Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет5/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

5 - тақырып.

Кәсіпкерлік қызметтің ресурстық қамтамасыз етілуі
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық және әлеуметтік мақсаттары мен міндеттерін қарастыру

Лекцияның сұрақтары:

  1. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаттары.

  2. Кәсіпкерліктің экономикалық мақсаттары

  3. Кәсіпкерліктің әлеуметтік мақсаттары


Лекцияның мазмұны

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономикаға кірмес бұрын, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінікке ие болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру - адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдардың бір-бірінің арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс - бұл олардың шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Бұл адамдардың шектеусіз қажеттілігі шектеулі ресурстарға - материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстарға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адам­дар мен қоғамды қанағаттандыруға жататын қажеттілік­терді таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категориясы бұл - өндіру, сату және сатып алу керек, осылар болып саналады. Бұл міндет (таңдау), оның әлеуметтік-саяси құрылысына қатыссыз түр­де кез келген қоғамда шешілуі тиіс.

Өндіріс ресурстары - бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрден тұрады:



  1. «Табиғи» - өндірісте қолдану үшін әлеуетті, пайда­лы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қал­пы­н­а келтірілетін» немесе «қалпына келтірілмейтін» болып ажыратылады.

  2. Материалдық» - бұл, өздері өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған иструменттер, машиналар, қайталама шикізаттар.

  3. «Еңбек» - «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

  4. «Қаржылық» - қоғам өндірісті ұйымдастыруға бөлу жағдайындағы ақша қаражаттары.

Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтанда кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторлар деген атау алған.

Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурс­тардың алуан түрлерін шынайы түрде тартуды білдіретін түсінік. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты әрекет еткенде, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтанда өндіріс - алуан түрлі фактор­лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкер­лікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының нарығы, ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды тірі (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды - жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтанда біз ресурстарға бағаның өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі, объекті еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материал­дық және қаржылық ресурстар.

Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік - «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық пробле­ма­­ларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы таныстырылған, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және өндіріс факторларының әртүрлі меншік иелері арасындағы қарым-қатынас нәтижесіне айналады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғам­дық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

Адам капиталына инвестиция - бұл өмір жағдайын жақсартатын,жеке адамның біліктілігін арттыратын, шығаратын тауарлардың сапасын жақсартуға ықпал ететін кез келген әрекет. Өндіріс үшін станоктар мен құрал-жабдықтар сатып алушы кәсіпкерлердің шығындары, сондай-ақ кімнің болсын арттыруға ықпал ететін шығындарды еңбекке инвестиция ретінде қарауға болады. Жұмысшыларды оқыту инвестициясын жабдықтар­ды сатып алуға жұмсалған инвестициялармен салыстыру таңқаларлық, тіпті мағынасыз болуы мүмкін. Дегенмен, нақ­тысында екі шешім де бір-біріне өте ұқсас. Универси­теттегі білім беруге жұмсалған инвестициялардан алына­тын экономикалық қайтарымсыз оның кластасы жоғары оқу орнынан түсу мүмкіндігінен айрылған, түлек пен кәсіпкер алатын қосымша табыс ретінде қаралуы қажет. Қосымша білім алуға инвестициялар сондай-ақ білімнің 7-8 жыл ішінде ескіріп қалатындығынан, ал бұл кезеңде адам білімінің көлемі екі еселенетіндіктен қажет болады. Сөйтіп, білім беру қоры көлемінің 6-7%-ы соған жұмсалатын, екінші мамандық алу, біліктілікті көтеру, қайта даярлық қоғамдық өндіріс өсуінің объективті қажеттілігі болып саналады.

Дамыған нарықтық елдерде соңғы 30-40 жылда адам капиталына құйылатын инвестициялар өндірістің мате­риал­дық-заттық факторларына қарағанда маңызды түрде тез өсуі туралы мәліметтер «адам капиталы» маңызын растау болып саналады. Мәселен, АҚШ-та білім факторы ұлттық табыстың 14%-ын береді.

Тұтастай алғанда адам капиталына берілетін инвес­тициялардың төрт түрі болады:

1. Білім беруге жұмсалатын шығындар жұмыс күшін құрайды, олар, неғұрлым білікті және неғұрлым өнімді бола түседі

2. Денсаулық сақтауға, аурулардың алдын алуға, медициналық қызмет көрсетуге, диеталық тамақтануға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған шығындар - осылардың барлығы өмір сүру мерзімін ұзартады, жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігін арттырады.

3. Соның арқасында жұмысшылар өндірісі шектеулі орындардан неғұрлым өндірісі жоғары дамыған жерлерге қоныс аудару ұтырлығына жұмсалатын шығындар еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі және инвестицияны ақтайды. Білім беру сияқты географиялық миграция алдағы уақытта олардың еңбек қызметі мен нарықтық құнының өсуінен пайда алуға жағдай туғызады.

4. Адам капиталы теориясына сәйкес еңбек өнімділігі мен соған сәйкес еңбек қызметінің (еңбек ақы) нарықтық құны маңызды дәрежеде, жеке адам немесе оның отбасы және жалдаушы білім беруді, денсаулық сақтауды және жұмыс орнын көбейтуді қажет деп санайтындығымен анықталады.

5. Экономикалық өмірді ғылыми талдау кезінде, адамның жеке басының алуандылығын, оның жеке даралығын, алуан түрлі экономикалық себептерін және мінез-құлқын ескере отырып, одан моделі пайдаланылады, ол жеке адамды, экономикалық белсенділік мотивтерін, оның мақсаттарын сипаттайтын параметрлер негізінде құрылған.


Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорын экономикалық ресурстары түсінігі нені қарастырады?

  2. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарына нені жатқызуға болады?

  3. Кәсіпорынның еңбек ресурстары неден тұрады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет