Тіршілік
өзінің қадірін біліп өсті. Даланың ерке елігі олар қызыға ұмтылған сай-
ын, сықылықтай күліп, орағытып, ор аттап кете баратын. Өйткені, ата-
ана махаббатынан басқа сезімдерге жол ашпаған бұла еді...
Жоғарғы оқу орнына түсіп, орталық қалаға келгелі қалаланып, бояу
жағынып, әтір себініп, өркениеттің өкпек желі өңін сорып, қара то ры-
лықтан бозаң түрге еніп, онысы өзіне жарасып, тіпті сұлуланып кет-
кен болатын. Бұлалықтың, еркеліктің өмірі ұзаққа бармады. Сол бір
көктемнің көгілдір кеші әсер етті ме, әлде тұмса сезімнің түңілдігін ашу-
ды Аллаһ сол жігітке нәсіп етті ме, сүйір тілден шыққан сүмбіле сөздер
өн бойын аралап, жүрекке жетіп тынды. Жастығына да қарамастан
«Жар болшы!» дегенге жығыла салды. Бойжеткеннің бұлаңдаған,
сылаң
даған күндері «Қош, қош!» айтып, өмірдің көкжиегінде қала
берді.
Сонымен, тағдырдың кемесіне бірге мініп, іркес-тіркес өмір ба-
сталды да кетті. Біресе долы желді, толқынды күндер келіп, кемені
аударып, төңкеріп тастайтындай болып, біресе шуақты шақ шамын
жағып, әйтеуір, суға батып кетпей келе жатқандарына екеуі де мәз бо-
латын. Кенет...
Кенет әйелдің тұнығы лайланды. Шаттығы шайқалды. Еркек тырнақ
астынан кір іздейтін болды. Әйел түсіне алмай дал. Суысқан күндер
көбейді. Әлдебір сайқал суық қолын сұғып, аздыртып жүр ме?! Ерінің
әрбір әрекетіне тек үмітпен, сеніммен қарап үйренген әйелдің әлдебір
ойлармен мазаланып жүргеніне бірталай уақыт болыпты. Жаратылы-
сында әйел болып ерінің қалтасын тінтіп, телефонын қарап, қағазын
ақтарып, ақшасын санап көрмеген болатын. Сенетін, өйткені сүйетін,
әрі әбден бір-біріне бауыр басып, үйренісіп кеткен-ді.
Ерінің бас жағындағы сөресін реттей салмақ ниетпен қағаздарды
қолына алғаны сол еді... Дәл алдына қалың қоңыр кітап қайдан түскені
белгісіз, пайда бола қалғаны бар емес пе. «Қандай кітап екен?» деп
қарай салғаны сол, өзіне таныс қолдан шыққан жолдарға еріксіз үңілді.
– Әбестік, бұл! Неге оқисың? Бұлай істеуге болмайды, – деп оң
иығындағы періште көңілге көлеңке, жанына кірбің түсіргісі келмеген-
дей шыр-шыр етеді.
– Оқы, оқы! Еркегіңнің не істеп жүргенін білгізейін деп мен саған
мұны алдыңа тастап тұрмын. Неше жылдан бері аппақ таза пейіліңе,
жайсаң жаныңа, нәзік болмысыңа дақ түсірмейін деп аян білдірмеген
едім... Енді бір қызық болсын! Ха-ха-ха...
– Япырмай, мынау әзәзілдің даусы ғой... Қой, оқымай-ақ қояйын...
30
Клара Қабылғазина
Кітапты әрі қарай итеріп тастағандай болған. Енді қараса қайтадан
қолында тұр.
– Оқы, оқы! Біл, оның не істеп жүргенін. Ол саған адал емес!
Тұнығың баяғыда лайланған. Мен сені аяғаннан көрсетіп тұрмын. Әрі
қарай оқы!, – деп сол иығынан сығалаған сайтан саңқылдап қояр емес.
Сонымен оқыған... «Жаным, сені осынау күндерде жолықтырғаныма
дән ризамын. Махаббаттың не екенін, сезімнің осындай тәтті боларын
сезбеппін... Енді сезгеніме, енді соның бесігінде тербелгеніме Аллама
мың ризашылығымды білдіремін. Ешқашан сүймегендеймін... Тәтті
күндер ұзағынан болса екен... Сенің жастық жалыныңа оранып, тіпті
жасарып бара жатқандаймын».
– Япырмай, маған арналған жолдар ма екен?... Басқаға арналғаннан
сақтай гөр, Алла!..
Талай талмаусырата күтетін күндерінің белгісіндей, қайта оралған
ыстық сәтін күткендей әйел күнделік бетін қайтадан парақтай бастады.
Парақтаған сайын оның, ерінің, басқамен өткен тәтті күндерінің суреті
көз алдына елестеп, басқаның тәнін құшқан арам еркекке өшпенділігі
оянғандай... Есін жия алмай қалды. Аяқ астынан білген жағымсыз
жаңалық көктен жай түсіргендей... Ел жаққа барып келемін деп кеткен
еркек әлі орала қоймас деген сеніммен отырып, өз көзіне өзі сенбей
қайта-қайта оқыды. Өзіне арналмаған жолдар екеніне көзі жеткен соң
мәселенің мән-жайын шындап түсінді.
Екі жыл ма, жоқ, бұның суысқан сәтіне одан да көп уақыт болды-ау...
Осындайда өткен күндерден белгі болатындай күнделік жазбағанына
өкінді әйел. Күнделік демекші, мұндай жағдайға түскеніне сол бәле,
күнделік себеп болды емес пе... Әйтпесе, сеніммен сүрген өмірі
сүріндірмес еді. Көзін жұма қалса көз алдына көлбей жазылған жол-
дар қаз –қалпында келе қалады. Әр сөзі, әр жолы көңілінде сайрап
тұр. Қандай шешім қабылдарын білмей дал. Күні ертең ажырасып, өз
алдарына тұрмыстарын күйттеп кеткен балаларымен де қоштасып,
еліне кетіп қалмақшы да болды.
Періштесі қайтадан жұбатады: «Қой, әйел, әумесерленбе! Әзәзіл
азғырып, ерің жолдан сәл тайған шығар... «Ат айналып қазығын та-
бар, ер айналып жазығын табар» дегендей, шыдай тұр, ол сені жақсы
көреді. Сен оның алғашқы махаббатысың, сені шын сүйеді. Оның
балаларын дүниеге әкелдің. Бүкіл ғұмырыңды, тағдырыңды соған
арнадың. Ол у ішсе у іштің, ол су ішсе су іштің... Сондықтан ерің сенің
алдыңда қарыздар. Сенің пәктігіңнен, адалдығыңнан аттамайды.
31
Тіршілік
Сабыр, әйел!», – деп құлағына әлсін-әлсін сыбырлаған періштесінің
үніне мойынсұнған болатын.
Кешелі бері періштенің үнін шығармай ібіліс ілбіп тағы келіп алды.
Санасынан шығарып қуып-ақ жіберейін дейді, болмайды. Оның
күші адамның адалдығынан күшті, ақиқаттың салмағынан ауыр
сияқты... Күнде келеді, қайталайтыны: «сен, көрсоқыр, бәлен жыл-
дан ештеңе сезбей, білмей, мәңгүрттің күнін кештің. Енді білдірсем
мойындамайсың. Сен, бейшара әйел, осы өмірде не қызық көрдің?
Айтшы... Түк те көрген жоқсың. Саған жұмыс орныңда кездесіп қалған
сайын еміне қарайтын еркектерді көзіңе де ілмейсің. Бекер... Еркегіңнің
есесін қайтар... Соның біреуіне күлімдей салшы, табаныңның астында
қалады. Сендей әйелдер аз бұл өмірде. Ия, аз... Ә-ә-ә, сәл есейгенің
ештеңе де етпейді. Бар... бар... Келіс...
– Кет! Кет! Әзәзіл, азғырма мені! – дейді әйел.
– Барма! Адалдығыңды, адамдығыңды былғама! Арыңа дақ сал-
ма! – деп періште шырылдайды. Дегенмен әзәзілдің аты әзәзіл екен.
Періштені жеңгендей. Әйелдің ойына әлденелер келді.
Үлкен мекеменің есеп-қисап бөліміндегілердің арасын бөліп
тұратын әйнек терезелерден өтіп, өзіне тесілген, жан жүйесінің
шырқын бұзған жанарды сезген әйел жалт қараса, анау тұстан көз
салып тұрған сұлу жүзді жігіт ағасы екен. Жалт қарағанымен қоймай
әйел қабақтарын кере жымиды. Ол да жауап қата күлімсіреді.
Жұмыс соңында бүкіл мекеме қызметкерлері абаң-қабаң жина-
ла бастайды. Үлкен есік бір жабылып, бір ашылып тыным таппай-
ды. Нөпір ел сыртқа қарай ағылады. Сонау биіктен лифтпен лақ-лақ
төгіліп, шығып жатқан адамдар арасынан жанарын жаутаңдатып,
әйел жүзтанысты еріксіз іздеп қалғандай... Кенет, сүріне жаздаған оны
қолынан біреу демей қалды. Өн бойын аралап өткен бейтаныс сезім
жылт етіп, бой көтере бастады да:
– Рахмет, – деді жымиып.
– Шын рахмет айтқан болсаңыз, күні бойғы шаршағанымызды ба-
сып, қыдырыстап, жүріп қайтсақ қарсы болмайсыз ба?
– Жәрәйды.
Қалжыңнан басталған еркек әңгімесі біртіндеп сырға айнал-
ды. Өзінің көптен бері осы әйелге аңсары ауып жүргенін небір әдемі
тіркестермен жеткізді. Әйел оған сенбегендей еді... Сайтан тағы сап
ете қалды:
– Иіл, аздап болса да иіл, қақима! Өмір бойы қақиып болдың ғой...
Үйдегі еркектің ісін есіңе ал. Не ері бар әйел сияқты ләззат көрмейсің,
32
Клара Қабылғазина
не ері жоқ әйел сияқты жүріп тұрмайсың... Өзіңді ая!, – деп ібіліс тақ-
тақ етеді.
– Қой, ібіліс, азғырма мені!
– Азғырғаным емес, шын жаным ашып тұр...
«Ой, Алла, жаны ашитын да сайтандар болады екен-ау!» деген ой-
лармен тұрған ол өз еркінен айырылғандай... Дегенмен сайтанның
дегені болды.
Кешкі қыдырыстан кейін, үйіне шақырған таныс өзінің ойындағысын
жүзеге асырып, көптен аңсары ауып жүрген әйелді құшып, құмарын
қандырды. Әйел де еркек құшағының ыстығын сағынып қалғандай...
Өн бойындағы құмарлық қуатын шығарғысы келгендей, ынтыққан
көңілін баса алмай, қалай аймалап қалғанын байқамай да қалды.
Бір сәттік құмарлықтың, өткінші сезімнің жалыны әп-сәтте сөне
салды. Япыр-ай, бұл не істегенім?.. Әйел өз әрекетіне өзі енді ғана есеп
бергендей... «Таспен атқанды таспен атамын» дегені не болды? «Әйел
жолы жіңішке» дегенді қалай салыстырмады?..
Ұяттан аттай салғанның оңай болғанымен, тәңірінің алдында, ардың
алдында жауап берудің машақат екенін, оның орны еш толмайтын
өкініш екенін, пендешілікті кеш түсінгеніне өксігендей еді...
Әлдеқайдан әлдебіреу саңқылдап жыр жолдарын оқып тұр:
Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған,
Рухы қосылмағанның, сезімі шаттық таппаған.
Рухы қосылмағандар – жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда үшеудің бірі – бақытсыз...
үшеудің бірі – бақытсыз...
Сол күні түнде Жер-ана күрсініп, екі иығын селкілдетіп, дірілдетіп
жылады. Үйлер құлап, адамдарды жаншып, аспанда от жарқылдап,
пенделер шыбын жан үшін арпалысты.
Періште аспанда қалықтап ұшып, әйелді іздеуде. Сайтан сақ-сақ
күліп, қызықтап тұр.
2009.
33
Тіршілік
Достарыңызбен бөлісу: |