Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет9/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

9 - тақырып.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерліктегі жоспарлаудың мәнін, оның қажеттілігін қарастыру.

Лекцияның сұрақтары:

  1. Кәсіпкерліктегі жоспарлау түсінігі және мәні.

  2. Кәсіпкерліктегі жоспарлаудың жіктелуі

Лекцияның мазмұны

Кәсіпорын жоспары бұл – қойылған нәтижеге жетуге бағытталған өзара байланысты шешімдер жүйесін сипаттайтын құжат. Жоспар төмендегідей сатылардан тұрады:



  1. Мақсаттары мен міндеттері;

  2. Оларды жүзеге асыру құралдары мен жолдары;

  3. Қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды анықтау;

  4. Жоспардың орындалуын ұйымдастыру.

Жоспардың міндеттері:

  1. Қойылған жоспарлы мәселелер бойынша, құрамын анықтау;

  2. қойылған стратегияларды мақсаттар мен міндеттерді негіздеу;

  3. мақсат пен міндетке қол жеткізудің негізгі жолдарын жоспарлау;

  4. ресурстардың қажеттілігін анықтау;

  5. жасап шығаруларды енгізуді жобалау және олардың орындалуын бақылау.

Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі төмендегі белгілері бойынша жіктеледі:

1. Мазмұны бойынша:

- техника-экономикалық жоспар

- жедел өндірістік жоспар

- ұйымдастырушылық техникалық жоспар

- әлеуметтік жоспар

- өткізу жоспары

- қаржылық жоспар

- бағдарламалық жоспар

-бизнес жоспар

2. Басқару деңгейі бойынша:

- корпоративті-заводты жоспар – басқарудың жоғары деңгейін талап етеді;

- цехтік жоспар – орталық деңгейді талап етеді;

- өндірістік жоспар – участокты, бригаданы, жұмысшының жұмыс орнын қамтиды.

3. Негіздеу әдістері бойынша:

- нарықтық

- индикативті

- әкімшілік немесе орталық

4. Уақыт мерзімі бойынша:

- қысқа мерзімді немесе ағымдық (1 жыл)

- орта (1-3 жыл)

- ұзақ немесе перспективті (3-10 жыл)

5. Қолдану сферасы бойынша:

- цех аралық

- бір цех ішіндегі

- бөлек немесе жеке дара

6. Жасап шығару сатылары бойынша:

- алдын-ала жасалынатын жоспар

- шекті жоспар

7. Нақтылық дәрежесі бойынша:

- нақтыланған

- іріленген

8. Мақсаттардың типтері бойынша:

- жедел


- тактикалық

- стратегиялық

- нормативті

Кәсіпорын қызметін жоспарлау, әрбір кәсіпорында ең маңызды функциялардың бірі. Жоспарларда барлық қабылданған басқарушылық шешімдер сипатталады. Өнім өндіру мен сату көлемінің есептелуі көрсетіледі. Өндірістің шеткі нәтижелері мен шығындар мен ресурстарға экономикалық бағалаулар жүргізіледі.

Жоспарларды құру барысында, басқарудың барлық буындарының басшылары өз іс - әрекетінің жалпы бағдарламасын белгілейді. Басты мақсатпен біріккен жұмыстың нәтижесін анықтап жалпы қызметтегі әрбір бөлімнің немесе қызметтің жұмысқа қатысуын анықтайды. Жоспардың жеке бөліктерін бірігей экономикалық жүйеге біріктіреді. Жоспарды барлық құрастырушыларының жұмысын бақылайды және қабылдау жоспарының еңбек қызметі туралы шешім қабылдайды.

Алғаш рет жоспарлаудың жалпы қағидалары Файольмен қалыптастырылды; кәсіпорын жоспарының немесе іс-әрекетінің бағдарламасын жасап шығаруға деген негізгі талаптар ретінде онымен 5 қағида ұсынылды:



  1. Жоспардың қажеттілік қағидасы, ол еңбек қызметінің кез-келген түрін орындау барысында жоспарларды міндетті және күнделікті қолдануды білдіреді.

  2. Жоспардың бірегейлік қағидасы, кәсіпорынның әлеуметтік экономикалық дамуының жалпы немесе жиынтық жоспарын жасап шығаруды қарастырады. Жылдық жоспардың барлық тараулары тығыз байланысты болуы керек.

  3. Жоспардың үздіксіздік қағидасы, оның мәні, әрбір кәсіпорында өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару үрдістері еңбек қызметі сияқты тоқтаусыз, тұрақты жүргізіліп отыруы керек.

  4. Жоспарлаудың циклдік қағидасы, жоспардың үздіксіздігімен тығыз байланысты және кәсіпорынның экономикалыұ қызметінің бақылауымен көрсетіледі, түзету мүмкіндігін қарастырады.

  5. Жоспарлаудың нақтылық қағидасы, сыртқы және ішкі фактормен байланысты. Нарықтың экономикалық жағдайын жоспардың нақтылы ұстану қиынға соғады, сондықтан да әрбір жоспар кәсіпорнның қол жеткізгісі келетін нақтылығына сай жасап шығарылады. Онда қаржылық жағдайы, нарықтағы орны және басқа да факторлар ескеріледі.

Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорын жоспары дегеніміз не?

  2. Кәсіпорын жоспарының қажеттілігі неде?

  3. Кәсіпорын жоспарының міндеттері.

  4. Кәсіпорын жоспарларының негізгі белгілері бойынша жіктелуі.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет