Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет15/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

ЕМЕКСІТКЕН ӨМІР-АЙ!
«Жылан түлеп, терісінің сыртқы 
қабығын алмастырған кезде қандай 
әлсіз болса, қоғамның бір кезеңінен 
өтер шақта халық та сондай күйге 
тап болады».
 Л. Гумилев 
Адам сүю, күю, азап шегу үшін 
жаралады екен... 
 Ж. Аймауытов
Құлазыған көңіл. Құрдымға кеткен күндер. Мәні, мағынасы жоқ 
ертеңгі атар таңдар. Мәкеннің басы ойлаудан шаршады. Қалай істесе 
де, қайда барса да, не әрекет етсе де өнбейтін, оңына жүрмейтін, ілгері 
баспайтын тірліктер. 
«Аллаһ тағала сүйген құлын өмірде қинайды екен...», өткенде 
мұның қажыған түрін көріп, әлде жұбатқысы келді ме, әлде шын 
жанашырлықпен айтты ма, әйтеуір солай деген еді көршісі. 
Ой түбіне жетер түрі жоқ. Өз өмірінің қай күнін, қай жылын, қай 
сағатын, қай сәтін алса да көңілді құлазытар, кірбің қалдырар кезеңдер 
шығады. Бұл құдайдың бүйтіп сүйгені бар болсын! Жұдырықтай 
жүрегін сан-саққа бөліп, отбасы, қатын-баланың жайын қойып, ел-
жұрт, халықты ойлап, санасын санға бөлетін қасиетіне өзі де уайым-
дайды. Шарасыздықтан: «Аллаһ санасыз, көкірегі қараңғы, көрсоқыр 
етіп жаратса ғой... ой беріп, талғам беріп алып, енді төмен қаратып, 
жер шұқытып қойғаны міне!» деп Алласына өкпелейді. 
Көңіл жүдеу. Жан жабырқау. Осындайда мейірлене сипайтын 
ананың қамқор қолы ма, әлде әкенің алақаны ма, әйтеуір жылылық 
іздеп, сая болар құшақты аңсады. Сол құшаққа құлап түсіп, еңіреп 
жылағысы келді. Өзі әке болса да пана іздеп, көкірегі құлази, көштен 
қалған бұралқы иттей сезініп, алыс-алыс ен даланы кезіп, лағып, бұл 
дүниеден безе жөнелгісі келді. Көзінен жас шықпады. Шыққанда 
жеңіл денер ме еді?!... 


34
Клара Қабылғазина
Бір құлап, бір сүрініп, бір еңбектеп, бір тұрып жеткен биігінен орын 
таппай отырысы мынау. Әбден жаны да, тәні де қара тасқа айналған-
дай, бұл жалғанда дәрменсіз, шарасыз болудан ары қиындық жоқ 
екен. Арнайы оқу орнын бітірген маман болғандығын, қысқартылып 
жұмыссыз қалғанын кімге айтар? Мұндай жай талай адамның басында 
бар, жұмыссыз жалғыз бұл емес. Сауда істемек болып, қарызданып, оны 
айналымға салып, ақыры одан да ештеңе шықпай екі арада мойындағы 
борышқа борыш қосылды. Мұндай есептен жаңылысқандар да толып 
жатыр. 
Кенет көзі радиодан естілген әуенге билеп, алаңсыз отырған қызы-
на түсті. Балалық шағын, қамсыз, қайғысыз сәби күндерін сағынып, 
бойын сағыныш сезімі тағы билеп, жүзіне нұр жүгіріп, қас қағым сәтке 
болса да рахаттанып қалған екен. Бұл бақытты минутын әйелінің 
шаңқ еткен ащы даусы бұзды. Осы он шақты жылғы ерлі-зайыптылық 
дәуірінде мұндай дауысты алғаш естуі:
– Неғып, балқып отырсың? Сары ауыздарың аштықтан шиқылдайын 
деп қалды ғой... Тап ақша! Еркексің бе, әлде еркек емессің бе өзің?! 
Тап, өлсең де, тірілсең де тап!
Орнынан сүйретіліп тұрып, есікке беттеді. Құлағында «тап! тап! 
тап!» – деген ызың мәңгіге тұрып қалғандай. Ал, шықты тысқа, енді 
не істемек?! Оны өзі де, өзге де білмейді. Басы ауған жаққа қарай 
жүріп кетті. Өткен қоғамда интеллигент болғанының да кесірі тиді. 
Қайыршы екеш қайыршылардың да өз ортасы, өз орындары бар екен. 
Кейін келіп қосылған бұған, әй, орындарын бере қоймас... 
Теректің түбіндегі орындыққа барып отырды. Мұндай дәрменсіздік 
батпағына батқанына біраз болды. Алғашында «екі қолға бір жұмыс 
табылар-ау, не бопты, көрермін...» – деген үміттің нышаны бар бола-
тын. Енді ол меселі де қайтып қалды. Өйткені талай-талай мекеменің 
есігін қақты. Күзетшілік, аула сыпырушы, оны-мұны құжат тасушы де-
ген сияқты жұмыстар бар деп естіп барған жері анау екенсің, мынау 
екенсің дейді, әйтеуір қабылдамай жібереді. Салы суға кетіп, еңсесі 
езіліп үйіне келеді. Әйеліне де, көздері жаудырап бұған үмітпен қарап 
отырған балаларына да қарар бет жоқ. Көзін төмен салған күйі жатар 
орнына қарай өтіп кетеді. Ол да көрдей қараңғы. Бір ғана бөлменің 
шамы жанады, қалғандарының да күйі осы тұсқа жетіп, күйіп кетіпті. 
Оны әкеліп қоюға да мүмкіндік жоқ. Әйтеуір, кетеуі кеткен дүние. 
Көздерімен ата қараған, бірақ ештеңе демеген әйелінің де айтпа-
ғын іштей сезген. Әйел дегенге әйтеуір, табиғат кез келген шара сыз-
дық тан шыға алатын табиғи қабілет бергенін, қысылтаяңда қалқып су 


35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет