ӨМІР СОҚПАҒЫ
(хикаят)
Оның өмірі қарапайым тіршілікте әрі қиындығы мол болып өтті. Әр
адамда да солай ғой...
Салиха қара шаруа, өзімен өзі күнелтіп жүрген отбасында өмірге
келген. Бірінен соң бірі дүние есігін ашқан өңшең қара домалақтардан
кейін ата-анасының Салихада шаруалары болмайтын. Ертеңді кеш
ауладағы балалармен ойнап, ұлдар сияқты бағаналарға өрмелеп, ләңгі
теуіп, доп қуып әбден шаршайтын, аяқтарының салтақ-салтақ кірін
жууға да шамасы келмей сұлай кететін. Шешесі бұрқылдап ұрысып
жүріп, кейде ғана оған көңіл бөлетін.
Салиха мектепте де қарапайым, елеусіз ғана болып жүрді. Үш пен
төртті алатын үнемі, ал бес деген баға тек ән сабағынан бұйыратын.
Сөйтіп жүріп-ақ мұғалімдер даярлайтын оқу орнына түсті. Өйткені
сол жерде конкурс жоқ болатын, мұндай мамандықты басқа жастар
менсінбейтін.
Студенттік дәуірде де бір ғана тәуір көйлегі болды. Кешкісін жуып,
ертеңгісін үтіктеп киіп алып жүре беретін. Осы бір көйлегімен жүріп-
ақ болашақ ері Абдрахманмен танысты. Танысқан күннің ертеңінде
екеуі киноға барды. Қараңғы залда жігіт қыз қолын қатты қысып ұстап
отырды. Сеанстан кейін олар паркке бет алды. Жолай кенеттен жігіт
оны қапсыра құшақтап, терекке қарай тықсырып, сүйе бастады. Енді
өзіне де тежеу болмай, әбден талмаусырай сүйісті. Тек аймалаған
қолдар белден төмен түсіп бара жатса, қайтарып қояды. Жігіт оны
әдептілігі, өзін-өзі сақтап, қадірлегені деп ұқты.
Көп кешікпей олар үйленді. Тоғыз айдан соң тұңғыш дүниеге келді.
Салиханың басы қазандай болып кетті, сессиясы басталды. Кішкентай
баланың әуресі. Жөргекті ұстай ма, кітаптарды ұстай ма, оны біле ал-
май қалды. Абдрахманның үй шаруасына икемі жоқ, ал бала қарау
деген тіпті қиямет еді. Тіпті төсекте ерінің қажетін өтей жатып та ол
«ертең ақшаны қайдан табам, не тамақ әзірлеймін, емтиханды қалай
тапсырамын» деп ойлайтын.
Ана болу деген бақыт дейді. Алайда, ақшаң, күйің жоқ болса
бақытты сезінбейді екенсің... бәрі жоқ болып, толып жатқан өмір жүгі
7
Тіршілік
еңсені басқан уақытта нәзік жанды әйел емес, су астында малмандай
болып жүк артып келе жатқан атқа ұқсайсың. Сондай тепең тіршілікпен
он жыл өтті. Күйеуі заводта жұмыс істеді. Ал ондағы жұмысшылар
жұмыстан кейін міндетті түрде ішеді, Абдрахман да солай. Оған
жұмыста көңілді, ал үйде езу тартарлықтай ештеңе жоқ. Әйеліне өмір
бақи ақша жетпейді. Баласы да «ойнат» деп маза қоймайды. Ол болса
әбден шаршаған, баламен ойнамақ түгілі, тамағын іше салып, диванға
жата кетеді. Не телевизор қарайды, не газет-журнал оқиды, сонан
соң ұйқыға бас қояды. Ол жұмысқа барып келеді. Жұмыс орнының
азын-аулақ жалақысын үйге әкеледі, ұйықтайды. Осы бір сарын-
мен келе жатыр. Тіршілікке бейімі аз, көмегі жоқ күйеуінің әрекетіне
қарсылық ретінде Салиха төсек қатынасынан бас тартатын. Осының
бәрі Абдрахманның басқа әйелмен көңілдес болуымен тынды. Бұрын
үйге келіп ас ішіп, сосын ұйықтайтын. Енді ас ішіп кетіп қалатын бол-
ды. Ұрыс- жанжал басталды. Опасыз күйеуді қуып жібермек болып еді
анасы:
– Есіңнен адастың ба? Туған күйеуін кім бөтен біреуге бере салады?
– деді.
Салиха ойланып қалды. Дегенмен жүрегі тілім-тілім. Өзін ғана
сүйетін еркегінің енді басқаның тәнін құшып жүргенін елестетсе жын-
данып кете жаздайды.
Салиха бастауыш мектептің мұғалімі еді. Дәптер тексеру деген
әбден жүйкесіне тиетін жұмыстан тіпті мезі болды. Көз алдына басқа
әйелмен жатқан ері елестей жөнеледі. Айналасындағылардың бәрі бұл
жайды білетін болуы керек, содан ұялады, жалғыздық жанын жейді.
Отбасын бекіту үшін жалғыз баламен болмай, тағы біреуін дүниеге
әкелмек болып шешті. Мүмкін сонда қояр жеңіл жүрісті әйелді. Сөйтіп
жүргенде екінші сәби дүниеге келді. Қыз. Ері бастапқыда қуанған
сияқты еді, бірақ сол өмірін өзгертпеді. Келеді, ауқаттанады, кетеді...
Негізгі өмірі көңілдестің үйінде...
– Жақсылап сабап, әкесін танытсам қайтеді? – деді ағасы Әкім.
– Білмеймін, – деген болатын Салиха. Шындығында не істеу керек-
тігін білмей дал болып жүрген. Бір жағынан ұрып, тіпті ешкімге бұйыр-
майтын ғып өлтіртіп те тастағысы келетін. Дәл қазір тіпті оның қадірі
сезіліп тұр. Оның бойынан жақсы қасиеттерді көбірек көріп, сүйіс пен-
шілігі арта түсті. Осы он жыл бойы тек мұны жақсы көрген, енді өмір
бойы анаумен... яғни, бір әйел еркекке аздық ететін болуы керек...
Әкім бұның рұқсатын күтпей-ақ жолдасымен бірігіп, әбден ме-
стей ғып Абдрахманды сабап тастапты. Бәрінің нүктесі енді қойылды.
|