Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет5/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
«Ойбай-ау, мен одан әжептеуір үлкенмін ғой... әй, жарайды, 
тұрмысқа шығайын деп жатқан жоқпын ғой, киноға бір барғаннан 
ештеңе болмас» деп: 
– Онда былай, менің мойнымда алқызыл мойынорағыш, қолымда 
қызыл сөмке болады. Егер сыртқы түрім сізге ұнамаса үндемей өтіп 
кетіңіз... 
– Сіз маған әлден, көрмей-ақ ұнап тұрсыз... 
Кинотеатрдың алдына келген әйел айтулы уақыттан жарты сағат 
артық тұрды. Яғни оған ұнамағаннан кейін өтіп кеткен болуы керек. 
Ой ұшқыны жалт етіп үлгермей-ақ жігіт қолынан ұстай алды:
– Кешірім өтінемін, тосқызып қойғаным үшін. Киноға кешігетін 
болдық... 
Тура бір ежелгі танысындай келіншекті қолынан жетелей жөнелді. 
«Сұлу жігіт екен, мені әншейін ермек еткісі келетін болар», – деп ой-
лады Салиха. 
Айқын – ауқатты, зиялы отбасында өскен жігіт. Беделді, белді 
қызметте жұмыс атқаратын ата-анасы оған сай келетін әдепті, әдемі 
қыз іздеп жүрген болатын. 
Ал, Айқын болса қараңғы ғимараттың ішінде отырып, келіншекті 
ұната түсті. Барлай қарап, әбден есі кетіп, көңілі әр нәрсеге ауды. Сол 
ауған көңіл ұзаққа созылды. Мұндай өзі жас, өзі өңді жігіт табыла кетеді 
деген Салиханың санасына сіңбеген еді. Енді міне, аяқ астынан тағдыр 
махаббат сыйлады. Салиха мұғалімдер бөлмесінде отырғанда теле-
фон шалады да, егер тұтқаны сүйікті әйелі ала қалса немесе шақырып 
алып; «Айдынды шақырыңызшы...», – дейтін. Сонан соң небір асыл да 
әдемі сөздерді айта жөнелгенде келіншек бақыттан жарылып кетуге 
аз қалатын. 
Айналасындағылар байқап қоймады ма дегендей, күлкі ізін жасы-
рып, салқын ғана « Ілтипатыңызға рахмет!» – дейтін. «Бір іспен сөйлесіп 
жатқан шығар деп ойласын айналасындағылар. Махаббат деген іс емей 
немене? Бұл адам өміріндегі ең басты іс әуелі». Тіпті күйеуінің өзін та-
стап кеткеніне риза болатын, мұндай махаббатты сезінбей қалатын 
едім-ау деген қорқыныш бойын кернейтін. 
Қоңырау соғылады. Қолына журналды ала салып, әлгідей әңгіме-
ден кейін жұмбақ жымиып, оқушыларына бет алатын. Махаббатың 
құдіретті күші оны шабыттандырып, бір әдемі әуенді есіне алады. 
Мектепте жеке дауыста хордың шумақтарын орындағанында осын-
дай бір елпілдеген, рахаттанған сезімде болушы еді. Міне, дәл солай 
шырқатып ән салғысы келді. Көңіліне әбден желік кірген әйел терезе-


11
Тіршілік
ден өзін күтіп тұрған көңілдесіне көзі еріксіз түседі. Сабақты жүргізе 
алмайтын дәрежеге жетті. Тастап кете алмайды, тәртіптің аты тәртіп. 
Жұмыссыз қалуы мүмкін. Кінәсіз балаларға өзіндік жұмыстар істетіп 
қоятынды шығарды: «Өздерің білетін құстардың суретін салыңдар... 
немесе «Мен жазды қалай өткіздім...» деген тақырыпқа шығарма 
жазыңдар», – дейді. 
Қайтадан терезеге келеді. Қашықтықта тұрса да көзбен көз 
ұшырасады. Осы екі ортадағы қуаттың күштілігі сонша – ұшып жүрген 
жәндіктер тап келсе соған өліп қалатындай. 
Кешкісін күндізгі махаббаттан шаршаған Айқын Салиханың ба-
лаларымен ойнайтын. Қызы әкесін білмегендіктен оны әке орнына 
қабылдап, еркелейтінді шығарды. Осылай өмір өтіп жатты. Кейде-
кейде Салиханың таныстарына қонаққа барады. Айқын өз ортасына 
апармайтын. Өйткені заңды некелі әйелі емес... Бірақ соншама жақын 
болды, бірге ішіп-жеді, бірге ұйықтады, бірге ойлады ешкім, ешқашан, 
ешқандай жағдаймен ажырата алмас... 
Махаббаттың жолына тосқауыл болатын бір нәрсе – жүктілік. Сон-
ша зарыға күткен махаббатың айқара құшағына енген әйел ондай 
қауіптің барын ойланбайтын, бәрін ұмытатын. «Алдыртып тастай-
мын», – деген әйел сөзіне Айқын:
– Алдыртпасаң қайтеді, тағы бір баламыз болатын еді... Мені 
ұрпақсыз қалдырмақсың ба?, – деді. 
Салиха өз санасы жетпей, ой шарық ұрып, не тоқтамға келерін 
білмей анасынан ақыл сұрады. Ол:
– Екі бала жетеді мына заманда. Туу туралы ой да болмасын. Шата 
баланың шатағы көп болады. Ол өмірде дәлелденген. Бүгін бар да 
алғызып таста, – деді. 
– Мен оны сүйемін... 
– Сүйсең қайтейін... Сен некеде тұрған, ата-анасының батасын алған 
келін емессің... Сен ойнасысың... Ондайларды «жәлап» деп атайды... 
Анасының бет-жүзге қарамай айтып салатын мінезін біле тұра 
бұл жолы қатты ренжіді. «Ол әйел бақытын түсінбейді. Оның ойын-
ша төлқұжатта мөр болса, бірге тұрса болды. Әкемнің өмір бойғы 
көрсетіп келе жатқан қорлығына – ішеді, ұрады, қыдырады – шыдап 
келеді. Сондықтан ол мені түсінбейді...»
Қаншалықты жан дүниесі өре түрегелгенімен іштегі тіршілік иесіне 
қол салғызды. 
– Қалай ғана адам өлтіруге дәтің барды?!


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет