10 - тақырып.
Бизнес-жоспар негізі
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес-жоспардың мәнін, оның қажеттілігін және құрылымын қарастыру.
Лекцияның сұрақтары:
Кәсіпкерліктегі бизнес-жоспардың мәні.
Бизнес-жоспардың құрылымы
Лекцияның мазмұны
Кәсіпкерлік құрылымдардың шаруашылық өміріне «бизнес - жоспар» түсінігі жедел түрде енуде. Мұндай құжат, әдетте, инвестицияларды, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту үшін дайындалады: несие берушіден қаржы алу (банктік және басқа да несиелер, облигациялық қарыздар), тартылған инвесторлардың қаржысы (акцияларды сатудан, пайлық және басқа да салымдардан), бюджеттің инвестициялық қаржысы. Бизнес – жоспардың басқа да функциясы бар - кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметін жоспарлау. Негізінде бизнес – жоспар жоғарыда аталған екі функцияны да қатар орындауы қажет. Бірақ, тәжірибеде сыртқы қаржыландыруға бағытталған бизнес – жоспардың және ішкі қолданыстағы бизнес – жоспардың құрылымы және мазмұны бойынша да біршама ерекшеліктері бар.
Бизнес - жоспар– бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.
Бизнес – жоспарды жасап шығарудың мақсаты – нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу және болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау.
Бизнес – жоспардың міндеттері болып келесілер табылады:
кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзіді мақсаттарын қалыптастыру, оларға жетудің тактикалары мен стратегияларын анықтап алу;
кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, нарыққа бағытталуы мен нарықтағы оның орнын анықтау;
кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерін анықтау және ассортиментті таңдау;
өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;
нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т.б. бойынша маркетингтік шаралардың құрамын анықтау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қолда бар қаржылық және материалдық ресурстарды, қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерімен сәйкестендіру және т.б.
Бизнес – жоспар келесідей негізгі функцияларды атқарады, атап айтқанда:
кәсіпкер белгілі бір кезеңдегі қызметтің нақты нәтижелерін бағалай алатын құрал болып табылады;
болашақта бизнесті жүргізу тұжырымдамасын жасап шығару үшін қолданылуы мүмкін;
қаржылық ресурстарды иемдену құралы болып табылады;
кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру құралы ретінде сипатталады.
Осылайша, бизнес – жоспар кәсіпорын қызметінің мүмкіндіктерін талдауға және басымды мақсаттарды таңдауды негіздеуге, яғни оның қызмет етуінің стратегиясын айқындауға мүмкіндік береді.
Бизнес – жоспарлардың түрлері.
Нарықтық жағдай мен құрастыру мақсатына қарай бизнес – жоспарлар алуан түрлі болуы мүмкін:
бизнес – линиялары бойынша (өнім, жұмыстар, қызметтер, техникалық шешімдер);
жалпы кәсіпорын бойынша (жаңа немесе жұмыс істеп жатқан).
Бизнес – жоспар кәсіпорынның дамуына немесе оны қаржылық сауықтыруға бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар, кәсіпорынның тұтастай қызметі немесе оның бір бөлемшесінің қызметі жоспарлануыда мүмкін.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
Кәсіпорын бизнес-жоспары дегеніміз не?
Бизнес-жоспардың құрылымы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.
Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с.
Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.
Достарыңызбен бөлісу: |