38
Клара Қабылғазина
кім екенін біле алмай, кімді кінәларын білмей далбасалады. Бір сәт өзі
өмір сүріп отырған қоғамына наразы болды. Енді бірде артындағы
ұрпақтарына мұра, қазына қалдырып кетпеген ата-бабаларына кінә
артты. Содан соң өзін-өзі тілдеді. Есіне әзілкеш досының сөздері түсті:
«Бір кезде жая жегендер қазір де жая жеп жүр, бір кезде қ.. жеген-
дер қазір де қ.. жеп жүр» деп қарқылдаған еді. Сонысы рас-ау? Өзі
бұрыннан-ақ шаруасы шайқалған жан екен ғой! Неменеге мәз болып,
неменеге өмір кешіп келген. Өзінің
бейшаралығымен қоймай бей -
шаралар қатарын көбейтіп, балаларын өмірге әкелгендерін айтсаң шы.
«Қатын алма, қайын ал» деген емес пе! Тіпті болмаса ақшалырақ,
дөкейлеу біреудің қызын аңдысашы!...» Енді бір сәт әйелін кінәлап,
іштей жерден ап, жерге салды. Қажыр, қайраты кетіп, бүк түсіп,
мүжілген Мәкеннің басын өзіне өзі қол салып, мына өмірдің бейнетінен
құтылу жайлы ойлар қармады. Қайтып өлудің жолдарын қарастырды.
Оң иығына қонған желеп-жебейтін періштесінің де жүні
жығылып
қалғандай, үнсіз... сол иығындағы сайтанның делебесі қозып, құлшына
түскендей: «Ия, дұрыс, осы шешімің. Несіне жүресің?! Бейшарасың,
бейшарасың, бейшарасың?» деп қайталап тұрып алғандай. «Шынын-
да, несіне жүрмін?. Балаларым, әйелім келсін. Солармен дұрыстап
қоштасайын. Сөйтіп, бейдауа тірліктің жанын тындырайын» деп,
«бала-шағаңмен келіп, бірер күн демалып, қонып, қонақ болып қайт»
деп шақырған құрбысының үйіне кеткен отанасын күтпекке бел буды.
Әлсіреп, әбден діңкелеп, көзі ілініп кеткен екен,
телефонның безек-
теген даусынан оянды. Тіпті шырылдап қоймаған соң көтеріп еді, ар
жағынан қыздың сыңғырлаған әдемі үні естілді:
– Алло! Сәлеметсіз бе? Мәкен ағайсыз ба?
– Иә...
– Сіздің бұрын қызмет еткен жұмыс орныңыздан ғой... Мекемеміз
кеңейтіліп, қайтадан бұрынғы кадрларды жинап жатырмыз. Қазір
келсеңіз де келіңіз. Жұмыс орныңыз дайын. Жалақыңыз көбейген.
Біліміңіз, тәжірибеңіз бар. Күтеміз, келіңіз.
Ия, Алла! Қайтадан үміт оянып, күн жарқ етіліп ашылып, бұлт сейіле
қалды. Өмірдің бір құлатқан, бір тұрғызған соқпақтарына төзе алмай,
өзінің ана дүниелік
бола жаздаған ойына, дәрменсіздік танытқанына,
шарасыздыққа көнгеніне, өлі балықтай ағынмен кеткеніне, боркемік
жанға айналғанына өзі ұялғандай. Мәкен басын шайқап, ұзақ тұрды.
Күрт өзгеріп, оңға басқан тіршілігіне әрі қуанып, әрі таңданып тұр.
Бір жылатып, бір қуантудан тұратын тіршілік-ай! Емексіткен өмір-
ай!