Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет7/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

7 - тақырып.

Кәсіпкерлік қызметтің инвестициялық қамтамасыз етілуі
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялардың мәнін, олардың түрлерін қарастыру

Лекцияның сұрақтары:

  1. Инвестициялар түсінігі

  2. Инвестициялардың жіктелуі


Лекцияның мазмұны

Инвестициялар – бұл табыс табу, капиталды сақтап қалу немесе қандай да бір әлеуметтік тиімге қол жеткізу мақсатында экономиканың әртүрлі сфераларына салынатын капитал салымдары.

Инвестициялардың маңызды белгілері болып мыналар табылады:



  • Қандай да бір жеке өз мақсаты бар тұлғалармен (инвесторлармен) салымдарды жүзеге асыруы;

  • Инвестициялардың табысқа қол жеткізуге деген потенциалды қабілеті;

  • Салымдардың белгілі бір мерзім аралығына салынуы;

  • Инвестицияларды жүзеге асыру барысында сұраныспен, ұсыныс және бағамен сипатталатын әртүрлі инвестициялық ресурстарды қолдану;

  • Капиталды салу барысында тәуекелдің болуы.

Инвестициялар түрінде мыналар шығуы мүмкін:

  1. ақшалай құралдар, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар, облигациялар мен басқа да құнды қағаздар;

  2. жылжымалы және жылжымайтын мүлік (үйлер, ғимараттар, машиналар, құрал – жабдықтар, көлік құралдары, есептеуіш техника және т.б.);

  3. авторлық құқық объектілері, лицензиялар, патенттер, ноу – хаулар, бағдарламалық өнімдер, технологиялар және басқа да интеллектуалды құндылықтар;

  4. жерді, табиғи ресурстарды иемдену құқықтары, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтар.

Макродеңгейде инвестициялар мыналарды қамтамасыз етуі керек:

  • Кеңейтілген өндіріс саясатын жүзеге асыру және ғылыми – техникалық прогресті жеделдету;

  • Қоғамдық өндірістік салалық құрылымды реформалау және өнім шығаратын, сонымен қатар шикізаттық салаларды балансталған түрде дамыту;

  • Өнім сапасын арттыру;

  • Сыртқы сауда операцияларының құрылымын жақсарту;

  • Әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешу;

  • Елдің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету проблемаларын шешу және т.б.

Микродеңгейде инвестициялар мыналарды қамтамасыз етуі керек:

  • Өндірісті кеңейту;

  • Негізгі құралдарын моральды және физикалық тозуын болдырмау және өндірістің техникалық деңгейін арттыру;

  • Кәсіпорын өнімінің сапасын арттыру;

  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;

  • Кәсіпорынның басқа да мақсаттарына қол жеткізу.

Инвестициялық қызмет – бұл табыс табу немесе қандай да бір пайдалы тиімге қол жеткізу мақсатында салымдарды салуды (инвестирлеу) жүзеге асыру бойынша жүргізілетін шаралар кешені.

1.Капиталды салу объектілеріне байланысты: нақты (тікелей) және қаржылық (портфельдік) инвестициялар;

2. Инвестициялау кезеңіне байланысты: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар;

3. Аймақтық белгілері бойынша: ішкі және сыртқы инвестициялар;

4. Инвестормен қолданылатын капиталдың меншік құқығына байланысты: жеке, мемлекеттік, шетелдік және біріккен инвестициялар;

Нақты (тікелей) және қаржылық (портфельдік)инвестициялар



  • Нақты (тікелей) инвестициялар – бұл жаңа кәсіпорындарды құруға немесе қолда бар кәсіпорындарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалатын инвестициялар. Бұл жағдайда өз қаражаттарын салатын кәсіпорын – инвестор өзінің өндірістік капиталын – негізгі өндірістік қорларды және олардың қызмет етуі үшін қажетті айналым қаражаттарын көбейтеді.

  • Қаржылық (портфельдік) инвестициялар – бұл акциялар мен құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалатын инвестициялар. Бұл жағдайда инвестор – дивидендтер – құнды қағаздардан түсетін табыстар алу жолымен өзінің қаржылық капиталын көбейтіп отырады. Қаржылық инвестициялар спекулятивті сипатқа ие болады немесе ұзақ мерзімді салымдарға бағытталған. Спекулятивті бағыттағы қаржылық инвестициялардың мақсаты болып нақты уақыт мерзімінде инвестормен табыс алу табылады. Ал ұзақ мерзімді салыдмар негізінен инвестордың стратегиялық мақсаттарын көздейді және капитал салынатын кәсіпорынды басқарумен байланысты болады.

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар

  • Ұзақ мерзімді инвестициялар – бұл үш және одан да ұзақ мерзімге капиталдың салынуы;

  • Орта мерзімді инвестициялар – бұл бір жылдан үшін жылға дейінгі мерзімге капиталдың салынуы;

  • Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге капиталды салынуы.

Ішкі және сыртқы инвестициялар

  • Ішкі инвестициялар – бұл ел ішіндегі объектілерге салынатын инвестициялар.

  • Сыртқы инвестициялар – бұл ел шекарасынан тыс орналасқан объектілерге салынатын инвестициялар. Оған әртүрлі қаржылық құралдарды, яғни шетелдік компаниялардың акцияларын немесе басқа мемлекеттердің облигацияларын сатып алуды жатқызуға болады.

Жеке, мемлекеттік, шетелдік және біріккен инвестициялар

  • Жеке инвестициялар – бұл мемлекеттік емес меншік құқығындағы жеке және заңды тұлғалармен салынатын капитал салымдары.

  • Мемлекеттік инвестициялар – бюджеттен, бюджеттес тыс қорлардың және қарыз қаражаттарының, сонымен қатар өз және қарыз қаражаттары есебінен мемлекеттік кәсіпорындармен жүзеге асырылатын салымдар.

  • Шетелдік инвестициялар – бұл бір елдің экономикасына басқа елдің тұлғаларымен салынатын ұзақ мерзімді салымдар.

  • Біріккен инвестициялар – бұл шет мемлекеттердің және елдің өз субъектілерімен біріге отырып жүзеге асырылатын салымдар.

Инвестициялық қызметтің субъектілері мен объектілері

Инвестициялық қызметтің объектілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Жылжымалы және жылжымайтын мүлік (үйлер, ғимараттар, құрал – жабдықтар және басқа да материалдық құндылықтар);

  • Ғылыми – техникалық өнім;

- Қайта құрылып жатқан және жаңартылған негізгі құралдар мен айналым құралдары;

  • Банк салымдары, ақша қаражаттары, акциялар, облигациялар және басқа да құнды қағаздар;

  • Авторлық құқықтан шығатын басқа да мүліктік құқықтар;

- Жер және басқа да табиғат ресурстарын қолдану құқықтар және т.б.

Инвестициялық қызметтің субъектілері:

  • Инвесторлар (инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар);

  • Тапсырыс берушілер;

  • Жұмысты атқарушылар (мердігерлер);

  • Инвестициялық қызметтің объектілерін қолданушылар;

  • Жабдықтаушылар;

  • Заңды тұлғалар (банктік, делдалдық, сақтандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар);

  • Шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар;

Инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты атқарушылар, инвестициялық қызметтің объектілерін қолданушылар

  • Инвесторлар – бұл ҚР заңнамасына сәйкес өз және тартылған қаражаттарды тарту арқылы капитал салымдарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

  • Тапсырыс берушілер – бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын, инвесторлармен белгіленген жеке және заңды тұлғалар;

  • Жұмысты атқарушылар ( мердігерлер) – бұл ҚР заңына сәйкес тапсырыс берушімен жасалған мердігерлік келісім – шартқа сай жұмыстарды атқаратын жеке және заңды тұлғалар;

  • Инвестициялық қызметтің объектілерін қолданушылар – аталған объектілер құрылатын жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттік органдар, жергілікті басқару органдары, шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдар.


Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорын инвестициялары дегеніміз не?

  2. Кәсіпорын инвестициялары қалай жіктеледі?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет