28
Клара Қабылғазина
арс етіп, қаншықтың меселін қайтарып тастап, сұлбасын сүйретіп
әрірек барып жатты. Таңғы тыныштық жалғасын тапты.
Тек қана жанарларын жас жуған әйел таңғы тәтті ұйқы құшағына
ене алмайды. Ұйқысыздық күнделікті дағдысына айналғандай. Таңды
қарсы алады, айналаны көздерімен сұлық шолады, жан-жануарлардың
тынысын тыңдап, табиғаттың тамашаларына қызығып қарамайды.
Қайта сарыла, үмітін үзе қарайды. Сары қаншықтың жаңағы әрекеті
жүйкесіне тиді. Денесі тоңазығандай болған соң үйге кіріп, орындыққа
жайғасып еді, мияулап ала мысық жетіп келді де, осыны күтіп тұрғандай
секіріп алдына шықты. Арқасынан сипап еді рахаттанып, көздерін
жұмып, пыр-пыр ете қалды. «Япырмай, мысық екеш мысыққа да аялы
алақан керек екен...» Есіне бір келіншектің әңгімесі түсе қалды:
«Алла әйелге, әсіресе, қазақтың әйеліне белшеден бейнет берген
ғой... Күні бойғы қызметің, сонан соң үй тірлігі, бала қамы. Ерің де бір
бала сияқты. Тамақтандырып,
жинап-теріп, жайғастырған соң әйелдік
қасиеттерім оянып, айнаға қарап, сымбатыма көз салып, қыздай ти-
ген жарымның қасына қисаямын. Сондайда ол да аяп, аялап, ілтипат
білдіріп, сипай салса мысық сияқты пыр ете қаламын. Сол сәт ұзағырақ
болса екен деп, ертең ерте тұратынымды да ұмытып қаламын», – де-
ген еді-ау... Шынында әйел мен мысықтың ұқсастығын байқағандай...
Әйел әлі отыр. Күн
шуағын шашып, нұрын төкті. Үй іші алакөбеңнен
арылып, жарық болды. Бірнеше айдың жүзі өтті, ойдың орны тола түсіп,
тіпті ернеуінен аса бастағанына. Енжарлық басып, ешнәрсеге зауқы
соқпай, жан дүниесі әлем тапырық, ішін қызғаныштың аждаһасы тыр-
нып-тырнап жібергендей болады. Содан көзге жас үйіріледі, екі иығы
қусырылып, бір уыс болып, дірілдеп жылайды. Егіледі, өксиді сонан
кейін жанардағы жас бітеді, одан әрі қайтадан тірлігімен тырбаңдайды.
«Ой, қазекем-ай, түстік
өмірің болса, кештік мал жина», – деген ғой..
Тағы таң атады, қайталап күн батады. Күн батқан сайын ой тереңі
мұны батырады. Көз алдынан көлбеңдеп бақытты сәттер өте бастай-
ды: алғаш ақ некесі қиылған сәт, алғаш аналық сезімді бастан кешу,
алғаш өз тәнінен бөлінген шарананы көру, алғаш олардың балдай
тілінен рахат алу, алғаш тәй-тәйлау... осындай
толып жатқан алғашқы
сәттер, тіпті бүкіл өмір ортақ болып кеткелі қашан ерімен екеуіне?!
Сайтан ойлар санасын сансыратып, сан-саққа сараптап, салмақтап
болған соң қайтадан жарқын күндеріне бет бұрады. Дәурен-ай! Жастық
шақ-ай десеңші!.. Әдемі көздері, сүйкімді келбеті, тал шыбықтай иіл ген
тұлғасы, үнемі бір шапағат шашып тұратын мінезі талай жігіттердің на-
зарын аударып, есін кетіретін. Осы ерекшеліктерін бойжеткен сезініп,