бірлік жасау үшін
ол сөздің семантикалық кеңістігіне қатты назар аудару керек; 2)
жаңа сөз жасауда кейбір жұрнақтардың, бірді-екілі тұста көптік
жалғауының қызметі активтенетіні көрсетілуі тиіс; 3) лексикалық,
кейде фразеологиялық тіркес құрайтын екі сөздің бірігуі, қосарлануы,
бірнеше сөздің қысқарып (ықшамдалып) бір тұтастық жасауы; 4)
неологиялық бірліктердің аналитикалық тәсілмен жасалған түрлері
– сөз тіркестері; 5) кірме сөздердің тілдегі неологизмдер болып сана-
латын топтарының тұлғалық көрінісі; 6) экспрессия уәжімен пайда
болатын неологиялық бірліктердің жасалу амалдары.
389
Қазақ тілінің соңғы 10-15 жыл барысындағы жаңа бірліктермен
толығу процесін талдағанда көзге түсетін құбылыс – ол неологизм-
дердің жеке сөздердің семантикалық трансформациялануы арқылы
көбірек жасалғандығы, яғни қолданыста бар сөздердің мағына үстеуі
(мағына кеңейтуі не тарылтуы), жаңа мағыналық реңктер (сема-
лар) қосуы бұл күнде біршама өнімді амалдардың қатарында тұр.
Әрине, бұл тәсіл қазіргіден көп бұрын жанданғаны мәлім. Әсіресе
XX ғасырдың басынан бастап қоғам өмірінің көптеген саяси, мәдени,
рухани, әкімшілік, тіпті экономикалық тұрмыс-тіршілігіне қатысты
жаңа ұғым, кейбір жаңа зат атаулары сауатсыздықты жою үшін осы
тәсілмен дүниеге келді.
Күрес (тап күресі), тартыс (тап тартысы),
жарыс (социалистік жарыс)
дегендерден бастап, мыңдаған байырғы
сөз бұрынғы мағынасында да, жаңа семантикалық реңктермен де
қолданылып кетті.
Тіл дамуының бүгінгі заман кезеңі – жаңа технологияның, мол
информатиканың, адамзат ақыл-ойы жеткізген ғылым салаларының
ерекше дамып отырған шағы. Сондықтан тек жаңа зат атаулары
ғана емес, жаңа ұғым атаулары да тіл-тілдің қай-қайсысында да мо-
лынан пайда болып жатқаны – мыңдаған жаңа тілдік бірліктің де
дүниеге келуіне себептер болды. Бұлардың көбі сөздің семантикалық
қозғалысын, яғни семантикалық компрессия – мағынасының та-
рылуы, метонимиялық өзгерісі т.т. сияқты семантикалық дерива-
ция құбылыстарын күшейтті. Мысалы, бұл күнде жиі қолданылып
жүрген
дара
(особь),
обыр, пәле
(рак),
сауал
(запрос),
үрдіс
(процесс,
тенденция),
кежеуіл
(телохранитель),
әлеует
(потенциал),
нысан
(объект),
бопса
(шантаж),
сұхбат
(интервью) сияқты неологизмдерді
жеке-жеке талдап түсіндірсек. Соңғы кезеңдерде жиі сөз болып
жүрген аса қатерлі аурудың орысша
рак
деп жүрген жалпы атауы
бұрын қазақша жоқ болатын. Оның
қылтамақ
сияқты жеке бір түрі
ғана аталатын. Ал рак кеселі тек ас қорыту жолдарында ғана емес,
адам ағзасының барлық мүшесінде орын алады, демек, қазақша жал-
пы атау керек. Сондықтан оны бірде
обыр
деп, келесі бір сөздіктерде
пәле
деп жеке тұлғалармен атаса, енді бір қолданыстарда
қатерлі ісік
деген тіркеспен атап келеді. Мағына жағынан келгенде,
қатерлі ісік
деген аналитикалық амалдың семантикалық үйлесімділігі ұтымды,
яғни ауру түрін дәлірек атайды, бірақ әрбір затты, құбылысты,
қимылды бір сөзбен (тұлғамен) беру – терминжасамның басты
шарттарының бірі. Демек, бұрынғы
обыр, пәле
деген жалпы ұғымды
білдіретін жай сөздерді медициналық термин ретінде ұсыну үшін
бұларды семантикалық құбылысқа түсіру қажет болып тұр.
Обыр
мен
пәле
сөздері де термин ретінде әлі әбден орныққан жоқ.
Обыр
сөзінің осы көзге дейінгі сөздіктерде көрсетілген мағынасы «көзі
390
тоймайтын ашқарақ, қомағай, жебір» дегенді білдіреді екен. Сөздің
семантикалық өрісіндегі «жапырып жалмай беретін» деген семасын
(мағыналық реңкін) пайдаланып, адам ағзасын бүлдіруде «қомағай,
жалмап жұтатын» (өлімге ұшырататын) аурудың аты ретінде
жұмсалғанда семантикалық трансформация құбылысы жүзеге асып
тұр. Ал
пәле
атауы нақты терминдік атаудан гөрі экспрессивтік атауға
жақын («пәле болып жабысқан науқас»), бұл сөздің мағыналық күші
әлдеқайда әлсіз.
Тағы бір-екі талдау жасасақ. Бұл күндерде парламент отырыста-
рында депутаттардың үкіметке немесе жеке министрлерге, жауапты
адамдарға белгілі бір проблемалар жөнінде сұрақтар қойып, жауап
қайтаруды, мәселенің мән-жайын түсіндіруді талап етеді. Демек,
бұл қойылатын сұрақтардың ресми термині – атауы болу керек.
Мұндай атауға қазақтың бір сөзі
сұрау
дегеннің синонимі –
сауал
сөзі
алынған.
Сауал
сөзінің кәнігі семантикалық ауқымы сәл кеңейтіліп,
ресми саяси реңк үстеліп, неологиялық бірлік жасалып тұр. Дәл
осындай семантикалық-неологиялық трансформация сұхбат сөзінде
көрінеді. «Әңгіме-дүкен құрған жай отырыс, жиын» мағынасында
ғана жұмсалатын
сұқбат/сұхбат
сөзін «баспасөзде, радио мен теле-
видениеде хабарлау үшін сұрақ-жауап түрінде жүргізілген әңгіме»
деген мағына беретін орыс тіліне ағылшын тілінен алынғап
интер-
вью
терминінің баламасы ретінде ұсынылып жүр. Бұл сөз бұдан
20-30 жыл бұрынғы неологизм деуге де болады, бірақ жиірек
қолданылып, ресми термин ретінде тұрақталған кезең – соңғы 15-20
жыл деп айтуға болады. Өйткені соңғы онжылдықтарда ресми әңгіме-
дүкеннің жиірек орын алуы қоғам өмірінде ауызша тілдің әлеуметтік
қызметінің арта түсуіне де байланысты деуге болады.
Сөйтіп, аса жиі болмағанмен, сөз мағынасының семантикалық
ауқымынан жаңа бірліктер жасаудың ретін табу – бүгінгі неологияның
қажетті амалдарының бірінен көрінеді.
Екінші кезекте тұрған деп аффиксация амалын атау қажет.
Әрине, бұл деривациялық құбылыс – жаңа лексикалық бірліктер
жасауда қашанда да көрнекті орында. Бірақ әр кезеңде белгілі бір
жұрнақтардың қызметі артады, кейбірі өте сирек көрінеді.
Бұл жерде сөз болып отырған кезеңде жаңа бірліктер жасауда
кездесетін барлық жұрнақтарды түгендеп шықпай, аса жиі қолда-
нылғандарын атауға болады. Олар
Достарыңызбен бөлісу: |