Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет2/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

КЛАРА ҚАБЫЛҒАЗИНА 
1950 жылдың 4 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауда-
ны, Жалғызтал ауылында дүниеге келген. 1966 жылы В. Ленин атындағы 
орта мектепті жақсы аяқтап, үкіметтің қаулысы бойынша екі жыл өндірісте 
жұмыс істейді. 
С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журнали-
стика факуль тетіне 1968 жылы түсіп, 1973 жылы бітірген. 1973-75 жж. 
Алматы облысы, Іле аудандық газетінде әдеби қызметкер, 1976-79 жж. 
республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде меншікті тілшілер 


5
бөлімінің қызметкері, 1980-81 жж. Қазақ телевизиясы қызметкері, 
1981-82 жж. Алматы Жоғары партия мектебінде оқытушы, 1982 жылдан 
бері әл-Фараби атындағы Мемлекеттік университетте баспасөз каби не тінің 
меңгерушісі, аға оқытушы, доценттік қызметтерде болды, 2006-2010 жж. 
рес пуб ликалық «Арай» жастар журналының Бас редакторлығы қызметін 
қосымша атқарды. 
Клара Қабылғазина журналистика саласынан кандидаттық диссертация 
қорғаған. 2001 ж. филология ғылымдарының кандидаты және ассистент 
профессор дәрежесі (Жоғары Аттестациялық Комитет куәлігі № 0000119) 
берілді. Бүгінде әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, жур-
налистика факультетінің «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасында 
профессор қызметінде. 
К. Қабылғазина 3 электронды оқулық, 7 оқу құралын, 1 оқулық 
(ҚР БҒМ) жазған. Төрт жүздей ғылыми, публицистикалық және имидждік 
мақалалардың авторы. 
Оған ҚР Журналистер Академиясының дипломы, Құрмет грамоталары, 
«ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерекелік медальі, «ҚазҰУ-дың үздік оқытушы сы» атағы, 
Ы. Алтынсарин атындағы және «Ерен еңбегі үшін» медалі беріл ген. Көркем 
прозамен шұғылданады, жас ұрпаққа үлгі-тәрбиені насихаттайтын әңгіме, 
новеллалары республикалық басылым беттерінде жарияланып тұрады. 
Жақында Брюссельде өткен Еуроазиялық ашық халықаралық әдебиетшілер 
форумында (Open Euroasian literature festival-2019) проза номинациясы 
бойынша 2-орынды иеленді. 
К. Қабылғазина туралы мемлекеттік тапсырыспен СТВ арнасын-
да «Қоғам және әйел» бағдарламасы бойынша деректі фильм жасалған, 
«Қазақстан» арнасында жеке бағдарлама арналған («Сырғалым»), «Білім», 
«Мәдениет», «Асыл арна» және «Хабар», «Еуразия» арналарында сю-
жеттер түсірілген, БАҚ беттерінде мақалалар жарияланған, «Қазақстан 
ғалымдары», Шығыс Қазақстан облыстық және Қазақстан білім саласы 
үздіктерінің энциклопедияларына енген. ҚазҰУ Ғылыми-педагогикалық 
қауымдастығы өкілдерінің «Аманат» атты жина 
ғы 
на шыққан. Өмірлік 
ұстанымы: шыншылдық, адалдық, турашылдық және шәкірттен талап ету 
үшін ұстаз өзі өнеге көрсетуі керек. 
Клара Қабылғазина үлгілі шаңырақ иесі, төрт баланы тәрбиелеп өсірген 
ана, әже. Қызы – медицина ғылымдарының кандидаты, С. Асфен дияров 
атындағы медициналық университет доценті, екі ұлы заң қызметкері, кішісі 
компьютерлік модельдеу маманы, математик. Немерелерінің алды меди-
цина университетінің студенті, кішісі үш жаста. 
Бүгінде К. Қабылғазинаның шығармашылық жұмыс өтіліне 50 жыл, 
педагогикалық өтіліне 40 жыл толып отыр. 


6
Клара Қабылғазина


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет