14
Би ұлынан несі кем?
Азаулыда
аға
болған ерлер көп еді,– деген
жолдар бар
1
.
Ноғайлының Ер Шобан деген батыры Қабардының Биғазы
дегенінің жылқысын айдап әкетіп бара жатқанда,
артынан келген
қуғыншыны айнытпақ болып, қасымда мынадай-мынадай мықты ба-
тыр-жолдастарым бар деп суреттегенде:
Қан жұқпас қайқы қара болат өтпеген....
Бұ жиынның ішінде
Ер Жақсымбет
аға
бар, –
дейді. Мұндағы
аға
сөзі Жақсымбет батырдың көркем эпитеті емес,
ол қызметті
ер
сөзі атқарып тұр, бұл жердегі
аға
– «басшы, қолбасы»
деген ұғымда келген термин іспетті сөз. Демек, жоғарыда келтірілген
өлең жолдарындағы
аға
сөзі осы күнгі «жасы үлкен ер адам» деген
мағынасынан басқаша қолданыста тұрғанын аңғартады.
Түркияда
бұрын
аға
титулы әскери адамдарға, коменданттарға,
янычарлардың бастықтарына берілетін атақ болған (Будагов, I, 60).
Бұл пікірді өзге ғалымдар да растай түседі. Ортағасырлық түркі
ескерткіші «Шейбани-намені» зерттеген шығыстанушы И. Березин:
«Осман түріктері
аға
сөзіне «әскери мырза (әмірші), бастық мырза
(господин) деген мағына берген»,– деп жазады (Библиотека восточ-
ных
историков, изд. И. Березиным, Т. I. СПб, 1849, 20).
Орта ғасырлардағы хан сарайларында
Достарыңызбен бөлісу: