42
Клара Қабылғазина
кеткен. Жалғыз аяқ сүрлеумен келе жатқан оған жол тiптi ұзарып кет-
кендей... Ойында тек ұлы. «Тым болмаса мейiрiмнен шығып, құшақтап-
құшақтап, сүйiп-сүйiп те қала алмадым-ау, жанымды! Бiр ауыз сөзiне
зар болдым ғой. Неғылған қатал өмiр! Бiр салған құрығын қайта-қайта
салды-ау! Не жазығым бар?! Бiреудiң ала
жiбiн аттаған пенде емес
едiм. Бiреудi даттап, бiреудi ғайбаттап, көңiлiн қалдырмап едiм ғой!».
Егiлiп келедi... Өмiрге бар өкпесiн айтып, әдiл қазылық жасамадың деп
АллаҺ Тағаланы жазғырып та келедi...
Келiп жеттi-ау! Бетi қабыршақтанып қатып қалған үйме топыраққа
алғашында саусақтары бата қоймады. …Әлдебiр таяқшаны тауып
алып, жұдырық сиятындай етiп үңгiдi. Сонан соң тырнақтарының
арасына құм-тастың кiрш-кiрш кiрiп, батып,
жанының қиналып
жатқанына қарамастан үңги бердi. Күрек ұстамақ түгiлi жаңағы бiр
таяқтың өзi баласының бiр жерiне тиiп, тәнiн ауыртып кететiн сияқты
көрiндi. Сондықтан да екi қолға күш салды. Алғашында қатқақ
болғанымен тереңдей келе топырақтан сәл жылылық бiлiнгендей
ме... Жүрек тұсы лүп еттi. …Әлдебiр жылт еткен үмiт оты пайда бол-
ды. Баласы қателiкпен, абайсызда осында түскен сияқты. Бұл үмiт оны
тiптi құлшындырды. Қанша уақыт қазғанын да бiлмейдi,
бiр уақытта
қаптың кенебi сияқты бiрдеңеге қолы тидi. «Дұрыс... Ақыретке анау
ауқаттының үйiне қаптық кенеп алдық деп едi-ау!»
Кеңейтiп, қаза түсiп, қолы мәйiтке еркiн жеттi. «Мiне тiзесi, мiне
саны...» Сұп-суық боп, қатып семiп қалған дененi аялағандай сипа-
лай бердi... …Әлден уақытта қолы баласының жыныс мүшесiне тидi.
«Ұлым-ау, жарығым-ау, шынымен сөнген екенсiң ғой... Мен пақырды
артыңа тастап кеткен екенсiң ғой... Сенбеп едiм...»
Кезiнде жоқтай алмағаны есiне түсiп, зарлады-ай дерсiң! Өмiрден
көрген қорлығын, азабын, тағдырдың әдiлетсiздiгiн мақамға қосып
төгiлттi. Айдаладағы зарлаған жалғыз
әйелдiң дауысы таңға аспан
аясына тарап кетiп жатты. Жаңғырық әйел мұңын, әйел зарын қағып
алып әлдебiр, бұл өмiрден тыс тылсым бiр дүниеге жеткiзуге алып
кетiп жатқандай...
Бiрлi-жарым малын жайғап, түтiн түтетуге шыққан ауыл адамда-
ры жота жақтан келе жатқан Сүлендi көрдi. Жаулығының астынан
қобырап шыққан шаштары көзiне түсiп кеткен. Үстi-басы топырақ,
батпақ, саусақтарынан қан сорғалап, топырақпен араласып, қара
қошқылданып көрiнедi. Бетiн
басқан шаңды көз жасы айғыздап, та-
рам-тарам еткен... Ешкiмнiң оған «неге бүйттiң?» деп сұрауға дәттерi
бармады. Үйiне кiрiп, баласының орнына етпеттеп жатқан күйi ұза-ақ