Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет11/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
Сонымен тағы жұмыссыз, әрі далада қалған әйел асылып өлмекші 
болды. Кейін суға кетпекші де болды. Алаңқайдағы құлап қалған 
ағаштың үстінде сарсылып отырған болатын. Өзінің қорғап-қоршап 
жүретін періштесі тағы көмекке келді. Қасына келіп отырған қысқа 
шашты, ажарлы, әйелге ығысып орын берді. Ол Ажар еді. 
Ажардың күйеуі, екі баласы бар. Күйеуі 25 жылғы бірлескен өмірден 
кейін опасыздық жасап, жасаңдау біреумен кетті. Ұлы шетелде. Қызы 
күйеуде. Өзі дәрігер болғандықтан негізгі сөйлесетіндері ауру адам-
дар. Солардың ауруларына қатысты әңгімелерді кейде тыңдаудан 
жалығады. Кешкісін жалғыз өзі үйге сыймай кетеді. 
Біраз отырған соң әйел тұрып, бұрылып кетіп бара жатты. Салиха 
әлде біреу түрткендей орнынан тұрып, әйелдің артынан жүрді. Қандай 
күш, қандай ой жетелегенін өзі де білмейді. Әйел бұрылды:
– Сіздің менімен барғыңыз келе ме?
Әйел үндемей басын изеді. Қайда барады, кімге барады, не үшін, 
не күтіп тұр оған бәрі бір болатын. Сөйтіп, жалғыздыққа мойынсұнған 
әйелдер бірігіп тұра бастады. 
Ажар шағын саяжай болған үйдің бір бөлмесінде, Салиха кіре беріс 
бөлмеде. Ажар тұрғанда әдемілеп жасаған столда таңғы асы дай-
ын тұрады. Жуынып-шайынып келген әйел тамақтанып, сонан соң 
жұмысқа кететін. Тыныштық. Таза үй,тамақ бар. Бәрін жинап, теріп, 
сериалдарды қарай отырып тамақтанады Салиха. Өзінің тамағына 
қарап отырып немере қызы не жеп отыр екен деп ойлайды. 
Сөйтіп отырған сәтте телефон безілдеді. 
– Алеу... 
– Айдынды шақырып жіберіңізші. 
– Қайдағы Айдын?! Қайдасың?
– Астанадамын. Баламды отаға әкеліп едім, қаржым жетпей тұр. 
Көмек көрсете аласың ба?
Салиханың көз алдына Ажардың шкафында жатқан ақша келе 
қалды. Сұрау керек екенін, берер, бермесін ойланбастан, жүрегіндегі 
махаббаттың ескі шоғы қайта қозып сала берді де: 
– Келемін. Әкелемін ақшаны... Орталық сауда үйінің қасында күт...,-
деді. 
– Сені қалай танимын?
– Сол баяғыдай... Мойнымда алқызыл мойынорағыш, қолымды 
қызыл сөмке. Егер ұнамсам үндемей өтіп кет. 
Айқын үндемей қалды. Артынша оның жылап тұрғаны білінді. Өзіне 
деген махаббатты бағаламағандығына ма, әлде көмек қолын созып 


23
Тіршілік
тұрған жанға деген ризашылығы ма оны әйел түсінбеді. Ойында тек 
Ажардың жинап жүрген ақшасын алу да, сүйіктісіне жету, мүмкін со-
дан кейін қайта табысудың сәті түсер деген ғана тіркестер болды. Өзін 
«жұмыстан қуып жібереді-ау, мүмкін милицияға ұстап береді-ау, тағы 
да далада қалам-ау» деген қиын ойлардың біріне де мойынсұнбай тек 
соған қарай ұмтылды. Уәделі жерде қарсы алған Айқын Салиханы тіпті 
құшақтамады да. Қолын созды. Ақшаны алып, қалтасына салды. 
– Қайтаруға тырысамын. Түбі мен саған қайтып келемін. Маған 
сенесің бе? – деді. 
Салиха басын шайқады. Үйге қайтып келе жатып өзі Ажармен 
танысқан алаңқайға келіп, сол құлаған ағаштың үстіне отырды. Көзі 
құмырсқаның илеуіне түсті. Әйтеуір әлдебір нәрселерді тасып жатқан 
құмырсқалар қыбыр-қыбыр. Біреуі әлі жетпейтін нәрсені домалатып 
әлек. Біреуі шама-шарқынша көтергенін әкетіп барады. Жер-ананы 
да Салиха осы құмырсқаның илеуіне ұқсатты. Әркім өзінің тағдырын 
жеңіл ме, ауыр ма арқалауда. Өмірдің соқпағы бірде тарылып, жүріп 
келе жатқандар жандалбасалап әзер өтеді, немесе өте алмай қалады. 
Енді бірде көк майсалы кең жол болып ашыла қалады. Сол соқпақпен 
тағдырдың нүктесі қойылғанша жүріп өту адам деген өмір иесіне сын 
екенін ол тағы бір түсінді. Тағы да тар соқпақ оны күтіп тұрды. Бірақ, 
сүйікті адамына қол ұшын бергеніне, оның баласы жазылып, бір сәт 
бақытты болуына көмектескені үшін қандай да болсын соққыға даяр 
болатын. 
Беймәлім тағдыр... 


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет