Ол өзіне
жіп орап алды
дегенді сол кездегі түркі тайпаларының бірқатары:
ол өзүне йуң толғанды
деп айтатындарын мысалға келтіреді (ДС,
573). Сонда
абжыландай
толғану
дегендегі
толғану
сөзі «ирелеңдеп
жылжыған» немесе «шиырылып оралған» деген ұғымды, одан ба-
рып «арбаған, қызықтырған» деген ауыспалы мәнді білдіреді. Сірә,
бүл тіркестің образдық қызметі жыланның әйтеуір жылжуына теңеу
емес, оның адамды арбайтындай, қызықтыратындай көрінісіне теңеу
болса керек.
Толғау (толғану
) сөзі ауыспалы мәнде «қызықтыру» дегенді
білдірер болса,
абжыландай толғану
деген тіркестің екі сөзінде де
адамды өзіне тарту, қызықтыру ұғымын табамыз.
Абжылан (әбжылан)
сөзін «арбаушы, сиқырлаушы, қызықты-
рушы» деген образ ретінде қолдану тек жырда ғана емес, ақын-
жырауларда да кездеседі. Мысалы, Бұхар жырау (XVIII ғ.):
Ұрғашының жақсысы
Әбжыландай сумаңдап
,
Боз жорғадай бұлғады, –
дейді. Немесе Жамбыл осы образды айдаһарға қатыстырып айтады.
«Өтеген батыр» жырында айдаһар (қазақ ұғымында ол да – жылан):
Жүз құбылып толғанып,
Өтегенді шақырды, –
12
деп келеді. Тек қана абжылан емес, жалпы жылан атаулыны арбаушы,
сиқырлаушы образында ұсыну қазірге дейін жоқ емес. Мысалы,
жазушы Ғабит Мүсірепов «Оянған өлке» романында Игілік бидің
қонақ күтіп жүрген сылаң тоқалы Айғаншаны «
қысыр жыландай
жүйткіп жүр» деп суреттейді (Ғ. Мүсірепов. Таңд. шығ. 1955, II том,
10).
Сөйтіп, бір кездерде
абжыландай толғану
деген тіркес образды
білдіруге жұмсалған. Келе-келе
жылан
сөзінің көбінесе жағымсыз
образға қатысты айтылатыны себеп болып, адамның жағымсыз
іс-әрекетін бейнелеуге қолданылатын болған. Мысалы, Ілияс
Жансүгіровтің мына өлеңінде:
Албасты Арқадағы
аб(ы)жылан
Молда отыр ысқырынып, оқып Құран.
Атты арбап, атан жұтып жатыр молда
Құранмен жем түсіріп жуан-жуан, –
деп
ысқырынған абжыланды
жағымсыз жемқор молданың образын
беруге жұмсаған. Жамбыл да бір өлеңінде жыланды арбаушы,
сиқырлаушы образ ретінде алса, келесі бір өлеңінде бұл атауды мүлде
жағымсыз образды беруге қолданады:
Ысқырынып өрмелеген тау мен тасты
Мен көргем
абжыланды
сұры қашқан.
Бұл жолдарға қарағанда, ақын абжыланды сужылан деп түсінбеген:
сужылан тау мен тасқа өрмелемейді ғой.
Тіпті қазіргі сөздіктер
абжыландай толғанды
деген тіркесті
«айбат шекті, буырқанды» деп түсіндіреді (Кеңесбаев, 9). Бұл түсін-
дірме, әрине, біржақты, ол – талданып отырған фразеологизмнің осы
күнгі қолданысына қарай берілген анықтама. Бұл сияқты әрқилы
танымдар −
абжылан
тіркесіндегі
аб
сөзінің «сиқыршы, арбаушы»
мәнінің мүлде көмескіленуінен туған жайт, яғни соңғы дәуірлерде
абжылан
сөзі жалпы жыланның, тіпті улы жыланның синонимі
ретінде таныла бастағаны байқалады. Өйткені қазіргі қазақ тілінің
толық түсіндірме сөздігі
абжылан
сөзін: 1) үлкен жылан, 2) ауыспа-
лы мағынасы «жауыз, қанішер» деп көрсетеді (ҚТТС, 1974, I, 35).
Сөйтіп, осы талдаулардан кейбір сөздердің образдар жүйесі заман
өткен сайын өзгеріп отырғаны көрінеді.
АБЫЗ.
ХІХ ғасырдың орта тұсында жасап өткен Дулат
Бабатайұлының бір өлеңінде:
Абыз
демей, не дейміз,
Шалы орнынан тұрған соң, −
13
дейді. Мұндағы
абыз
сөзі, Л. Будаговтың көрсетуі бойынша,
Қазан татарлары тілінде «оқымысты, білгір, сауатты адам», тобыл
наречиесінде
Достарыңызбен бөлісу: |