Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет10/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
– Жәрәйды, қойыңызшы... Пәтеріңізді саттыңыз... 
«Ешкімге ештеңе айтпаған едім ғой, қайдан біліп қойды?»
– Жоқ, бермеймін... Мен елудемін. Құр қалта қалғым келмейді. 
Ауру-сырқау бар дегендей... Мені кім қарайды?
– Бізбен тұрып жүрсіз ғой... сізді ешкім қуып жатқан жоқ... Отбасы-
на өз үлесін қоссын дегенім ғой... 
– «Жоқ» деген сөзді түсінесің бе?
– Жақсы... жоққа сот та жоқ... 
Үндемей әжетханаға кетіп қалған келіні аздан кейін қызара бөртіп, 
төсегіне зорға жетіп, құлай кетті. 
Салиха бұл әжетхананың не сиқыры бар екен деп тексерсе, су жи-
налатын жеріне бір бөтелке арақты тығып қойған екен... 
Кешкісін ұлы келген соң. 
– Сенің әйеліңнің ішетінін білесің бе? – деді. 
– Білемін... 
– Дені дұрыс әйел таба алмадың ба?
– Кеш болып қалды. Ұлым дүниеге келді... 
– Енді не істейміз?
– Баламды ішетін шешемен жібергім келмейді. Оны да тастай ал-
маймын... 
– Неге?
– Аяймын. Сонан кейін не болады?
– Өзіңді аяуың керек. Сенің өмірің не болады?
– Яғни сондай тағдыр... 
Салиха үйдің шаруасын реттей бастады. Кірсең шыққысыз етіп 
жайлылық жасау, дастарханның берекесін келтіру, дәмді ас дайындау, 
оның сәнін келтіріп алдыға беру сияқты жайларды тамаша меңгерген. 
Осысы үшін де Айқын бәлен жыл соны айналшықтап шыға алмаған... 
Ескі-құсқыдан арылып, жайнап сала берген үй-ішін көрген келіні де 
өзгеріп қалды. 
– Мен осы үйге тіркелуім керек, – деді ол келініне. 
– Қайда?!
– Осы үйге, менің ұлымның үйіне... 
Егер білгіңіз келсе, сіздің ұлыңыздың бұл үйге еш қатысы жоқ. 
Менің әкем сатып әперген... Бұл бір... 
– Ұлым осында тіркелген ғой... 
– Екіншіден, сіз тіркелсеңіз бір бөлме сізге тиесілі болады. Ал, мен 
олай ете алмаймын... Егер сіз ұлыңыз екеуміз дұрыс өмір сүрсін десеңіз 
ақшаңызды беріңіз. Сіз бермейсіз... сондықтан тұрғыза алмаймын. 


21
Тіршілік
Әр бұрышта майда-шүйде сатып жүрген баласы бір контейнер 
қойып алсам, дұрыс сауда жасасам, табыс көбейер еді деп емеурін 
білдірген соң қолда бар қаржысының жартысын берген болатын 
келініне көрсетпей. 
– Бір үш-төрт айда қайтарамын, – деді ол. 
Ал қалған ақшасын мың салсаң бірнеше есе ғып қайтаратын бір 
компанияға салды. Ақша қайтаратын уақытты күтіп жүргенінде ол 
компания халықты алдап, жерге қаратып, шетелге кетіп қалыпты. 
Ұлының жаңа қойған сауда орнын бәсекелестері өртеп жіберіпті. 
Сондай сәтсіздіктерден кейін үй ішіндегі қайшылық ұлғая түсті. Келін 
қабағын ашпайды, үйіне келіп кіріп алған, ақшасын бермей қойған 
енесі көз алдында сүйелдей болып тұрып алды. Қабағын ашпаудың 
соңы ене мен келіннің жұлысып тынуына әкелді. Балалардың төбелесіп 
қалғаны түрткі болды. Келін ұлына, бұл жиен немересіне жақтасты. 
Ақыры бірінің шашынан бірі ұстап тұрған екеуін ұлы ажыратты. 
Әйелін балконға сүйреп апара жатқан баласын көрген Салиха жан 
дәрмен келінге болысуға ұмтылды. Ашу үстінде лақтырып жіберсе 
өмірі түрмеде өтпей ме?!
Оқиға қылмыссыз аяқталды. Салиха түнімен көз ілмеді. Өзінің бұл 
үйге симайтынын түсінді. Ұлы үшін уайымдады. Ішетін әйел, тірлігі күл- 
талқан. Ашудан бірнәрсеге ілігіп кетер ме?... Жиен қызды шешесіне 
апарып бермек боп шешті, өзі жалдануға жұмыс іздемек болды да, 
азын-аулақ жол қаражатымен кетіп қалды. 
«Жетім бұрышқа» барып күні бойы тұрып, енді үмітін үзіп, қайда 
барарын білмей тұрғанында әлде бір жаңа қазақ үй шаруасына әйел 
іздеп жүргенін айтып еді, бес-алты адам оны қаумалап алды. Оның көзі 
жинақы, сүйкімді жүзді, оқу-тоқуы барлығы білініп тұратын Салихаға 
тоқтады. Сөйтіп, құдай қолдап, далаға қалмаған әйел үй жинаушы 
болғанына риза болды. 
Бұл бір ірі банк қызметкерінің үйі екен. Үй жинап, тамақтарын дай-
ындап, кішкентай еркетотай қызына қарап күні бойы жұмыс таусыл-
майды. Тамақтың сәнін келтіріп жасайтын Салиха оларға ұнап жүрген... 
Қолындағы толып жатқан азық-түліктен аздап-аздап қымқырып, 
қызына көмектеспек болып, жинап жүретін. Соны біліп қойған үй иесі 
әйел:
– Сізді мен жұмыстан қуамын. Барыңыз, – деді. 
– Мен жоғары білімді мұғаліммін. Ұры емеспін. Ендігі әрі қай та ла-
май мын, – деді жыламсырап. 
– Жоқ, сенімнен шықтыңыз, – деді бір сөзді әйел. 


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет