Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет113/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
Тіпті қаншалықты басқа тәрбиедегілер ортасында жүрсе де өз әдет-
ғұрпын жоғалтпаған арулардың біразын көзіміз көріп те жүр. Өйткені, 
оларды ата-аналары солай тәрбиеледі, солай талап қояды. Үй ішінде 
басқа тілде сөйлеуге рұқсат етпейтін, тек ана тілінде тілдесуді та-
лап ететін, балаларының бәрі кезінде ұлт мектептерінің аздығынан 
орысша білім алғанын, қазір де жоғары оқу орындарында сол тілде 
оқуларын жалғастырып жатқандарын, бірақ бәрі де домбыра тартып, 
Мұқағалиды жатқа айтатын отбасымен өзім араласып тұрамын. Соған 
қарағанда, кінә өзімізден-ау «Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки» 
дегенге бөркімізді тым бұрып жібергенбіз. 
«Қызға қырық үйден тиым» деп текке айтпаған ата-бабамыз. Қыз 
тәрбиесі – ел тәрбиесі. Олардың тәрбиесіне қарап-ақ басқа елдер 
халқымызға баға береді. «Аталас ағайынға ұят келтірме», «Руымызға, 
сүйегімізге таңба салма» дейтін, соны насихаттап отыратын қарт-
тары мыздың азайып бара жатқаны да өкінішті. Қыз намысы – ел на-
мысы екенін ұмытпайық, қандастар! Аялдамаларда, көшелерде де 
қазақ жігіттері өздерінің әпке-қарындастарын жәбірлеп, тонап, алдап 
кетіп жататын жайларды да көп естиміз. «Жігіттер-ау, ұлттық намыс 
қайда?» дегің келеді. 
Жақында үнді еліне сапарға барып қайтқан бір танысыммен 
әңгімелескенім бар. Ол елде қай жерде, қандай көпшілік орында, 
қандай жағдайда болмасын, өз ұлтының өкілдерін, қандастарын ке-
зекке тұруға мәжбүр етпей, аса ілтипатпен қызмет жасайды екен. 
«Өзіңді-өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген қағиданы қатты 
ұстайтын көрінеді. Бұл – халқын қадірлеу, ұлтын ұмытпау. Осы бір 
тағылым дәл бүгінгі біздің халқымызға керек. Осындай жайлар ай-
тылмай, жазылмай жатса бір өкініш болар еді. Айтылып, жазылып та 
жатқан имандылық жайлы көп нәрселерді жастарымыз оқымайды-ау, 
міне, нағыз өкініш осы. 
«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» дейтін тамаша ән біздің 
қыздарымызды мадақтайтын бірден-бір ән. Шындығында да, мадақ-
тауға тұратын қыздарымыз, құдайға шүкір, баршылық. Кейінгі 
уақыттарда болып жатқан сымбат конкурстарынан байқағанымыз-тек 
қазақша жетік сөйлейтін қыздарымыз ғана ондай жерде өз өнерлерін 
сарапқа сала алады. Ал басқа тілде тәрбие алғанмен, қазақилығын 
сақтаған кейбір бойжеткендеріміздің ішінде де небір өнерлілері бар-
ау! Оларды сырттата берудің де жөні жоқ. 
Ар, ұят, әдеп, иба деген терминдерді көнерген сөздер қатарына қосып 
ала жаздағандаймыз. Көпшіліктің алдында тылтитып немесе жартылай 


239
Тіршілік
жалаңаштанып киініп алатын, үлкен отыр-ау, кіші отыр екен-ау демей 
тайраңдайтын, ішімдіктің небір шетелдік түрлерін ішіп, шылымның 
да жоғары сорттарын шегіп, оза шығып, ирелеңдеп, қиралаңдап би-
леп ала жөнелетіндерді көргенде еріксіз төмен қарайсың. Олардан 
қандай жар, қандай ана шықпақ? Жарасымды тату-тәтті отбасының 
берекесін сақтау, әмәнда, әйелдің қолында ғой.... «Жақсы әйел жаман 
еркекті адам етеді, жаман әйел жақсы еркекті надан етеді» дегендей, 
жақсы қыз тәрбиелесек – жақсы ана, жақсы әйел тәрбиелегеніміз. Рас, 
кейде көргенді жерден шыққан тәрбиелі қызды бір берекесі кеткен от-
басына тағдыры тап келтіріп, опық жеуі де мүмкін. Он саусақ бірдей 
емес дегендей, сан түрлі адамдар бар. «Әйел жолы жіңішке» деген 
ғой. Бірақ, тіпті сондай күйге тап болғанның өзінде өзінің инабатымен 
жеңіп, көргенділік қасиетін сақтай білу де, шая-пая болып, бет-жүз 
жыртысып жатпау да киелі көргенділік, тектіліктің нышандары. 
Бірде мектепті орысша бітіріп, әрі қарай білімін сол тілде 
жалғастырып жүрген, бірақ мықтап қазақи тәрбиеленген, талғаммен 
киінетін, қолаң шашты, әдепті бір қыз баланың; «Сіздер қыздардың 
бәрі мендей болады деп ойлайсыздар. Мысалы, біздің курстағы қазақ 
қыздарының ішінде, сіздерше айтқанда, мен ғана «тәрбиелімін». Ал, 
жігіттер жағы маған «модадан артта қалған» немесе «оқу өткен қыз» 
деп қарайды. Жігіттердің көпшілігі ашық түспен боянып, мини киіп, 
ұзын, қып-қызыл тырнақты саусақтарына шылым қыстырып, аяқты 
айқастырып, жаргондармен сөйлеп отыратын қыздарға үйір келеді. 
Соларды «цивильный» дейді, – деп налығанын естігенім бар. «Заман да 
басқаша бет бұрар, жігіттеріміздің де көзқарастары өзгерер, осы бір 
жарым милион тұрғыны бар оңтүстік астанамыздан сенің қадіріңді, 
қасиетіңді таныр, маңдайының бағы жарқыраған бір жігіт өзіңді 
күтіп жүрген болар. Тек осы қалпыңнан, пәктігіңнен, ақтығыңнан, 
әдептілігіңнен, инабатылығыңнан ажырап қалмашы, қалқам! Құдай 
сендейлерге тек бақыт берсін! – деген тілектерімді қалай тездетіп 
айтып жібергенімді байқамай қалдым, тіпті сол киелі қасиеттерінің 
бәрінен тап қазір ғана бас тартатындай көрініп кетті білем! Біраз уақыт 
өткеннен кейін сол қыздың өз бақытын тапқанының куәсі де болдым. 
Ауылды жерден қалаға келіп, бірден оқуға түсе алмай неме-
се жұмысқа орналаса алмай қиналып, тағдыр тәлкегіне түсетіндер 
қаншама! Түрлі мерзімді баспасөз ақпарларында жазылып жатқандай, 
тастанды ұрпақтарымыз жетімдер үйлерінде ең жоғарғы пайыз екен. 
Бұл жай жаңағыдай қыздарымыздың көбеюінен туып отырған жағдай. 
Ауылды жерлерде оларға тағы да қамқорлық жоқ. Көп жерлерде 


240


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет