Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет4/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
Ол киім-кешегін алды да, көңілдесін ертіп, оны да ұрып тастар деді ме 
басқа жаққа кетті де қалды. 
Салиха ағасына әбден ренжіді. «Бүкіл тірлігімді құрттың... Қыз өсіп
әкесі оған үйренер еді, көзімнің алдымда жүретін еді ғой... Отыз екі 
жасымда екі баламен далада қалдым ғой... Енді кімге керекпін?! – деп 
зар жылады. 
Ендігі жерде екі баланы бағу қамы тұрды. Қызын балабақшаға 
беріп, өзі де сонда жұмысқа ауысты. Өйткені, ол жерде тамақтары тоқ. 
Онымен қоймай азын-аулақ тамақты үйдегі ұлына көтере келетін... 
Киімге өзінің айлығы және күйеудің алименті жететін. 
Алайда қарын тоқтығы адамға аздық етеді екен. Көңіл тоқтығы де-
ген жас әйелдің жүрегін мазалады. Көздері еріксіз ер адамдарға түсіп, 
ішіп жей қарайтын дағды тапты. Әйелі жоқтарды іздестіре бастады. 
Сөйтіп жүргенде дүкенде әйелі қайтыс болған, ұлы бар, үй-жайы, 
жалақысы жақсы адаммен танысты. Әжептәуір махаббаттары жара-
са бастағанда ол: «Сен ұлыңды шешеңе бер, менің ұлым және сенің 
қызыңмен тұратын боламыз», – деді. Бұл ұсыныстан шошып түскен 
келіншектің есігінен ол қайтып қарамады. Бір реті келген махаббаттың 
сәтсіз аяқталғанына налыған келіншек жылап та алды. Алайда, негізгі 
өмірді балалары үшін сүруі керектігін түсінді. 
Ұлы он екіге келіп қалды. Кәдімгі жігіттер құсап ауыр сөмкелерді 
көтеріп, көмектесіп жүреді. Тіпті анасының киім киісіне, боянуы-
на қарап та кеңес бергісі келетін. Қызы біріншіге барған соң анасы 
да мектептегі жұмысына барды. Анасына қуаныш сыйлап, балалары 
жақсы оқыды. Өз басының қанағатын енді ұмыта бастап еді. Тағдыр 
аяқ астынан өмірін өзгертіп сала берді. 
Үйде оқушылардың дәптерлерін тексеріп отырған болатын. Теле-
фон шырылдады, Салиха тұтқаны көтерді. 
– Әлеу!
– Айдынды шақырыңызшы... 
– Сіз ол нөмірге түспедіңіз... 
Телефон қайта шырылдады. Тағы сол дауыс. 
– Айдынды шақырыңызшы... 
– Мен сізге айттым ғой, ол нөмірге түспедіңіз... 
Тұтқаны қойғаны сол еді, қайта безілдеп қол берді. 
– Мен сізге мұнда ешқандай Айдын жоқ, ол нөмірді дұрыс алма-
дыңыз дедім ғой... қандай нөмірді тердіңіз?
Жағымды еркек даусы нөмірін қайталады. 
– Тура осылай тердіңіз... 


9
Тіршілік
– Кешіріңіз... 
Атқарып отырған жұмысының мазасын алғанына көңілі қобалжыған 
әйел абдырап отырып қалды. Тағы телефон бебеуледі. «Тағы сол бо-
лар» деп ойлаған Салиха ашумен жауап қатты. 
– Әлеу... 
Тұтқаның арғы жағында тұрған адам үндемей қалды. 
– Бұл сіз бе? – деді Салиха. 
– Ия, мен... 
– Телефон станциясындағылар дұрыс қоспай тұрған болар, – деді 
әйел. 
– Енді не істесем екен?.. 
– Онда сіздің Айдынның телефонын айтыңыз. Мен оған сізге хабар-
лас деп айтайын. Атыңыз кім?
– Айқын. 
– Ол сізді біле ме?
– Ия. Ол менің туған ағам. 
– Жақсы. Сізді Айқын іздеп жатыр деп айтамын. Қандай телефон?
– Менікі ме?
– Жоқ-а, сіздікін неғыламын? Айдынның телефоны... 
Сонан соң келіншек Айдынның телефонын алып, жазып алған 
нөмірге соқты. 
– Сізді ініңіз іздеп жете алмай жатыр. Телефон соғыңыз. 
– Сіз кімсіз?
– Мен байланысшымын... 
Салиха тұтқаны қойды. Қайтадан тынышталып, жұмысына кіріскені 
сол еді, тағы шырыл естілді. 
– Көп рахмет сізге, – деді Айқын. 
– Жақсы... 
– Атыңыз кім? – деді жігіт. 
– Оны неғыласыз?
– Жәй, сізге үйреніп қалдым. Даусыңыз сондай жағымды екен... 
Салиха жымиды. 
– Көріссек қайтеді? Мысалы киноға кіріп дегендей... 
– Сіз мені қайтып танымақсыз?
– Сіз қолыңызға газет ұстап тұрыңыз. 
Шынында зерігіп отырған әйел көрсем көре салайын деген оймен 
келісім берді. 
– Сіздің жасыңыз қаншада? – деп сұрады Салиха. 
– Жиырма алтыдамын. 


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет