Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет9/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
болса созылмалы ауру сияқты адам денесінде өле-өлгенше қалып 
қояды екен... 
Салиха пәтерін жақсы сатып, оны қалтасына салды. Кетер алданда 
ұлына телефон соғып, ескертпек болды. Жас әйелдің даусы естілді. 
– Келінсің бе? Мақсұтты бола ма?
– Ол жоқ. Бұл кім?
– Мен шешесімін. 
– Сонымен... не керек?... 
– Мақсұтқа айта ғой. Мен келе жатырмын. Поездан қарсы алсын... 
– Қонаққа ма?
– Неге қонаққа? Біражола... 
– Бізге ме?!
– Енді қайда болушы еді?
Салиха тұтқаны тастай салды. Әлі көрмеген келінінің бұлай 
сөйлескеніне көңілі толмады. 
Поезд жүретіні ескертілді. 
– Бар, – деді ол Айқынға, – бар артыңа бұрылма!
Көздеріне жас толып, шығармас үшін тістенді. Айқын мұны 
тыңдап үйренген әдетімен бұрылып кете берді. Қусырылған иықтары, 
бүкшиген пошымына қарап Салиха оның жылап бара жатқанын жан-
тәнімен сезінді. Өзінің үшінші баласы сияқты аялап үйренген еркегінің 
ендігі өмірін аяды, «кім әлпештер екен, кім еркелетер екен?» деген ой-
лар келді басына. Алайда ол өзін-өзі және қолындағы титтәй немере 
қызды аяуы керек еді... 
Поездың түні бойғы селкілінен бе, қажаған ойлардан ба түнімен 
көз ілмеді. Вокзалдан баласы достарымен келіп қарсы алды. Сонымен, 
жаңа өмір басталды. 
* * *
Келіннің қарсылығына қарамастан ұлы екі бөлмелі үйіне анасы мен 
жиен қызды орналастырды. 
Қызы жақын маңдағы бір елді мекенде үй жалдап тұрады екен... 
Анасын шақырмады. Торт әкеліпті анасына, ал қызына ештеңе де жоқ. 
Төрт жыл көрмеген қызына тіпті аса емеурін танытпады да. Жаңа 
күйеуінің қас –қабағын бағып, елпеңдеумен болды. Анасы қызының 
тұрмысын білмекке ұмтылды, пәтер жалдап тұратынын түсінді. 
– Бұрын қайда тұрып едің? – деді күйеу баласын сөзге тартып. 
– Ата-анаммен... 


19
Тіршілік
– Қандай үйде?
– Үш бөлмеліде. 
– Сонда тіркелгенісің бе, өзің?
– Ия... 
– Сол үш бөлменің бірінде неге тұрмайсыңдар?
– Менің бөлек тұрғым келеді. 
Салиха қызын ата-енесінің қабылдамағанын түсінді:
– Сол пәтерді бөлмедің бе?
– Ата-анам, бөлгісі келмейді. Соттаспаймын ғой... 
– Неге?
– Олар кәрі кісілер. Мен жаспын. Үйге қаражатты өзім табуым ке-
рек. 
– Дұрыс, – деп келіні сөзге араласты. Нағыз еркектің сөзі. 
Ас үйге кеткен анасының соңынан қызы келді:
– Ол саған ұнамады ма?
– Менің не қатысым бар, онымен бірге өмір сүретін сен... 
– Дұрыс айтасың. Мен сенен өтінемін, ештеңеге араласпа. Егер ол 
саған ұнамаса біз келмей-ақ қоямыз... 
«Япырмай, анасын, қызын мына бір еркекке бола айырбастай са-
лайын деп тұр-ау»... Ол қызының бетіне тесіле қарады. «Осыдан бес 
жыл бұрынғы костюмі де өзгермеген, сол көзқарасы да баяғыдай. 
өмірден еш тәлім алмаған екен ғой, бейбақ!». 
Келіннің көңіл күйі бірде бие, бірде түйе. Үлкен универмагтың әтір, 
бетмай сияқты майда-шүйде сататын жерінде сатушы болып істейді. 
Үйге келе енесінің жасап қойған дастарханынан ас ішеді. Салиха өмір 
бойына Айқынға арнап әдемі дастархан, дәмді тамақ жасап, күтіп 
үйренген. Сол әдетімен бар ниетімен ұқыптап жасайтын күнделікті 
әзір ас ұсынады балаларына. Үндемей міндетсініп, сыздап оты-
рып тамақтанатын келіні дәретханаға кіріп кетіп, жайдары көңілмен 
шығады. 
– Мама! – дейді енесіне. Салиханың жүрегі елжіреп қалады. 
– Мама! Біздің төменгі қабатта тұратын шал өзінің үш бөлмесін 
біз дің екі бөлмеге үстеме ақымен айырбастағысы келеді... Әрқайсы-
мызда бір бөлмеден болушы еді... 
– Қанша сұрайды?
– Алты мың... 
– Не ол?
– Әрине, доллар... 
– Менде ондай ақша жоқ... 


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет