102
Бадана көзді
кіреуке
Мұны саған береді,
Баса келіп кисейші («Ер Тарғын»).
Шығыршықты
көк сауыт
Бекіте киіп алады («Төрехан»).
Зырқырай оғы кетеді,
Көкірек қысқан
көбеден
Қалмады қапыл жебеден («Ер Тарғын»).
Бұлардағы
бадана көз, шығыршықты
деп отырғаны – шығыршық-
тардың тізбесі, оны кейде
шөже көз
деп те атайды. Мысалы, «Қыз
Жібекте»:
Алтынды
сауыт
шөже көз
Түймеден кетті дегейсің.
Демек, келтірілген үзіктердегі
кіреуке
де,
сауыт
та,
көбе
де – шы-
ғыршықтардан тізіліп жасалған қорғаныш сауыттар. Бұлар тепе-тең
бір-бірінің баламасы (эквиваленттері) ретінде бірінің орнына бірі
қолданыла беретіндігімен қатар, кейде тіпті қатарынан қосақталып
та жүреді:
Үстіңе баса киіп ал
Алтынды
сауыт көбені
(«Қыз Жібек»).
Үстімдегі
ақ сауыт
,
Ақ кіреуке бек сауыт
(«Ер Қосай»).
Сауыт
сөзі кей-кейде көбенің үстінен
салатын шарайна мағы-
насында да қолданылған.
Шарайна
– парсы тілінен енген сөз, мағы-
насы «сауытқа қабаттаған, төрт бөліктен тұратын металл көкірекше»
(Будагов, II, 455). Шарайнаны, яғни оқ өткізбес металл пластинканы
қабаттап салатын болған. Мысалы, «Ер Тарғын» жырында:
Бадана көзді кіреуке
,
Шарайнасы
бес қабат, –
деп суреттейді. Қазақ халық поэзиясы тілінде
шарайна
қабатын
көбінесе тоғызға апарады. Мысалы, Төлеген інісі Сансызбайға:
Бадана көзді кіреуке
Тоғыз қабат көк сауыт
Саған арнап соқтырып,
Будырып
кеттім кілемге, –
дейді. Бұл мысалдардағы
сауыт
сөзі – «шарайна» мағынасында. Осы
мәнде кейде
торғауыт
сөзі де ұшырайды:
Тоғыз қабат
торғауыт
Сегізінен өтеді («Ер Тарғын»).
Сауыттың бір түрі
жалаңқат
аталған:
103
Мінуге керек
қазанат
,
Беліне керек шарболат,
Денеге керек
жалаңқат
(«Қобыланды»).
Мұны «Батырлар жырын» бастырып шығарушылар «киім, жеңіл
шапан» деп түсіндіреді (Батырлар жыры, 1963, I, 44). Әрине, бұл –
қате. Жалаңқатты Ә. Қайдаров «сауыттың астынан киетін шарайна»
деп табады (Қайдаров, 28). Шындығында, жалаңқат та – сауыт. Оның
сауыт екендігі контекстен де көрініп тұр. Мысалы, «Қобыланды ба-
тыр» жырында:
Денеге
оқты дарытпас
Дәуіт соққан
жалаңқат,
–
деп келеді. Сірә, жалаңқат шарайнасы, яғни металл пластинкасы
жалаң қабат кіреуке болу керек.
Жалаңқат
сөзінің компоненттерінің
өзі осы мағынаға меңзейді:
жалаң
сөзі түсінікті («дара, жалғыз»), ал
қат
сөзі – «қабат» мағынасындағы сөз.
Көбе
– көне сөз. Махмұт Қашқари сөздігінде
күбе йарық
түрінде хатқа түскен, мағынасы «металл сауыт» (ДС, 322). Бұл сөз
орта ғасырлардағы түркі сөздіктерінен де табылады,
мағынасы
қазақ тіліндегідей (Құрышжанов, 150). Сөздің көнелігі мен сирек
кездесетіндігінен кейде ол қате түсіндіріліп, кейде тіпті өзгертіліп
жазылып та жүр. Мысалы, бұл сөздің
кебе
деп жазылғаны кездеседі.
Осыған қарап, Ә.Қайдаров кебені де «шарайна, сауыт» деп
көрсетеді. Бірақ
кебе
мен
кебенек
,
кебене
,
кебентай
сөздеріне негіз
болған
көбе
сөздерін екеуін екі бөлек түбір деп таниды (Қайдаров,
31). Шындығында, «сауыт» мағынасындағы деп көрсеткен
кебе
тұлғасының дұрысы –
көбе
болса керек.
Қазақтың ауыз әдебиеті мен солармен дәстүрлес ақын-жыраулар
тілінің көркемдеу қазынасында белгілі бір ұғымды бейнелеп, өзге
сөзбен атау жиі кездесетіні мәлім. Бұл тәсілден сауыт-сайман атау-
лары да құр емес. Мысалы, берік сауытты (көбені, кіреукені)
берен,
шарболат
деп атаушылық бар.
Бұрынырық айтылды,
берен
– көп
мағыналы сөз, оның бір мағынасы – «асыл болат, берік металл».
Осы мағынасынан ауыстырып, денеге қару дарытпас, мықты ме-
талдан жасалған сауытты да
берен
немесе
шарболат
деп атағанын
жырлардың тілінен байқаймыз:
Жеңсіз
берен
киінді,
Лашын құстай шүйілді («Ер Тарғын»).
Белгілі батыр бұл болар
Айғайлап жауға тиетін,
Шарболатты киетін
(«Қарабек батыр»),
104
Сол
сияқты
кіреуке
деген сауытты «қымбат бағалы, әсем тон»
мағынасында ауыстырып жұмсау да бар. Мысалы,
хандар киген
кіреуке
дегенде немесе Алпамыс батыр Құлтай ағасына:
Жігітіңде жүруші ең
Кіреуке
тонды жамылып, –
дегенінде,
кіреуке
сөзі сауыттан гөрі «қымбат киім тон» дегенді
аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: