Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет7/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
– Білім жетілдіру жөнінде ғой... 
Тұтқа қойылды. Тек кешкісін оның ағасы телефон соқты. Баяғы 
өзі байланыс жасап берген... содан бері мұны танитын, хабарласып 
тұратын. 
– Айқын хабарласты ма?
– Ия, екі-үш күнде келеді... 
– Бала не бопты?
– Қандай бала?
– Баланы отаға жатқыза ма, жоқ па?
– Қандай баланы айтып тұрсың?
– А... Сен білмейтін бе едің?
– Не білуім керек еді?
– Жарайды, онда... 
Осымен байланыс үзілді. Сонда қалай ол Мәскеуге әлгі бір бала-
мен кеткен. Ешқандай білім жетілдіру емес екен. Кімнің баласы екен? 
Ағасының ба? Онда ағасы неге бармаған? Яғни, Айқын үйленген, ол 
– соның баласы, ауру болып туған яғни. Салиханың есіне оның мек-
теп алдында тұрып жылағаны түсті. Сонда үйленген екен... Содан бері 
қонбайтын да болды. 
Айтқанындай үш күннен соң Айқын оралды. Салиханың дайындап 
қойған дәмді тамағын мұртын майлап отырып ішті, жеді. Келіншек 
оның тәбетін бұзбай, сабырмен күтті. Ол тойып, ыдысын шетке 
сырғытқанда әңгіме бастады:
– Дәрігер не айтты? Ота жасай ма, жасамай ма? Яғни сен үйлен ген-
сің, бала бар... ? Солай ғой... 
– Кім айтты?
– Ағаң... 
– Оларды неге тыңдайсың? Олар көре алмайды... Ешкімді тыңдама... 
Әйел күдіктеніп қалды. Қайсысы өтірік айтып отыр? Ағасы ма, өзі 
ме?... Не істеу керек? Мүмкін үйіне барсам ба екен? Жәрәйды, әйелін, 
баласын көрсін... Сонда не? «Сен мені неге алдадың?» дей ме... Олай 
айтуға қандай қақым бар? Ол маған уәде беріп пе еді? Ол тек мені 
сүйді, ешқандай уәде берген жоқ. Қазір де сүйеді. Ауру баланы да 
тастап, осыған келіп отыр емес пе?!... Ол көңілдес, яғни солай болып 
қалды. Оның анасы: «Баламнан аулақ жүр. Ол сен сияқты жәлапқа 
емес, жақсы қызға үйленеді» деген... Яғни, анасының айтқаны болды. 
Бұл кім? Бұл – жолбике. 
Балалардың жас кезі оңайырақ па деп қалды Салиха. Есейген сай-
ын күрделі әрі жауапты болып барады олармен қарым-қатынас. Ұлы 


15
Тіршілік
Мақсұт не жұмысты тұрақтап істегісі келмей, не оқығысы келмей, 
ақыры біреулермен ілесіп Астанаға «бәлен жерде бақыр бар екен» деп 
кетіп қалды. Көп ұзамай-ақ «Мен үйлендім, екеуміз де базарда жұмыс 
істеп жүрміз» деген хабар келді. «Өзі білсін... Өмірді өзі үшін сүреді... 
Мен үшін емес... Бірақ соның қадірін кетіріп, алды-артына қарамай, 
әлдекімге үйлене салуын-ай... Салиха ызаланды, жылады. Бірақ қолдан 
келер қайран жоқ. Ендігі жігер-күшін қызының тәрбиесіне салмақ 
болды. 
Қызы Жақұт та мектеп бітірейін деп жатыр. Оған өзінің сыныптасы, 
әкімнің баласы ғашық екен. Салиха әдемі өмірді көз алдына елестетіп, 
армандаумен жүр. Қызы керемет бай әулеттің келіні болады... Әрине, 
Салиха да бастауыш мектептің мұғалімі, ажырасқан, жәлап деген 
атақтардан ада болады. Бәленбай деген әкімнің құдағиы деп ел-жұрт 
аспанға көтереді. Осындай тәтті қиялдың жетегінде жүргенде қызы 
көрші аулада тұратын татар баласымен жүретін болып шықты. Сөйтсе 
ол не ішерге, не киерге жарымай, қайыр тілеуге аз отырған көп бала-
лы отбасының үлкені екен. Осының бәрін Салиха көршілерінен естіді. 
Ешкімнен, ешнәрседен олар ұялмай ашық жүріске әлдеқашан көшіп 
кеткенін бұл ғана білмейді екен... 
Елдің бәрі: «әрине,.. шешесі жәлап, қызы қайда барады дейсің...» 
деп кесіп-пішіп қойған... 
Салиха не істерін білмей дал болды. Мына жағдайдан қызды тез 
арада құтқару керек екенін түсінді. Сонымен, астанаға кеткен ұлымен 
сөйлесіп, ол медбикелер дайындайтын училищеге оқуға қабылдау 
жүріп жатқанын, соған тез арада жіберуі керектігін айтты. 
Тез арада жолға дайындалып, билет алып, қызын шығарып салуға 
келген беті. Қызын әлі де жас көріп, тәтті тоқаш әкеліп берді. Әп-әдемі 
қызының түріне қарап отырып, жүрегі сыздап қоя берді. Ол жақта 
қалай қараусыз жүреді. Сүйріктей саусақты қолдарымен қалашты жеп 
отырған қызына қарады. Қандай жақсы көретінін ешқашан білдірген 
емес. Өзінің шешесі сияқты қызына деген махаббаты жүрегінің ең 
түкпірінде болатын да, ал сыртқа дөрекі сөздер, сұрғылт ойлар ғана 
шығатын... 
– Анау мықтының баласы біле ме кетіп бара жатқаныңды?
– Кетсінші, ары... 
– Ал, анау-шы... 
– Мен оған хат жазып тұрамын... 
– Айтшы, сен неге отқа емес, боққа қарай тартасың?
– Мен оны сүйемін. Ал, ана мықтының баласын жек көремін. 


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет