11
ша: «екі жүзділік» деп келтіреді де, абжылан – «арбайтын, сиқырлы
жылан», мұның ең бастапқы мәні – «улы жылан» деген этимология
ұсынады (Этимол. сөздік, 17). Шынында да, якут тіліңдегі «сиқырлау,
арбау, қызықтыру, магия» деген ұғымды білдіретін
ап
сөзінің төркіні
– осы мәндегі монғолдық
аб, һаб
сөзі.
Егер
абжылан
дегеннің бірінші сыңары «сиқыр, арбау» мәніндегі
сөз
деп тапсақ, әрине,
аб
сөзі қазақ тіліне якут тілінен енді деуге
болмайды. Ол – сірә, ежелгі түркі-монғолға ортақ сөздердің бірі бо-
лар. Бұл жорамалға саятын және бір дәлелді осы тіркестің
толғану
сөзімен келуінен іздеуге болады.
Толғану
сөзі қазірде негізінен «ой-
лану, терең ойға бату» деген ұғымда қолданылады. Ал бұл сөздің
«жиырылу, оралу,
бір нәрсені айналу, төңкерілу» деген мағынасы
бұл күнде қазақ тілінде ұмытылған. Л. Будагов
толғамақ
(
толғау
)
сөзінің өткен ғасырдағы қазақ тілінде «бір
нәрсені орау, айналды-
ру» мағынасы бар екенін көрсетеді (Будагов, I, 752). Шағатай тілінде
толғаштырмақ
сөзінің ауыспалы мағынасының бірі «алдап соғу, ал-
дап түсіру» екенін тағы да осы Будагов сөздігі білдіреді.
Толға
етістігінің ертедегі түркі тілдеріндегі бір мағынасы «орау»
екендігін XI ғасырдағы Махмұт Қашқари сөздігі танытады.
Достарыңызбен бөлісу: